Күні:
Сынып: 1
Сабақтың тақырыбы
Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.9.І дыбысы мен әрпі, ажырату дыбыстық талдау ,сөз құрастыру және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
№1 Видио ролик ортақ тақырыпты еске түсіру.
- Ал балалар бәріміз бері қараймыз,. Видио көрсету
Балалар біз не көрдік?
Суреттер
-Қандай суреттер?
Отбасы суреттер
-Ендеше біздің ортақ тақырыбымыз не ?
Менің отбасым
-Отбасына кімдерді жатқызамыз?
Ата,әже, ана,әке,қарындас,іні т.б
-Балалар біз іні деген сөзге тоқталайықшы
- іні деген сөз қандай әріптен басталады?
І әрпінен
-Ондай болса балалар біздің тақырыбымыз
І дыбысы мен әрпі
Ал балалар осы тақырыпқа байланысты қандай мақсат қоямыз? Балалардан сұрап шығу
-І дыбысына дыбыстық талдау жасаймыз ,сөз құрастырамыз.
-Ендеше балалар іні деген сөзге дыбыстық талдау жасап жіберейікші
-Алдымыздағы дыбыстық талдауларыңды алып жасаймыз.
-- Бір оқушы тақтаға шығару .Сол бойынша тексеру
Ал балалар біз не істедік?
--дыбыстық талдау жасадық,ажыраттық,буынға бөлдік
-Балалар біз ортақ тақырыбымызды еске түсірейікші
-Ортақ тақырыбымыз қандай еді?
Менің отбасым
-Отбасымызда қандай мерекелерді білесіңдер?
-Туған күн, шілдехана,тілашар т.б
-Балалар біз туған күн мерекесіне тоқталайықшы
-Туған күн мерекесі дегеніміз не?
--Оны қалай атап өтеміз?
--Туған күн мерекесіне байланысты біз бір тапсырма орындайықшы
Жұппен жұмыс
Критерий:
1 Әріптерден мағыналы сөз құрастыру
2 Дыбыстық талдау жасау
Кітап сөзін құрастыру дыбыстық талдау жасату
Бір жұпты шығарып далдау
Таныстырылым, интер тақта
Интер тақта арқылы слайд
көрсету
Сергіту сәті
1 минут
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма
8 минут
Аяқталуы
16 минут
№3.Балалар келесі біздің отбасылық мерекеміз қандай екен?
Шілдехана
Топтық жұмыс
Критерий
1 Суреттердің атауын дұрыс табу
2 Дыбыстық таладау жасау
3 Сөздің жіңішке, жуан екенін анықтау
Әроқушы бір-біріне ауыстыру арқылы критерий бойынша бағалау.Топтың тақырыбын тақтаға іліп қою бір екі топтан сұрау
Балалар келесі біздің отбасылық мерекеміз қандай екен?
Жеке жұмыс
Критерйй:
1Көп нүктенің орнына ы,і әріптерін қойып шығу
...ні, ...дыс, т...л, п...л, с...р, сар..., ...н, ір..., тар..., ...с, т...с
Орындап болғаннан кейін тапсырманы бір-біріне беріп ауыстырып тексереді.
Мұғалім кім қанша тапсырма орындағанын сұрау .
-Кім толық орындады?
- Кім жартылай орындады?
-Кім одан да аз орындады?
Қортындылау
Доп лақтыру ойыны.
Қане кімге бүгінгі сабақ ұнаған оқушы сары түсті смайлкты көтерсін, бүгінгі сабақ онша ұнамаған оқушы қызыл смайлкты көтерсін.
Интер тақта арқылы слайд
көрсету
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл күйді смайликтер арқылы бағалау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Смайликтер арқылы
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Мұғалім кім қанша тапсырма орындағанын сұрау .
-Кім толық орындады?
- Кім жартылай орындады?
-Кім одан да аз орындады?
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.