"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ КОНФЕССЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ, Толеранттылық және дін

№ исх: 11726-1.4/16077   от: 30.10.2014

қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

 

МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан республикасының президенті

Нұрсұлтан назарбаев

КОНФЕССИяАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ,

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ және ДІН ТУРАЛЫ

 

 

 

 

 

Арнайы шығарылым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2014 ж.

УДК 323/324 (574)

ББК 66.3 (5 қаз)

        Қ18

Жобаның авторы және жетекшісі:

М.А. ӘЗІЛХАНОВ,

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі

 

Жауапты редакторлар:

Ғ.Н. Шойкин,

Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы, с.ғ.к.

А.П. Әбуов,

 Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, филос. ғ.д., профессор

 

Құрастырушылар:

Қ.Т. Қалилаханова,

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент, (РФ) ХПБҒА корр.мүшесі

Д.Б. Есенова,

Конфессияаралық қатынастар бөлімінің басшысы, магистр

М.М. Келесов, аға сарапшы

А.Т. Токмурзина, сарапшы

 

 

 

Қ18 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан   Әбішұлы Назарбаев конфессияаралық қатынастар, толеранттылық және дін туралы // Дәйексөздер жинағы. – Астана, МДХО, 2014.  – 43 б.

              

        ISBN 978-601-80503-2-9

 

Жинақта конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына көрнекті үлес қосқан Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан сөздері берілген.

            Қазіргі отандық тарихқа қызығатын оқырман, біздің мемлекетіміздің Басшысының мағынасы жағынан іргелі әрі терең сөздері, қазіргі көпұлтты және көп конфессионалды Қазақстаннның дамуының стратегиялық басымдығын осы жинақта табады.

            Берілген басылым мектеп және студент жастары, жалпы білім беретін мектеп оқытушылары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметшілер мен көпшілік оқырмандарға арналған.

 

УДК 323/324 (574)

ББК 66.3 (5 қаз)

ISBN 978-601-80503-2-9

  © Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2014                  

 

 

 

 

Қазақстанның діни конфессиялардың бір-біріне деген өзара сыйластығы олардың маңызды ерекшелігі болып табылады.

Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, дегенмен бұл жерде ешқашан фанатизм мен төзімсіздік болған емес.

Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқына қашанда айрықша толеранттылық, өзара сыйластық пен өзара жәрдемдесудің айрықша рухы тән еді. Бұл рухани дәстүр бүгінгі күні де сақталған.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                      Н.Ә. Назарбаевтың басқаруымен бірінші Дүниежүзілік рухани келісім Конгрессінде сөйлеген сөзінен,

1992 ж., қазан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конфессияаралық келісім  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

...Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!

Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан халқына Жолдауынан,

2014 ж.,  17 қаңтар

 

*****

 

 

...Біз сақтап және нығайтып отырған ұлысаралық және конфессияаралық келісім түбегейлі және кең ауқымда қайта құруларды қарқынды жүргізуге мүмкіндік берген іргетас болғандығына сенімдімін.

Ол саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы табыстарды қамтамасыз етті.

 

Қазақстан Республикасының                                                   Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,

2003 ж., 25 қыркүйек

 

*****

...Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі посткеңестік кеңістікте барынша табысты тәжірибелердің бірі ретінде мойындалған.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                       Н.Ә.  Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,

2003 ж., 25 қыркүйек

*****

 

 

...Съезге қатысушылар қазақстандық қоғамдағы рухани келісімнің деңгейін жоғары бағалап, біздің еліміздің конфессияаралық келісім аумағы және әлемдік діндердің өзара түсіністік көпірі болуға деген табандылығына қолдау білдірді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                       Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының X сессиясындағы баяндамасынан, 2003 ж., 23 желтоқсан

 

*****

 

...Қазақстан діни сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, конфессиялар аралық келісім мен діни теңқұқылық саясатын дәйекті жүргізіп келеді.

Бізде түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі қамтамасыз етілген, әрі діни экстремизмге қарсы дәйекті күрес жүргізіледі.

Астанада өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі еліміздің бітімгершілік әлеуетінің өсіп келе жатқанының айқын айғағына айналды.

 

Қазақстан Республикасының                                                   Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына Жолдауынан, 2005 ж., 16 ақпан

 

*****

 

...Қазақстандағы конфессиялар аралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі.

Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этностар аралық, конфессиялар аралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз.

Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла береді.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауынан, 2005 ж., 16 ақпан

 

*****

...Мемлекеттің өз адамдарының діни сезімдеріне деген сый-құрмет сезімі – біздің еліміздегі конфессияаралық келісімнің аса маңызды негіздерінің бірі.

 

Қазақстан Республикасының                                          Президенті Н.Ә. Назарбаевтың православиелік Рождествомен құттықтау сөзінен,  2006 ж., 7 қаңтар

 

*****

 

...Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізді мекен ететін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отыр.

Халқымыз осы заманғы және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсене орнатып жатыр.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті50 елдің қатарына кіру стратегиясына арналған сөзінен, 2006 ж., 1 наурыз

 

*****

 

...Біз барлық діндердің тең құқығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамассыз етеміз.

Біз Исламның басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы заманға сай зайырлы мемлекет орнатамыз.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан, 2006 ж., 1 наурыз

 

 

 

*****

 

 

 

...Ұлтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі – Казақстанның әртүрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпыәлемдік үрдісіне қосқан үлесі.

