Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Сурет салу
Тақырыбы: «Шана»
Мақсаты: Үлгі бойынша заттық сурет салуда,шананың суретін салуда балалардың сызықтарды үйлестіре отырып бейнелеу дағдыларын қалыптастыру;түзу сызықтар сыза білуге,іскерлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Билингвизм: Қыс-зима, қар-снег, аққала -снеговик
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сурет салу,сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: Қағаз, түрлі –түсті акварел бояу.Ақ қағаздан салынған , қыйлған қардың суреттері.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
- Балалар бәріміз орнымыздан тұрып үлкен шеңбер жасайық. Балалар табиғатпен апайлармен амандасып алайық. Шаттық шеңбері Табиғатым тамаша,
|
Хормен айтады Табиғатым тамаша,
/Орындарына отырады./ |
Ізденуші қозғаушы
Рефлексивті коррекциялаушы |
Өте жақсы балалар. Орнымызға отырамыз.
Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар ? Олар: (Қыс, көктем, жаз, күз ) Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Кім шешуін табады? Аяз қысып өрнек сызып Терезені торлайды . Қарға омбығып , бат домбығып Балдырғандар ойнайды Кейде ұлып , кейде ысқырып Ұйтқып боран соғады Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Қазір жылдың қай мезгілі? - Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде көптеген өзгерістер болады, күн суытып аяз, боран болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнағанды жақсы көресіңдер . Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен ойнаймыз. Ендеше тақтадағы суреттерге қарайықшы . Тақтадағы қандай ойындар көріп отырсыңдар балалар шанамен ойнап жатыр , ақала жасапты. Аққаланы жасау үшін қарды дөңгелек үлкен,орташа және кішкентай дөңгелектер жасап бір-бірінің үстіне қойып жасайды екен. Балалар бізге қонаққа аққала келіпті. Аққаламен амандасайық. -Сәлеметсіңдерме балалар ? -Менің немін білесіңдерме? Өте жақсы балалар. Балалар менің мұрным неден жасалатынын білесіңдерме? Ал, сәбіз неге жатады? Сәбіз көкөністерге жатады Балалар білесіңдерме? Мен көкөністермен жемістерді жақсы көремін. Ал күн жылып қар еріп көктем шыға бастағанда мен әлсізденемін сондықтан күш жинау үшін дәрумендер жеу керекпін . Сол үшін мен дәрумендер еліне кетіп бара жатырмын. Балалар бірақ менің шанам сынып қалыпты. . Сендер маған шананың суретін салуға көмектесіңдеме. -Енді бәріміз, сәнді шананың суретін салып көрейік. Балалар біздер суретімізді салмас бұры қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік. Қылқаламмен жұмыс жасаған кезде қылқаламды ауызға салуга болмайды. Қылқаламның ұшын ғана субояққа батырамыз. Суды ішпейміз, төкпейміз. Жасалу жолдары: -Алдымен қарандашпен шананың суретін бастырып салып аламыз. Сонан кейін қылқаламмен шананың екі жолағын сызып аламыз, бұл шананың сырғанайтын табаны болады. -Жіңішкелеп қаламмен отыратын бөлігіндегі таяқшаларды сызып саламыз.Балалар сурет салған кезде қылқаламды аузымызға салмаймыз. Балалар жауып тұрған қардың суретін салып бересіңдер ме? - Дұрыс айтасыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық. Жүріңдер балалар Сырғанақ тебеміз Құрыспай, құрыштай Шынықсын денеміз Баяққа бау тағып Шаңғыңды майлап ал Биалай , малақай Бәрінде сайлап ал. - Енді балалар ойын ойнайық Д. о «Ойлан тап» (Қыс мезгіліне байланысты суреттерді тақтаға жапсырады) Ендеше қыс мезгіліне арналған тақпақтарымызды айтайық. 1. Нұрайым
3. Салихитдин
4. Асылайым
Жарайсыңдар балалар ! Қардың түсі қандай? Балалардың ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалау. Балалардың жауаптарын толықтыру,балаларды мадақтау,жұмыстарын бағалау,оқу іс-әрекетін тәмандау. - Көрдіңдер ме балалар қыс мезгілі қандай тамаша. Балалар аққала неше бөліктен тұрады?
|
Қыс, көктем, жаз, күз
Қыста.
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
Сәлеметсіз бе ?
Аққала
Балалар тақпақтарын айтады, балалар қуана келіседі.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Сәбіз
Қыстың күні көңілді Көп қызықты көреміз. Шығып алып далаға Сырғанақта тебеміз.
Қорықпаймыз аяздан Шымшыса да бетімді Аппақ қарды кешеміз Киіп алып етікті
Шанамызға мінеміз Мәз- мейрам болып күлеміз Жарасамыз бәріміз Жарасып тұр сәніміз.
Аппақ аппақ жапалақтап. Қар жауады тынбастан. Қалың орман қар жамылған. Маужырайды түнгі аспан.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілі туралы түсінік алды.
Игереді : Суретке әңгіме құрастырады |
Меңгереді: Қыс айларын меңгерді