Құрметті ата-аналар!
2021-2022 оқу жылына бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданатын болады.
Құжаттарды www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруге болады:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігі;
3) Бала денсаулығы паспорты (денсаулық жағдайы туралы анықтама 026 / у-3 нысаны), № 063/у нысаны;
4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.
Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден қабылданады.
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы негізінде.