Бізді халықаралық ауқымда дәл осылай танығанын қалаймыз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінің ашылуында сөйлеген сөзінен,

2006 ж., 12 қыркүйек

 

*****

 

...Қазақстан өзінің нақтылы саясатында адамның ішкі бостандығы ғана конфессияаралық төзімділіктің шарты екенін басшылыққа алады.

Тап сондықтан да, тарихи тұрғыдан исламның мәдени материгінің бір бөлігі бола тұра, біз Қазақстандағы барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өркен жаюына кедергі келтірмейміз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  II Съезінде сөйлеген сөзінен,

2006 ж., 12 қыркүйек

 

*****

...Әлемде аталған тақырыпқа қатысты пікірталастар өте өткір күйінде қалуда, өйткені соңғы уақытта дүниежүзінде орын алып отырған оқиғалардың өзі сан түрлі этностық және конфессиялық дәстүрлер жағдайындағы тиімді мәдениеттер үнқатысуына қолдау көрсетуге негізделген қауіпсіздіктің жаңа парадигмаларын құру қажеттігін алға тартып отыр.

Біз қазіргі заманда, әсіресе, қыр көрсетулер мен қатерлер белең алған жаһандану тұсында тұрақтылықтың басты факторларының бірі саналатын төзімділіктің мән-мағынасы өсіп отырғанын мойындауға тиіспіз.

 

 

Сондықтан діндер арасындағы келісім мен этностық топтардың бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету ұзақ мерзімді қауіпсіздіктің маңызды басымдығы болып табылады.

 

                                Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.  Назарбаевтың ЕҚЫҰ кеңесінде сөйлеген сөзінен,

2006 ж., 12 маусым

 

*****

...Қазақ топырағы арқылы барлық әлемдік діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық немесе діни фанатизм сезімі бізге жат.

Осынау рухани дәстүр, Жаратушының қандай жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашықтығы – Қазақстандағы конфессияаралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі.

Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этностараралық, конфессиялараралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз.

Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла береді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаев өзінің ел халқына дәстүрлі Жолдауынан,

2008 ж., 6 ақпан

 

*****

 

...Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезі дүние жүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табу ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп есептеймін.

 

Қазақстан Республиканың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінен, 2009 ж., 2 шілде

 

 

*****

 

 

 

...Астана – бұл конфессияаралық келісімнің қаласы.

Бейбітшілік және келісім сарайы, мешіттердің мұнаралары, христиандық храмдар мен синагогалардың күмбездері, басқа дін өкілдерінің ғибадат үйлері қала архитектуралық ансамблінің және оның рухани өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналып келеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  III Съезінде сөйлеген сөзінен,

 2009 ж., 2 шілде

*****

 

...Этносаралық және конфессияаралық келісімнің азақстандық тәжірибесі посткеңестік кеңістікте барынша табысты тәжірибелердің бірі ретінде мойындалған.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  III Съезінде сөйлеген сөзінен,

 2009 ж., 2 шілде

 

*****

 

...Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде сөйлеген сөзінен,

2009 ж., 2 шілде

 

*****

 

...Осы жылдар ішінде, Батыстағы кейбір сәуегейлердің пессимистік болжамдарына қарамастан, елімізде ұлтаралық, дінаралық келісім берік орнығып, қоғамның тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ОТАН» партиясының кезекті тыс республикалық VIII Съезінде сөйлеген сөзінен,

 2009 ж., 9 қыркуйек

*****

...Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы мақсаты – Еуропа мен Шығысты жақындастыру.

Соның нәтижесінде біз бір-бірімізді артықша түсінетін боламыз, Еуропалық қоғамдастықпен Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық татулық тәжірибесімен бөлісеміз.

 

Франция Президенті Николя Саркози мен Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың кездесу барысында

сөйлеген сөзінен,

2009 ж., 6 қазан

 

*****

...Біздің ұлтаралық және дінаралық келісімнің моделі – бүкіл әлемдегі түрлі конфессиялар арасындағы қарым-қатынас ісіне Қазақстанның қосқан қомақты үлесі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық міндетіне кірісуі кезінде сөйлеген сөзінен,

 2010 ж., 24 ақпан

 

*****

 

...Қазақстанда діни себептерге байланысты кикілжің ешқашан болған емес.

Біздің Астана жаһандық дінаралық диалогтың орталығы ретінде әлемге белгілі.

Біз үш рет Әлемдік және дәстүрді діндер көшбасшыларының съезін өткіздік.

Осылайша Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді жүйесі қалыптасты».

 

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқы Ассамблеясының X сессиясында

 сөйлеген сөзінен, 

2010 ж., 20 қазан

 

 

 

*****

 

...Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар,  православтер,  католиктер, протестандар, буддистер, иудейлер сияқты көптеген дін өкілдерінің бірлікте, бейбітшілікте, конфессияаралық келісімде өмір сүріп келе жатқан мемлекет.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының

XVII сессиясында сөйлеген сөзінен, 2011 ж., 18 ақпан

 

*****

 

...Дін аралық келісім – бұл біздің халқымыздың бірлігінің негізі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың  IV сайланған Парламенттің

V сессиясында сөйлеген сөзінен,  2011 ж., 1 қыркүйек

 

*****

...Тарихи тұрғыдан ислам, христиан және иудаизм өзара бір-бірімен жақын, біздің діндеріміз өзара тәуелді және бірін-бірі толықтырып отырады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.Ә.  Назарбаевтың Ислам конференциясы ұйымда сөйлеген сөзінен, 2011 ж., 28 маусым

 

*****

 

...Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жұмысқа белсенді атсалысуы тиіс. Нақ осы Ассамблея мәдениетаралық үнқатысуды қалай дамыту керектігін көрсете алады.

Біздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту тәжірибеміз көптеген елдер үшін пайдалы болмақ.  

Оны кең-байтақ еуразиялық кеңістіктегі барлық қақтығыстан кейінгі қоғамда қолдануға болады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында  сөйлеген сөзінен, 2012 ж., 23 қараша

 

*****

 

...Қазақстанда  қазіргі уақытта шамамен 40 шақты діннің өкілдері өмір сүреді, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер

лидерлерінің IV Съезінде сөйлеген сөзінен,

2012 ж., 31 мамыр

 

*****

 

...Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен тағаттылықты нығай­туға бағытталған.

Бізде діни сенім бостандығына Конституция кепілдік береді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті 

Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу барысында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 25 ақпан

 

 

*****

 

...Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын.

Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында

сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір

 

 

 

*****

 

...Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері.

Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын.

Бұл біздің мәңгі құндылығымыз.

Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2014 ж., 17 қаңтар

 

 

*****

 

 

...Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2014 жылғы 17 қаңтар

 

 

*****

 

...Сонымен экстремистер әрекетінің белсенділігі де, қазіргі саяси режимдерді күштеп өзгерту идеясын ту етушілер мен аймақта күш қөрсетпеу принципін, конфессияаралық келісімді және саяси тұрақтылықты қолдайтындар арасындағы сан сапалақ қарулы қақтығыстар да, бұл өңірде қоғамның жалпы тұрақсыздауына ұласып кететін ішкі де, сыртқы да алғышарттардың бар екенін айқын айғақтай түседі. 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабынан

(95 бет)

 

 

*****

 

 

 

...Сондықтан бұл тұрғыдан келгенде, шырық бұзар идеяларды импорттамайтын, айтарлықтай орнықты Қазақстан үшін, елдегі конфессияаралық келісімге аздап көлеңке түсер болса, оның өзі, ең алдымен діни экстремизмнің экспортынан болмақ.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл»

кітабынан (97 бет)

 

 

*****

 

 

...діни экстремизімге қарсы әрекетке, әрі осы құбылыспен ашық күреске тікелей қатысы бар шаралардың жүйесі ретінде қарау керек, әрі конфессиаралық келісім мен ұлтаралық орнықтылық режимін ширату жолындағы тікелей емес, жанама шаралар ретінде қараған жөн.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабынан

(101 бет)

 

*****

 

...Елде бүгінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы қызу жүзеге асырылуда.

Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, татулық, бірлік тұрақтылық оның негізгі басымдықтары болып саналады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың  XII Еуразиялық Медиа Форум қатысушыларына құттықтау сөзінен, 2014 ж., сәуір

 

 

* * * * *

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

...Қазақстаннның тек көп ұлтты ғана емес, сонымен бірге көп дінді мемлекет екенінін де елеулі маңызы бар.

Мұсылмандармен қатар, ал еліміздегі халықтардың 60 проценті өздерінің соған қосады, мұнда православиеліктер, протестанттар, буддашылар, католиктер, дүниежүзілік басқа да діндердің өкілдері өмір сүреді.

Бұл қоғамдық-саяси тұрақты жағдайды сақтауға көмектесетін елеулі фактор. Өйткені, барлық діндердің негізінде шын мәнінде бірдей имандылық принциптері адамдарға деген сүйіспеншіліктері қылықтарды айыптап, жолдан тайғандарға кешірім жасау, басқа ой-пікірлерге шыдамдылықпен қарау жатыр.

Басқаша айтқанда, ұстанған дініне қарамастан республикадағы барлық дінге сенушілер бірдей тең, иманды және бейбітшілік сүйгіш жандар.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының I сессиясындағы баяндамасынан,

1995 ж., 24 наурыз

 

*****

 

...Осы жылдардың ішінде діндердің бейбіт үйдесуі тұрғысында жинақтаған тәжірибеміз – Казақстанда құндылықтар мен низамдардың біртұтас жүйесін қалыптастырудың берік негізі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассмблеясының VII сессиясындағы баяндамасынан,

2000 ж., 15 желтоқсан

 

*****

 

...Менің пікірімше, біздің бәріміздің ассамблея жанынан дін басыларының кеңесін ұйымдастыру мәселесін ойластыруымыздың артықтығы жоқ.

 

 

 

Оның басты нысанасы діндарлардың бойында заңға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу, діни қауымдастықтар арасындағы үндесу мен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты күшейту, татулық пен келісімге қол жеткізуге, қоғамдағы азаматтық бітімшілікті нығайтуға белсене қатысу болуы керек.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті                                      Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассмблеясының VII сессиясындағы баяндамасынан,

2000 ж., 15 желтоқсан

 

*****

 

...Қазақстаннның үлгісі конфессиялардың өз арасындағы мемлекет тарапынан бастамашылыққа ие болып, қолдау тауып отыратын ұдайы үн қатысудың негізінде ың-шыңсыз, қатар өмір сүрудің мүмкін екенін айқын көрсетеді.

 

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының X сессиясындағы баяндамасынан,

2003 ж., 23 желтоқсан

 

*****

 

...Христос дініндегі шіркеулердің сан түрлілігі Қазақстанға тән конфессияаралық толеранттықты ашып көрсетіп тұр.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының X сессиясындағы баяндамасынан,

2003 ж., 23 желтоқсан.

