"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бала құқығы – адам құқығы»

№ исх: 11888/1.4-15/19812 от: 13.10.2020 № вх: 7568 от: 14.10.2020 «Бала құқығы – адам құқығы» Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар Мереке туралы: 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) резолюция қабылдап, барлық елдерге 1956 жылдан бастап Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін атап өтуді және оны бүкіл әлемдегі балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға арнауды ұсынды. Бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қараша. 20 қараша күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1959 жылдың дәл осы күні Бас Ассамблея Бала құқықтары туралы декларацияны қабылдады. Құжат 10 негізгі қағидаларды біріктіріп, «балаларға бақытты балалық шақ беруді» негізгі мақсат етіп жариялады. Осы мақсатқа жету үшін ол барлық азаматтарды тиісті заңнаманы және басқа шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын құрметтеуге шақырады. Қазақстан Республикасы бала құқықтары туралы конвенцияны 1994 жылы ратификациялады. Біздің елімізде Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне сәйкес балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Іс-шаралар 2020 жылдың 20 қазанынан 2020 жылдың 20 қарашасына дейін жалғасады. Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» іс-шараларын ұйымдастыру қажеттілігі БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» конвенциясының, «Қазақстан - 2050» Стратегиясының, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына жолдауының міндеттеріне негізделген. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету - Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыру мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуының дәлелі. Қатысушылар: Қазақстан Республикасының балалары, мемлекеттік органдар, педагогикалық, ата-аналар қоғамдастығы, бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. Іс-шаралардың мазмұны мен форматы: Мақсаты: бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік органдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғам назарын аударудағы күштерін біріктіру, құқықтарды қамтамасыз ету мәселелері балалар құқығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу. Міндеттері: 1) тұрақты конструктивті диалогты жүзеге асыру және мемлекеттік органдардың, қоғамның, оның ішінде балалар ұйымдарының балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде өзекті мәселелері бойынша күш-жігерін біріктіру алаңын одан әрі дамыту және жетілдіру; 2) балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар туралы қоғамды ақпараттандыру; 3) қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар мен балаларға қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және өткізу; 4) барлық санаттағы балаларды іс-шаралармен қамту, оның ішінде қашықтықтан (арнайы білім беру қажеттіліктері бар, стационарлық емдеудегі, девиантты мінез-құлықты және арнайы ұйымдардағы балалар және т.б.); 5) балаларға арналған алаңдарды, аулаларды абаттандыру бойынша жобаларды бастамашылыққа алу. Негізгі іс-шаралар: Балалық шақтың өзекті мәселелерін барынша қамту үшін іс-шаралар үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: 1) «Балалық шақты бірге қорғайық» - балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республиканың үкіметтік емес ұйымдарымен онлайн-диалог алаңдарының жұмысын ұйымдастыру, балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің аймақтық мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және қабылдау. 2) «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы- бақытты ел» - балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет жүзеге асыратын шаралар туралы ақпараттандыру мақсатында көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулер ұйымдастыру. 3) «Тәуелсіз елдің ұрпағы» - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар өкілдіктерінің бірінші республикалық онлайн-кездесуін, аумақтық блоктардағы көшбасшылар балаларымен кездесулерді ұйымдастыру және өткізу. Іс-шараларды ақпараттық қолдау бойынша ұсыныстар: 1) Халықаралық балаларды қорғау күніне дайындық және мерекелеу туралы ақпаратты облыстар, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, білім бөлімдерінің әлеуметтік желілеріндегі парақтарда орналастыру; 2) телерадио сюжеттерін, баспа мақалаларын тарату (жариялау) арқылы іс-шараларды дайындау және өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; 3) қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, білім басқармаларының басшыларының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті директорларының орынбасарларының, ҮЕҰ, сарапшылардың және т.б. қатысуымен брифингтер өткізу. Күтілетін нәтиже: 1) Республиканың барлық аймақтарында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту; 2) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы қоғамды ақпараттандыру; 3) балалардың қоғам мен мемлекеттегі балалық шақтың өзекті мәселелерін шешуге қатысу құқығын жүзеге асыру.
Жаңартылған күні: 26.10.2020 17:07
Құрылған күні: 26.10.2020 17:07

Текст