"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сөйлеу.

Пәні: Психология

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Студентерге сөйлеу туралы, оның түрлері туралы мәлімет бере отырып, білімдерін тереңдету.

Тәрбиелілігі: Сөздің адам өміріндегі маңызын ұғындыра отырып, студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту.

ДамытушылығыСөйлеу процесі арқылы студенттерді өзінің білімін тәжірибеде байыта отырып, қоғамдық тәжірибеде меңгертуге мүмкіндіктерін арттырып, дамыту.

Сабақ типі: ашық сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, лекция, сұрақ – жауап, тренинг жүргізу, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Ойлау тақырыбын ауызша сұрау.

2.Ойлау тақырыбында сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

Жоспар бойынша бүгінгі сабағымызда негізгі 4 сұрақты қарастырамыз. Олар:

1.Сөйлеу, оның түрлері;

2.Сөйлеудің физиологиясы және қызметтері;

3.Сөйлеудің дамуы;

4. Сөйлеу мәдениеті.

(1 слайд)

1.Сөйлеу туралы жалпы түсінік. Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа бірулермен пікірлеседі, өз қимыл – қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым – қатынасқа түседі. Ойымызды басқа біреуге жеткізудегі жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.

(2 слайд.)

Сөйлеу – бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір – бірімен тығыз байланысты. Олар бір мезгілде жүріп отырады. Адамға тән сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – оның мәнерлігі. Сөйлейтін сөзінің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің маңыздылығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Сөйлеу қарым – қатынастың ерекше жетілген түрі. Сөйлеу қарым – қатынасында екі жақ қатынасады – айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикуляциясының арқасында айтып береді. Сонымен, сөйлеу – бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым – қатынас түрі. Сөзді сигналды дұрыс талдай алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде әр қилы көрінеді. Жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде болады. Мысалы, «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол затқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына баса назар аударады да, дыбыстың қалай айтылуын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығындағы талдау мен жинақтау әрекеті әлі жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, оны түсіну мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөздерді жалпылай алу – адам ойлауы мен сөлеуінің басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие бола бастайды. «Сөйлеу» мен «тіл» ұғымдары бірдей ұғымдар емес. Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым – қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым – қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолданып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланыс) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры сондай – ақ, грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдық өндірістің даму барысында, адамдардың өзара сөйлесу процесінде пайда болады, сөйтіп, адам дайын тілді игереді. Адамдардың бір ұжымға бірігіп еңбек ету процесінде «бір – біріне бірдеңе айту қажеті пайда болған» адамдар замандастарына сөйлесу арқылы сол кезеңдеде болып жатқан оқиғаларды баяндап қана қоймай, ол бүкіл адамзаттың барлық жинақтаған білім қорын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отырады.

Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөз арқылы жүзеге асады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай түрлі сөйлеу ерекшеліктерімен көрінеді. (3 слайд) Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді. Ішкі сөйлеу тағы да ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша сөйлеу монолог және диалог болып бөлінеді.

Ауызша сөйлеу – бұл кәдімгі дыбыстың ауызекі сөйлеу тілі, онымен біз басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста пайдаланатын тіл. Ауызша сөйлеудің негізгі түрі – диалог сөйлеу. Бұл екі немес бірнеше адамның тілдесуі. Монолог бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың, мұғалімнің сөздері.

Жазбаша сөйлеу қолдың қалам – қағаз ұстауға жаралған адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастады. Оқушы жазбаша жұмыстың мазмұнымен, әдетте, оның авторынсыз танысады, сондықтан, ол анық, түсінікті, дәл болуы қажет.

Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Бұл тілдік материалдар негізінде дауыстамай – ақ, сөйлей алудың көрінісі. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені, адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады.