 

*****

 

...Осы заманғы дүниеде өмір сүру дегеніміз – ашық болу және басқа халықтарға, мәдениеттер мен діндерге төзімді болу.

Ата-аналар кішкентай кезден-ақ балаларды адамға деген сүйіспеншілікке баулуы керек.

Бұл көзқарас Қазақстанның саясатына толық сай келеді.

 

 

Біздің балаларымыз жаһандық дүниеде өмір сүретін болады, олар кейін түрлі елдерде болғанда ол қандай күйде болса, сол күйінде көреді. Олар оны ұлттар мен нәсілдерге, дінге бөліп жатпайды.

Міне, сондықтан да балаларды интернационализм рухында тәрбиелеу қажет. Мен мұғалімдер мен тәрбиешілерді, барша қазақстандықтарды осыған шақырамын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының X сессиясындағы баяндамасынан,

2003 ж., 23 желтоқсан

 

*****

 

...Діни төзімділік, келісім мен ынтымақтастық принциптерін біз өзіміздің сыртқы саяси қызметімізде де ұстанамыз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,

2003 ж., 25 қыркүйек

 

*****

 

...Бiз, сондай-ақ дiни төзiмдiлiк хартиясын әзiрлеуге алғашқы қадам жасай аламыз.

Бүгiнгi таңда дiндердiң бейбiт қатар өмiр сүруi қағидаттарын жай ғана жазып қоятын емес, сондай-ақ олардың арасында сындарлы үнқатысудың қажеттiлiгiн дәлелдейтiн құжат аса қажет.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,

2003 ж., 25 қыркүйек

 

 

*****

 

...Бiз барлық конфессиялар дiн арқылы бейбiтшiлiктi, төзiмдiлiктi, шыдамдылықты, келiсiм мен адам сүйгiштiктi уағыздайтынына тағы да бiр рет айқын көз жеткiздiк.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,

2003 ж., 25 қыркүйек

 

*****

 

...Біз əркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мəртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2005 ж., 16 ақпан

 

*****

 

...Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізді мекен ететін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отыр.

Халқымыз осы заманғы және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсене орнатып жатыр.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2006 ж., 1 наурыз

 

 

*****

 

 

 

 

 

 

...Біздің шекара мәселесін оң шешкеніміз көп нәрсенің түйінін тарқатты. Көршілерімізбен қарым-қатынасымыз дұрыс жолға қойылған.

Осының барлығы бүгінгі Қазақстанның жолы.

Демек, тұрақтылықсыз жөнді даму жоқ. Қазақстан халқы бүгінгідей күрделі кезеңде бұған дейінгі сияқты ішкі татулықты сақтауға үлес қоса берулері керек.

Ұлтаралық келісім, дінаралық төзімділік - біздің басты байлығымыз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 Н.Ә. Назарбаевтың республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатынан,

2008 ж., 17 қазан

 

*****

 

...Осы заманғы әлемде ұлттық бірлік ортақ мемлекетті бірлесіп құру, толеранттылық, азаматтық және осы елдің мемлекеттік тілін мін­детті түрде білу секілді шарт­тармен анықталады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының

XV сессиясында сөйлеген сөзінен, 2009 ж., 27 қазан

 

*****

 

...Тереңге тамыр тартқан толеранттылық дәстүрлерінің арқасында еліміз жаһандық діндер ұнқатысуы ұйымдастырылатын орынға айналды.

Үстіміздегі жылдың шілдесінде Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті үшінші съезі өтеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Пасха мерекесімен құттықтау сөзінен, 2009 ж., 18 сәуір

 

*****

 

...Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде сөйлеген сөзінен, 2009 ж., 2 шілде

 

*****

 

...Біз үшін біздің қоғамымыздың – толеранттылық, дәстүрлерді құрметтеу, сенім мен өзара түсіністік тәрізді басты құндылықтарын паш етудің таңғажайып мүмкіндігі тұр.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ Саммитін 2010 жылдың                   1-2 желтоқсаны күндері Астанада өткізу туралы шешімнің қабылдануына байланысты мәлімдемесінен,

2010 ж., 5 тамыз

 

*****

 

...Қазақстандықтар елдегі тыныштық пен толеранттылықты бағалауы тиіс. Елдегі толеранттылық пен тұрақтылықтың арқасында Қазақстан көп табыстарға қол жеткізді, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда, экономиканы дамытып, барша әлемге танылып келеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Ақордада саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен болған кездесудегі  сөзінен,

2010 ж., 27 мамырдағы

 

 

 

 

*****

 

 

 

 

...Біз барлық мұсылмандардың бір-біріне және өзге діннің барлығына деген төзімділігі, байыптылығы және танымдылығы негізінде бірігуін жақтаймыз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлігі кеңесінің 38-ші сессиясының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен,

2011 ж., 28 маусым

 

*****

 

...Қазақстанда мұсылмандар мешіті, христиандар шіркеулері мен иудейлер синагогы бейбіт көршілестік қатынаста, сіздердің барып, көрулеріңізге де болады.

Сонымен қатар 130-дан астам эностар тату-тәтті өмір сүруде. Бұл біздің еліміздің бейбітшілік пен толеранттықты насихаттауға іс жүзінде қосқан үлесі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлігі кеңесінің 38-ші сессиясының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен,

                     2011 ж., 28 маусым

                

*****

 

...Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі ұстанымдарын қастер тұтуымыз керек.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 Н.Ә. Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» «Стратегиясы –

қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауынан, 2012 ж., 14 желтоқсан

 

 

*****

 

 

...Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.

