БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА
АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік жасаңыз (жасамаған жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Сіздің балаңыз бірінші сыныпқа барған кезде бала мектепке бейімделе бастайды. Жалпы бейімделу баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты 2 айдан 6 айға дейін созылады.
Бұл мәселені шешу үшін келесі әрекеттерді жасау керек:
- Өз балаңызбен жиі сөйлесіңіз.
- Балаға Сіздің онымен қарым-қатынастан ләззат алып тұрғаныңызды көруі қажет.
- Өз балалық шағыңызды еске түсіріңіз. Қиын жағдайларда қалай шешу жолдары туралы онымен өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.
- Баланың үй жұмысын орындауына жайлы жағдай жасаңыз.
- Баланы белгілі уақытта үй тапысырмасын орындауға үйретіңіз. Бұл болашақта тез бейімделуіне және денсаулығын сақтауға көмектеседі.
- Бірінші сынып оқушысына үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетіңіз.
- Балаңыздың еңбегін құрметтеңіз.
- Егер Сізді баланың тәртібінде, оқу үлгерімінде бір нәрсе мазаласа, Сіз әрқашан кеңесті мұғалімнен немесе мектеп психологынан сұрай аласыз.
Бала ұялшақ болса, не істеу керек?
Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жеккөріп кетеді.
Оқушылардың ұяң, ұялшақ мінезін сынып жетекшілер күнделікті қарым-қатынас арқылы жақсы біледі. Ондай балаларды ортаға бейімдесе де, қызығушылығын тудыратын жұмыстар жасаса да еш нәтиже бермегенін маған келіп айтады. Мен ата-анасымен жеке сұхбаттасып, кеңестер беремін. Оқушымен де әңгіме өткіземін, ашылып сөйлеуіне күшімді саламын және баланы бақылауға аламын.
Ұялшақ, тұйық балаларды қалай айқындауға болады. Мұндай балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Егер оқушыңыздан осындай белгілерді байқасаңыз, онда оның қолынан келетін істі беріп, соны жасап шығуға бағыт-бағдар беріңіз. Бала орындап болып, сізге көрсеткенде, міндетті түрде мадақтап, ынталандырыңыз. Бұл балаға өз қолынан іс келетіндігіне сенімді болуына көмектеседі. Мадақтау – ұялшақтықты жеңудің бірден-бір жолы.
Енді бір ұялшақ балаларға тән қасиеттердің бірі – олар не нәрсені болсын жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді. Олар қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап тұрады. Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек. Баланы өз көз-қарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру қажет. Кейбір балаларда ұялшақтық қиялы бәсеңдіктен, ойлау қисынының толық дамымауынан, баяу қимылдың әсерінен болып жатқандықтан, ақыл-ойды дамытуға көп көңіл аударған жөн. Әсіресе, балалар өте жоғары бағалайтын кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін дамытуға тырысу керек.
Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең мектеп жасындағы жеткіншектік кезең. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады.
Жеткіншектің мінез-құлқындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталынады. Ол дегеніміз- агресивті мінез-құлық, үрей, қорқыныш, депрессия.
Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.
Дүниедегі ең тамаша туынды- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Баланы бастан демекші, мектепке алғаш келген балаға дұрыс тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу мұғалімнің міндеті. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.
Олар өте сезімтал, нәзік, мұғалімнің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.
тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады.
Оқушыңыздың физиологиялық белсенділігін бақылаңыз. Балаңыз ұнататын спорт түрлеріне көңіл бөліп, тұрақты айналысуын қадағалаңыз. Бұл балаңыздың ағзасын дамытумен бірге, назарының басқа жаққа аумауына мүмкіндік жасайды. Әртүрлі үйірмелерге қатыссын, бірақ үйірмеге де шек қою қажет. Себебі, үйірмеге көп баратын бала стреске тез түседі.
Физиологиялық жағынан дамытуда сабақ үстінде бірнеше жаттығулар жасауға болады. Жаттығулар баланың денсаулығына ғана емес, көңіл-күйіне де әсер етеді. Түр-тұлғасына қатысты қиыншылықтар туындайды:
Неге ұзынмын/қысқамын? секілді сұрақтар туындайды, өзін ұнатпау байқалады.
Айнаға қарай береді, шашын ретке келтірмей, далаға шықпайды.
