"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру - ұлт болашағының кепілі

Рухани жаңғыру - ұлт болашағының кепілі

Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі жан дүниесінің тазалағы, жақсылықтар  мен игі істер жасауға ұмтылуы. Рухани  жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі. Ұлттық болмысымызды сақтап қалу,білімге  баулу,  бәсекеге  қабілеттілікті арттыру осы бір бағытта қарастырылған. Елбасымыз рухани жаңғыру жолында бірнеше принциптерді ұсынған болатын. Сол принциптерді оқып шығып, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай,жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол осы рухани жаңғыру деген ой түйдім.

Рухани жаңғыру - жарқын болашаққа бастар жол. Барлық әлем біздің көз алдымызда өзгеруде. Жаңа кезең, жаңғырудың үшінші толқыны басталды. Әр ұлттың, әр елдің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан салт- дәстүрі, асыл ойлары мен бітім-болмысын сақтап қалу бүгінгі күні үлкен мәселеге айналып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында осыған қатысты маңызды бағдарламалар қамтылған. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан айырылып қалмау, жастарды  тәрбиелеп, олардың бойындағы патриоттық рухты ояту басты шарт болып отыр. Елбасы мақаласындағы «өмір сүре білу үшін өзгере білу керек, өзгере білмеген халықтар, тарихтың шаң-тозаңында қалады» деген сөзіне басты назар аударғанымыз жөн. Бұның барлығы еліміздің жаңаша өзгеруіне серпін беретін леп. Бұл бағдарлама тек бүгінгі өмір жолына шолу жасаған мақала емес, онда Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін нақты жоспар көрсетілген. Қазақстан әлем үшін бейбітшіліктің белгісі болып саналады. Рухани жаңғыру біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі десек артық емес.  

Жаһандық дәуірде, ең бастысы, қабілетті  жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады. Қазір білектің күшімен емес, білімнің  күшімен бақ сынасатын заман. XXI ғасыр - ілім мен білімнің ғасыры. Саналы ұрпақты тәрбиелеу – Елбасымыздың басты талабы. Тағы бір нәрсе ол мыңдаған жылғы тарихымызды, салт-дәстүрімізді ұмытпай, болашақта өскелең ұрпақтың  бойына сіңіруіміз керек. Бұрынғы ата-бабаларымыз бай болған. Олар ауыздан-ауызға тараған жыр – дастандарын, айтыстары мен  аңыздарын, бір-біріне жасалған қайырымдылық пен жақсылықтарын «Жақсының аты өлмейді, ғалымның  хаты өлмейді» деп ұрпақтарына  жеткізіп отырған. Рухани жаңғыру ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақпен туған жердің байланысын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру- ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Қоғамда интеллектуалдық ой-өріс болуы үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Ұлттық рух бар жерде рухани жаңғыру күш алады.

Рухани жаңғыруда Қазақстан елі үшін латын әліпбиіне көшудің маңызы зор. 2050 жылға дейін барлық кітаптарды латын әліпбиіне ауыстыру жоспарлануда. Бұл да біз үшін үлкен жетістік болар еді. 30 дамыған озық мемлекеттер қатарына ену үшін ең алдымен біздің рухани тәрбиеміз мығым болуы керек. Ойлап қарасам,мемлекет бұл қатып қалған дүние емес, мемлекет біздің ұлт болып сақталып қалуымыз. Жер бетінде өзінің территориясы, мемлекеті жоқ ұлттар қаншама. Осыдан-ақ, бәрі ата-бабаларымыздың арқасында деп білемін. Білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат еткен мемлекетімізді сақтап, қуатты елге айналдырсақ болғаны. Ал тіл жоқ жерде ұлт жоқ екенін ескерсек, осы рухани жаңғыру мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу тілімізді заман талабына сай форматтап, өміршең етудің бірден бір жолы. Уақыт бір орында тұрмайды. Заман талабына сай күнде жаңаруды талап ететін мына қоғамда жаңарудың маңызы жоғары. Қанша жерден алып мемлекет болып тұрсақ та тамырымызда бүлкілдеп соққан салт-дәстүрімізбен, ұлттық  болмысымызды жоғалтпай жаңғырумен бірге ұштастыру тәуелсіз еліміздің басты мақсаты.

Еліміздің  өркендеуі, алға қарай қадам басуы, дамыған елдердің қатарында болуы жастарға байланысты. Жаңа заман мәселесі жас ұрпаққа рухани патриоттық тәрбие беру. Ой - санасы дамыған, рухани бай адамды бала кезден бастап тәрбиелеу керек. Ел аузында «ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал ол ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Яғни,туғаннан баланың бойына ұлттық намыс, тектілік, рухани патриоттық құнды қасиеттерді  сіңіру басты рөл атқарады. Бала өз ойын анық жеткізе білу, технологияны еркін меңгеру, қазақ тілінде еркін сөйлеу, уақыттың  кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге қабілетті болуы керектігіне ерекше тоқталуымыз керек. Әрбір тұлға өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман  талабына сай қасиеттерді де игере білуі керек. XXI ғасырға лайықты тұлға болып  қалыптасуына байланысты білім беру жүйесінде "Цифрлы Қазақстан","Үш тілде білім беру" сияқты бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Біз, өскелең жастар - тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Рухани жаңғыру мақаласында қамтылған барлық жоспарды орындау бүгінгі буынның негізгі міндетіне айналуы тиіс.

Біз жаңа заман ағымына бейімделуге қабілеттілігімізді көрсете отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен түбегейлі жаңғыруына жол бастаймыз. Елбасымыздың ұсынып отырған бағыт-бағдарларына ере отырып мақсатқа жету жолында үздік нәтижеге жетеміз. Қазақ елі міндетті түрде Мәңгілік елге айналатынына сенімім мол. Әр азамат өзінің рухани  дүниесін байытып, ғылым, білім қуып, еңбектенгенде біздің  еліміздің болашағы зор болады деген ойдамын.

Жаңартылған күні: 16.02.2022 12:18
Құрылған күні: 16.02.2022 12:18

Текст