 

 Қазақстан Республикасының Президенті

 Н.Ә. Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» «Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауынан, 2012 ж., 14 желтоқсан

 

 

*****

 

...Толеранттылық - ұран емес, ол біздің өмір салтымыз!

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2012 ж., 14 желтоқсан

 

*****

 

...Патриотизм, адамгершілік нормалары, өнегелік, ұлтаралық келісім, толеранттылық, дене және рухани саулық, заңға мойынсұнушылық – осы құндылықтарға барлық білім беру мекемелері баулуы тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2012 ж., 14 желтоқсан

 

*****

...Жиырма бірінші ғасырда толеранттылық дамудың, өсімнің және инновациялық экономиканың негізгі факторы болып келеді. Соңғы отыз жылда этно-мәдени алуантүрлілігімен ерекшеленетін елдер барынша табысқа қол жеткізді. Бүгінгі әлем осындай тәжірибені байыту мен дамытуды қажеттілік етеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.  Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіндегі сөйлеген сөзінен,

2012 ж., 30 мамыр

*****

 

...Діндер диалогы – бүкіл әлемде және әрбір қоғамда толеранттылыққа қол жеткізудегі жалғыз ғана жол.

 

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіндегі сөйлеген сөзінен,  

2012 ж., 30 мамыр

*****

...Ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы, БАҚ-тарда этносаралық қарым-қаты­нас­тар тақырыбын әдепті жазу ар­қылы, қазақстандықтардың құқық­тық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық біртектілікті, қазақстан­дық қоғамдағы толеранттылықты дамыту қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының

XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір

 

*****

...Қазақстанның этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдердегі брендіне айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір

 

*****

 

...Толеранттылық ұлттық құндылық және Қазақстан халқының игілігі болып табылады.

 

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір

 

*****

 

...Сондықтан қазақтардың толеранттылықты қалыптастыратын өзіне тән әлеуметтік-мәдени ережелерін, салттары мен дәстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық емес мәдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыру қажет.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір

 

*****

 

...Бүгінде біз бірлік пен толеранттылық біздің активіміз, елді жаңғыртуға салған біздің экономикадан тыс инвестицияларымыз деп сеніммен айта аламыз!

 

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір

 

 

*****

...Біздің Ұлы Дала мыңдаған жылдар  бойы толерантты, яғни тағатты болды.

Сонымен бірге мен толеранттылықтың, кейбіреулер ойлайтындай, ойыңа келгенді істеу емес екенін де атап көрсеткім келеді.

Толеранттылық – өзіміз нығайтып, сақтайтын және бүкіл ұрпақты тәрбиелейтін біздің қоғамымыздың парасаттылық қалыбы.

 

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір

*****

                                                                                   

...Қазіргі заманғы қазақтар ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетуі тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір

 

*****

...Біз өзіміздің жиырма жылдық тәуелсіздігімізде бірлігімізге сызат түсірмей, ымыра-бірлікте өмір сүрдік.

Алдағы уақытта да осы бетімізден қайтпайтын боламыз.

Біз көпұлтты халықпыз және осыны мақтан етеміз. Осы уақыт аралығында 130 ұлт өкілдері діни қақтығыстар, ұлттық және өзге де шиеленіскен себептер кезінде бейбіт ғұмыр кешуде.

Біздің қазақтың толеранттығы, түсіністікпен шыдамдылығы – бірліктің бастауы.

 

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында

сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 29 қараша

*****

 

...Біз теңдестірілген және қауіпсіз, көпполярлы және толерантты әлемді қолдаймыз.

Бұл құндылықтарды партия өзге елдердің рухы мен көзқарастары бойынша жақын саяси партияларымен байланыстарды кеңейте отырып, парламентаралық және халықаралық қызметінде алға бастыратын болады.

«Нұр Отанның» ХХІ ғасырдағы ұзақ мерзімді көшбасшылығының міндеттері осындай.

 

Қазақстан Республикасының Президенті,

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы

Н.Ә. Назарбаевтың партияның XV Съезінде

сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 18 қазан

 

*****

...Қазақстанда дін өкілдерінің өзара құрметі мен түсіністігінің игі дәстүрі қалыптасты, ал бұл – ұлы игілік.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»

атты кітабынан, (186 бет)

 

*****

 

...ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі.

Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз!

Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.  Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2014 ж., 17 қаңтар

 

*****

 

...Бұл қасиетті даталар бәріміз үшін адамға деген ұлы сүйіспеншіліктің тағлымы болып табылады. Олар біздің өмірімізді, жүрегімізді рухани күшке, сенім мен үмітке, қайырымдылық пен төзімділікке толтырады.

Барлық әлемдік діндер бейбітшілдікке, жанашырлыққа және толеранттыққа үндейді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.  Назарбаевтың қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтау сөзінен, 2014 ж., 14 сәуір

 

*****

 

...Мемлекеттің зайырлылығы Қазақстанда бар барлық діндердің ұлы рухани мұраларына құрмет көрсетуден, әркімнің таңдау еркіндігінен арқаулық табады.

Конфессияаралық толеранттылықтың мұндай ахуалы, сірә, әлемде еш жерде жоқ. Сонымен бірге, біздің еліміз зайырлы және дін мемлекеттен бөлінген.