Безеуден құтылу үшін барлық шараға дайын келеді, әдемі көріну өте маңызды келеді
Спортпен айналысып, күшті көрінгісі келеді, салмағын уайымдайды.
Денесіндегі қатынас сәйкессіздігі туралы көп ойланып, үрейленеді.
Өзін қоғамдағы дене бітімі мінсіз тұлғалармен салыстырып, қапаланады.
Тіпті әке-шешесінің дене бітімін қомсынып, олар үшін ұялуы немесе қайғыруы мүмкін.
Жыныстық даму жағынан да проблема болуы ықтимал:
Негізгі жыныстық даму (жыныстық органдардың дамуы)
Қосымша жыныстық даму (денедегі өзгерістер: дауыстың өзгеруі, безеу шығуы, мұрт,сақалдың шығуы, кеуденің өсуі т.б.)
Егер, дұрыс мағлұмат бермеген болсаңыз, бала өз бойындағы өзгерістерден ұялып, жалғыз қалуға немесе достарымен көбірек уақыт өткізуге құштарлық танытуы мүмкін.
Осындай жағдайларда балаларға қолдау көрсетіңіз, түсіністік танытыңыз, көбірек көңіл бөліңіз, сенетіндігіңізді білдіріңіз.
Ұялшақ балаларды мынадан анықтауға болады. Өзін-өзі бағалау тестісін алғанда олар өзлерін төмен көрсетеді. Содан байқап, мұғалімдер жұмыс жасаулары керек.
Баланың тыңдамау себептері
Мінез — құлық бұзылушылықтың негізгі 4 себептері. Бұл себептер баланың тәртібінің бұзылып, ата — аналарға бағынбауына әкеліп соқтырады.
Бірінші себеп — назар үшін күрес: Тыңдамау — бұл өзіне назар аудару әрекеті. Назар аудару эмоционалды көңіл — күй туғызу үшін қажет.
Екінші себеп — өзіндік пікір үшін күрес: Бала бітпейтін нұсқауға, ескертуге және ересектердің қауіптенуіне қарсы шығады. Өзіндік пікірде болу, өзіндік шешім қабылдау. Бұл қате болса да тәжірибе алуға керек.
Үшінші себеп — кек алу тілегі:
Бала кекшіл болуы мүмкін:
өзінің үлкен — кіші аға — апаларымен салыстырғанда;
отбасы мүшелері бірін — бірі кеміткенде;
ажырасу мен отбасында жаңа мүше пайда болғанда;
әділетсіздік пен уәде орындалмағанда;
ересектердің бір — біріне деген аса үлкен махаббатын сезінсе.
Төртінші себеп — өзінің жетістігіне деген сенімсіздік: Өзіне — өзі сенбеушілік. Оқудағы, сыныптағы сәтсіздіктерге, мұғаліммен қарым — қатынас, өзіндік төмен бағалау.
Ата — аналарға бала мінез — құлқындағы қиындықтарды жеңу заңдары ұсынылады.
1 — Заң: Баланың есі кіріп,есейген уақытында талап қою мен тыйым салу кеш. Оған ақырындап, шыдамдылықпен айту керек.
2 — Заң: Тыйым мен талаптар шектеулі, көп болмауы қажет.
3 — Заң: Тыйым мен талаптар баланың маңызды мұқтаждығына қарама — қайшы болмауы қажет.
4 — Заң: Тыйым мен талап балаға түсіндірілуі қажет.
5 — Заң: Тыйым мен талап сабырлы, байсалды үнмен айтылуы керек.
6 — Заң: Тыйым мен талаптар ата — аналар тарапынан бірыңғай, біркелкі болуы қажет.
Балаларымыздыңжүріс — тұрысындағы, мінез — құқындағыпроблемалардыңтүпкі — төркінініңсебебіөзіміздетұрғанжоқпа? — дептүсінугеболады. Өзбаламызға: менсеніжақсыкөремін, менсеніменбіргемін. Біргебізбарлығындажеңеміз! — деукерек.
Шешімі:
Баланың теріс әрекетке баратын себептерді әрдайым бала тәрбиесінде ескеру.
Бала мінез — құлқындағы қиындықтарды жеңу заңдарын қолдану.
Тәрбиені мектеппен бірлесе іске асыру.