2. Сөйлеудің физиологиясы және қызметтері. Адам миының жарты шарының сол жақ бөлігінде(маңдай қыртысының төменгі жағында) жүйке саласы бар. Ол – адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып отыратын орталық. Сөзді қабылдауды, оның мәнісін түсінуде мидың есту, көру, сипап – сезу, қозғалыс зоналарының, төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анотомиялық функциясына байланысты болып келеді. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құбылысты – афазия деп атайдыСөз негізінен екі қызмет атқарады: коммуникативтік және сигнификативтік. Осы қызметеріне орай сөз тілдесі құралы және ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі жануарлардың қысқа мерзімді қылықтық күйін білдіретін аффектік «тілінен» ажыратылады. Жануарлар «тілі» ешқашанда нақты бір затты белгілі дыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздің бұл қызметі – сигнативтік қызмет деп аталады. Ал коммуникативтік қызметі – сөздің белгілі зат жөнінде баяны болып, екінші біруге бағытталуы. Әңгіме мақсаттары мен жағдайларын біріктіре отырып, адам не айту керек, қалай айту керек екендігін қарастырады, өз сөзін алдындағы міндетті шешуге жарайтын саналы әрекетке айналдырады. (5слайд кесте сөйлеу түрлері) Сөйлеу қасиеттерін кесте бойынша түсіндіру, содан кейін сергіту сәтін өткізу.

3. Сөйлеудің дамуы. Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатыдан тұрады. Алғашқы саты – сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың 2 айлығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты – баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі – 11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда – бала тілдің грамматиксын меңгере бастайды. Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген - әйгілі мамандар Л.С.Выготский және Швейцария психологі Жан Пиаже. 1 – сыныптағы балаларды алдымен ана тілінің сөздеріндегі барлық дыбыстарды ажырата біліп, оны дұрыс айтуға үйрету үшін, сөзді дыбыс талдауын жүйелі түрде жаттықтыру қажет. Бұл дұрыс жазуға үйретуге және ауызша сөйлеуде маңызы бар фонематикалық естудің дамуына көмектеседі. Балалардың ауызша тілін дамыту үшін мұғалім оның мәтінді сөзбе – сөз айтып берген жауабына қанағаттанғаны жөн. Кітапта оқыған материалды өз сөзімен айтып беру үшін, материалды өз сөзімен қайта құрайтындай, қосымша сұрақтар берген жөн. Кейде оқушыдан: «Ал осыны басқаша қалай айтар едің?» - деп сұрауға болады. Баланың тілін дамытуда еркін тақырыпқа шығарма жаздыру өте тиімді және кино, театр, саяхатта болғанда көрген – білендері жайлы оқушылардың бір – бірімен тілдесуінің пайдасы зор. Мұндай өзара әңгіме арқылы балалар өз бетінше ойлауға үйренеді, ал тапқыр ой бас жерде дәл, түсінікті сөз де болады. Тіл дамытуда оқушылардың монологының пайдасы мол, мұндай кезде мұғалім баланың сөзін бөлмей, аяғына дейін тыңдап, әңгіменің кемшіліктерін көрсетеді.

4.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу – тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені, сөйлеу мәдениеті – мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мәселен,оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті, былық сөзді естіп өскен бала өмір бойы былық – былапат тілді

болады » (М.Жұмабаев). Белгілі қоғам қайраткері Ілияс Омаров: «Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі...Дүниеде сөздің дертінен өткен ауыр дерт жоқ, сөздің шарапатынан дауалы шарапат жоқ, сөз тұлаусыздыққа емес, баяндылққа, өлімге емес, өмірге қызмет етеді» - деген еді. Осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздеріңіз сөйлеу мәдениетін, әсіресе, ана тілінің кәусарынаан мол сусындап отыруды естен шығармауларыңыз керек.

VI. Жаңа сабақты бекіту. Бүгінгі сабағымызды бекіту үшін, осы тақырыпта қамтылған материалды еске түсіре отырып, сөзжұмбақ шешейік. Тапсырма орындау (слайд бойынша)

V. Қорытынды.

VI. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы. Сөйлеу тақырыбын толық қамтып оқу, папкаларға тірек – сызбалар жасау, сөйлеуді дамытуға арналған тренинг, жаттығу іздестіру.

Жаңартылған күні: 11.04.2019 10:06
Құрылған күні: 11.04.2019 10:07

Текст