Біз сондай-ақ діни ұрандар ұстанған экстремизмді, діни ілімдерді сырттан саясиландыруға деген талпыныстарды, біздің халқымызға біз үшін бөгде діни көзқарастар мен идеяларды күштеп таңуды барынша теріске шығарамыз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.  Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен, 2014 ж., 18 сәуір

 

*****

 

...Үшінші – Ассамблеяның өңірлік деңгейдегі құрылымдарын күшейту. Менің тапсырмам бойынша барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында кіші ассамблеяларды дамыту тұжырымдамасын қабылдау керек.

Ассамблея Хатшылығына Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында Достық үйлерін салудың барлық мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырамын.

Елордамыз Астанаға қатысты айтатын болсам, ол толерантты этносаралық қатынастардың лайықты үлгісі болуы

 

керек. Мұнда Тілдер туралы заңның барлық талаптары үлгілі орындалуы тиіс.

Атап айтқанда, жол инфрақұрылымы, қала көлігі, көшелер, даңғылдар мен өзге де қала нысандары толықтай заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулануы шарт.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен, 2014 ж., 18 сәуір

 

*****

 

...Біздің дініміз керемет, басқа діндердің керегі жоқ демеген жөн.

Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сыйлауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда мұсылманның діні де құрметтелетін болады. Дінге бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек.

 

Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен, дінмен мемлекет орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз деп жүргендер бар. Баяғы Мұхаммед пайғамбардың сахабалары тұсындағы, Әбубәкір, Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты қайтадан орнатамыз деген ұмтылыс жаулап алу ниетінен туған болатын.

Біз бұдан ажырап, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек. Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн.

Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау жеріндегі берген сұхбатынан, 2014 ж., 25 тамыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* * * * *

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДІН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ...Рухани әмбебаптықпен қоса, дін, сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастықтың жұмыс істейтін институты болып табылады. Ал, бұл – жер-жердегі және аймақтық қақтығыстар саны артып, олардың біразы этнодіндік мазмұнға ие болып отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызға ие. 

       Саяси үйлестіру әдістері іске аспай отырғанда, Құдай сөзі бітімгершілік пен үміттің жалғыз ғана құралы болып қалады...

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І Съезінде сөйлеген сөзінен,

2003 ж., 23 қыркүйек

 

*****

 

...Қазақстан үшін исламның рөлі недәуір және мұны түсіну ұлттық санамыздың маңызды мінездемесіне айналғалы тұр. Бұл әсіресе осынау ұлы дала гуманистік дінінің рөлі мен мәні ұзақ жылдар бойы бұрмаланып келгеннен кейінгі жерде өте маңызды...

Қазір Ислам әлемнің ең көп таралған діні. Онда да іргелі қағидаларды сақтай отырып, күделі реформалау үрдісі жүріп жатыр. Бұл ахуалдың ислам терең тамыр жайған елдердің ұлттық өркендеу үрдісінде зор рөлінің бар екендігін бағаламасқа болмайды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты  кітабынан, Алматы, 2003 ж

 

*****

 

...Қазақ топырағы арқылы барлық әлемдік діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық немесе діни фанатизм сезімі бізге жат.

Осынау рухани дәстүр, Жаратушының қандай жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашықтығы – Қазақстандағы конфессиялар аралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі.

Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этностар аралық,

 

конфессиялар аралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз.

Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла береді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2005 ж., 16 ақпан

 

*****

 

...Менің ұсынысым бойынша Рождество, сондай-ақ мұсылмандардың құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс күндері деп жарияланғанын Сіз білесіз.

Мемлекеттің өз адамдарының діни сезімдеріне деген сый-құрмет сезімі – біздің еліміздегі конфессияаралық келісімнің аса маңызды негіздерінің бірі.

Біз адамгершіліктің мәңгілік ақиқатына сүйене отырып, бір-бірімізді өзара құрметтей және қолдай отыра, ортақ үйімізде татулық пен келісімді сақтап қалдық. 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә Назарбаевтың православиелік Рождествомен құттықтау сөзінен, 2006 ж., 7 қаңтар

 

*****

 

     ...Сонымен бірге қоғамның да тұтастай алғанда кәдуілгі жайлардың өзіне діни сипат беретін кездері көп. Діндер арасындағы жанжалдар мен қарама-қайшылықгар делініп жүргендердің көбі мемлекет арасындағы, экономикалық топтар арасындағы, нақты саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді.

Дін – адамның ішкі жан-дүниесіндегі тылсым сөз, ал оны адамдар арасындағы қоғамдық келісім деп атап жатады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінде сөйлеген сөзінен,

2006 жылғы 12 қыркүйек

 

*****

 

 

…Біз Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін әрдайым мақтан тұтамыз. Бұл жетістігімізді әлем жұртшылығына үлгі етуге ұмтыламыз.

Біз жаңа мыңжылдықта да толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал етіп келеміз.

Астанадағы бүгінгі басқосу да біздің осындай табанды ұстанымымыздың бір көрінісі.

Сондықтан, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі дүние жүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табу ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп есептеймін.    

                                                    

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде сөйлеген сөзінен,

2009 ж., 1 шілде

*****

 

...Осыдан төрт жыл бұрын біз Құрбан айтты арнайы мереке ретінде жарияладық, сол уақыттан бастап бұл күн бүкіл мұсылман жамағаты үшін ресми мейрам ретінде тойлана бастады.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жетекші мұсылман елдерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Олардың басшылары да әлемдік мұсылман қауымдастығына тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қосылғанына ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетіп келеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауда сөйлеген сөзінен, 2009 ж., 27 қараша

 

*****

 

...Қазақстанда қоғам діннен бөлектенбегенін, сондықтан мемлекет осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуден қалыс қала алмайтынын атап өтті.

