"Троицк орта мектебі" КММ "IQanat"республикалық олимпиадасының 1 туры өтті. Айқанат олимпиадасы ауыл мектептеріндегі білім берудің жаңа векторы болып саналады. Жоба білім деңгейі жоғары дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді және барлық оқушыларға Қазақстан мен шетел жоғары оқу орындарына грант иегері болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеңімпаздар республиканың үздік оқытушыларымен ҰБТ және IELTS сынақтары бойынша екі жыл бойы қашықтықтан тегін дайындала алады.
. "IQanat" олимпиадасын "IQanat білім беру қоры" қоғамдық қоры Қамқоршылар қаражаты есебінен өткізеді.
Бағдарламаның мақсаты-ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге тең қол жеткізуге қолдау көрсету және ынталандыру. Бағдарлама Қазақстан өңірлері бойынша олимпиадалардың іріктеу турларынан өтуді, сондай-ақ еліміздің және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына гранттар мен стипендияларға түсуге даярлықта сүйемелдеуді қамтиды.
Бұл Грант екі жыл бойы іріктеуден өткен балаларды қор сүйемелдейді.
15 ақпанда өткен олимпиаданың бірінші турына мектебіміздің 8 сыныбының 6 оқушысы қатысты. Математика, жаратылыстану,, жаратылыстану-матетикалық цикл пәндерімен қатар балаларға тарих, орыс және ағылшын тілдері сияқты қоғамдық-гуматарлық цикл пәндері бойынша тест сұрақтары да түсті.
Сіздерге сәттілік тілейміз! Алға қойған мақсаттарға жетуді тілейміз!