 

 

Осы ретте, діни сенім қоғамның рухани құндылығын дамыту, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу үшін пайдалануға қажетті орасан гуманитарлық әлеуетке ие және адамгершілік бастауларға негізделетінін ескеру маңызды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында сөйлеген сөзінен,

2010 ж., 26 мамыр

 

*****

 

...Өздеріңіз білетіндей, төзімділік, сенім, дәстүр – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты бағыты.

Осы мәнмәтінде біздер келесі ұсыныстардың қаралуын маңызды деп есептейміз. Біріншіден – төзімділік пен кемсітпеушілік мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ Орталығын ашу қажет

Екіншіден – этникааралық және дінаралық төзімділік мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ рөлін арттыруды қарастыру керек.

Мұндай институттың қызметі ЕҚЫҰ едеріндегі түрлі діни ұйымдар арасындағы диалогты реттеуге, жанжалдың алдын алуға, орын алған алауыздыққа шұғыл араласуға  жол ашады, және ұйымның бедел-абройын көтереді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ конференциясында

сөйлеген сөзінен,

2010 ж., 29 маусым

 

*****

 

...Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар,  православтар,  католиктер, протестанттар, буддистер, иудеилер сияқты көптеген дін өкілдерінің бірлікте, бейбітшілікте, конфессияаралық келісімде өмір сүріп келе жатқан мемлекет.

 

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында сөйлеген сөзінен,

2011 ж.,  18 сәуір

*****

…1991 жылы Қазақстанда небәрі 68 мешіт болатын, бүгінде олардың саны 2400-ге жуықтады.

Қашанда толеранттықты ту еткен біздің елде дін бостандығына барлық жағдай жасалған.

Тек өткен жылдың өзінде еліміздің 3 300 азаматы Мекке-Мединеге барып, қасиетті қажылық парызын өтеп қайтты.

Құт қонған қазақ елі сан түрлі дін өкілдерінің басын 3 рет қосып, бүкіл әлемдегі діндарлардың сауабын алды.

Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының құрылтайларын өткізу еліміздің игі дәстүріне айналды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының

IV құрылтайында сөйлеген сөзінен,

2011 ж., 25 мамыр

 

*****

 

...Егемендік арқылы ата дініміз өркен жайып келеді.

Біз Тәуелсіздік жоқ жерде діннің де болмайтынын таяу тарихымыздан жақсы білеміз.

Осы орайда тарихқа жүгініп, бір жайтты еске салғым келеді.

Діннің діңгегі – дәстүрімен берік. Өзгенің қаңсығы бізге таңсық бола алмайды.

Біздің ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салтымыз, дәстүрлі қалпымыз, ата-бабамыздан қалған айқын бағытымыз бар. Сол жолмен жүрген абзал.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен,

2011 ж., 15 желтоқсан

 

 

 

 

*****

 

 

 

...Біздің қоғамның тұрақты дамуының берік кепілі – мемлекетіміздің зайырлы қағидаттарын терең зерттеу болып табылады.

Дін – бұл  адамның жаны мен әдебінің аясы. Әрбір дін өкілінің уағыздайтын жоғары адамзаттық құндылықтары мемлекет тарапынан әрқашан қолданып, құрметтеледі.

 

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық XIX сессиясында

сөйлеген сөзінен,

2012 ж., 27 сәуір

 

*****

 

...Әлемде моральдық-адамгершілік дағдарыстың өрістеуіне тән белгі дінге сенетіндерді баса-көктеп қаралау оқиғалары, дінді әлеуметтік үдерістердің  жаға­лауына ығыстырып шығару әрекеттері болып табылып отыр.

Діни құндылықтарды қорлау фактілері көптеген елдерде, іс жүзінде,  барлық діндерге қатысты байқалып отыр.

Бұлардың қатарында қасиетті кітаптарды  көпшілік алдында өртеу, мешіттерді, храмдарды, синагогаларды және басқа да ғибадат орындарын қорлау мен өртеу, дін қызметкерлерінің беделін түсіру, діншілдерді соққыға жығу мен өлтірулер бар.

Бүгінде мұсылман әлемінде күрделі үдерістер жүруде. Мұнда экономикасы ырғақты және елеулі  әлеуметтік-саяси проблемалары жетерлік елдер бар.

Ислам – бұл адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары.

Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес. Осыған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес ,тіпті қатерлі де.

Біз олардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына қарамастан барлық қазақстандықтың жалпы ұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласын қалыптастырдық.

 

 

 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Сьезі -  бұл Қазақстанның бүкіл әлемге парасатты сыйы.                                                                 

                                                                                                     

Қазақстан Републикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидердерінің IV Сьезінің ашылуында

сөйлеген сөзінен,  2012 ж., 30 мамыр

 

*****

 

...Өкінішке қарай, әлемдік тәжірибеде қандай да бір діннің күшін ядролық қару қуатымен «нығайтуға» деген жал­ған тұжырымдар әлі де байқалуда.

Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан­ның кейбір «тілектестердің» кеңестері­нен және бірінші мұсылмандық ядро­лық держава болудың күмәнді абы­ройынан батыл түрде бас тартқанын еске сала кетпекпін.

Ядролық қару – адамзат үшін өз-өзіне ажал шақыру.

Ал суицидті тікелей Жаратушы алдындағы асылық ретінде әлемнің бүкіл діндері айыптайды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінен,

2012 ж., 29 тамыз

 

*****

 

...Тұрақтылық пен келісімді қамта­масыз ететін этносаралық және дін­аралық қатынастар институттарын дамыту өте маңызды.

Діни және этностық кемсітушілік, сондай-ақ осы негіздегі қылмыстар үшін жазалаудың заңнамалық шараларын қатаңдату қажет.

Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның рөлін одан әрі жоғарылатқан жөн.

Қазақстандықтар экстремизм мен радикализмді қабылдамайды.

 

Біздің азаматтарымыз қашанда саяси боссөзділік пен әлеуметтік алауыз­дыққа қарсы шығады.

Біз сіздермен бірге әлемнің түрлі түкпірлерінде саяси, ұлтаралық, діни жанжалдар болып жатқанын көріп отырмыз.

...ХХІ ғасырда олардан ешкім де сақтанбаған.

Және бұл жерде жеңімпаздар жоқ.

Мұндай жанжалдарда тек қайыр­шылыққа, күйзеліске, аштыққа, созылмалы азамат соғысы менорта ғасыр­ларға кері кетуге алып келетін жаман­дық қана жеңеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Назарбаев Университеті» студенттерінің алдында сөйлеген сөзінен,  

2012 ж., 5 қыркүйек

 

*****

 

...Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейімді болуға тиіспіз.

Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады.

ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс.

Бүгінде кез келген этносқа жататын немесе дінді ұстанатын қазақстандық – өз елінің тең құқықты азаматы.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2012 ж., 14 желтоқсан

 

*****

 

...Біздің тарихи таңдауымыз – зайырлы мемлекет пен қоғам. Бірақ зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді.

Зайырлы дегеніміз – ілгерішіл, бейбіт сүйгіш, толерантты, ашық қоғам.

 

Біз дәстүрлі діндерді қолдаймыз, бірақ кез-келген экстремизмді үзілді-кесілді теріске шығарамыз.

 

...Мен жастарды біздер үшін жат радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін. Біздің ұлы даламыз мыңдаған жылдар бойы төзімді болды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясында сөлеген сөзінен,

2013 ж.,  24 сәуір

 

*****

 

...Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы.

Діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен»  кітабынан, (101 бет)

 

*****

 

...Жалпы, екі заттан – діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей сақтанған жөн.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан,

(102 бет)

*****

 

...Дін – ұстараның жүзіндей нәзік нәрсе. Мұнда жаза басып болмайды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан,

(102 бет)

 

*****

 

 

 

...Дін – жаһандық дәуірі басталғанға дейін дүниеде гуманизм мен үндесу идеясын сақтаған және таратушы бірден-бір жаһандық құбылыс.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан, (104 бет)

 

*****

 

...Діни фанатизм нанымның кеңдігінен емес, шынайы діни мәдениеттің кемдігінен шығады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан,

(186 бет)

 

*****

 

...Өтпелі кезеңдегі қоғамдағы діннің орны мен қызметі – аса күрделі мәселелердің бірі.

Меніңше, оның бірыңғай шешімі жоқ. Әрқилы саятшылар дінге мүлдем керағар пікірлер тұрғысынан қараған.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабынан,

(155 бет)

 

*****

 

...Әлемдік ұлы діндер санатына жататын исламның маңызы қайта өсе бастады. Оның өркениеттік орасан зор мүмкіндігі – қазір жаппай мойындалғаны ақиқат.

Қазақстан – ислам діні кеңінен тараған әлемдік аймақтың ең теріскей шығыс шекарасының бірі.

Қазақстандағы миллиондаған мұсылмандар тоталитаризм ажыратып тастаған өз дініне қайтарып оралуға мүмкіндік алды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                        Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабынан,

(156-бет)

*****

 

...Қай діннің болсын адамгершілік қағидаларының негізіне жалпы адамзатқа ортақ мұраттар алынғаны бәріне де белгілі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздігіміздің бес жылы» кітабынан, (168 бет)

 

*****

 

...Біз тәуелсіздік жылдарында дінімізді қайтарып келе жатырмыз. Қазір қарап отырсаң, қазақтың еш уақытта дінінен айырылмағандығын көруге болады.

Дінге бас ұрып жүрген кезде біз діннің жаман жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен дін орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз дегендер бар. Мұхаммед пайғамбардың сахабалары Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты қайта орнатамыз деген – бұл жаулап алу мәселесі болады.

Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн.

Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек.

Сондықтан дінге бас иетіндер шын жүрекпен, әділеттілік үшін, имандылық үшін барса деп ойлаймын.

Құдайға шүкір, дініміз өзіміздікі, қолымызға тиді.

Қазір бізге ешкім одан алшақта деп айтпайды.

Әркімнің өз еркі бар. Бірақ осыны дұрыс жолмен жүргізуіміз керек.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбатынан,

2014 ж., 24 тамыз

 

 

*****

 

 

...Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі. 

Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады.

Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды.

...Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны.

Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады.

Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын!

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен

құттықтау сөзінен,

2014 ж., 4 қазан

 

 

 

 

 

 

 

 

* * * * *

Жаңартылған күні: 15.01.2020 16:32
Құрылған күні: 15.01.2020 16:32

Текст