"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өз –өзің тану апталықта атқарылған айтулы істер.

22.02.2019

Өз –өзің тану апталықта атқарылған айтулы істер.

 

Троицк орта мектебінде  «Өзіңді тану – өмірді тану» 12-17.02  атты апталық шаралар  ұйымдастырды. Апталық аясында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы аясында тұлғаның дамуын қалыптастыру, отбасы және отбасы құндылықтарын насихаттау, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бағытында түрлі шаралар жүргізілді.
«Рухани жаңғыру: адамгершілік құндылықтар, ізгілік бастауы» дөңгелек үстел 9-11 сынып оқушыларына өткізілді. Өзін-өзі тану мұғалімі Панасюра Н.Г. ұйымдастыруымен өткен шарада оқушыларды рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу мәселелері көтеріліп, оны жүзеге асырудың тәсілдері талданды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде рухани дамудың жүйелері сараланды. Тұлғаны адамгершілікке баулу, саналы азамат етіп тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік ортаның атқаратын рөліне тоқталды. Дөңгелек үстел барысында ізгілік педагогикасы, дүниені тану тәсілдері, сана – сезім мен ой, түйсік тазалығын, өмірдің мәні туралы тақырыптар мен ғылыми, философиялық мәселелер ой талқыға салынып, оқушылар өз пікірін анық, айқын жеткізіп отырды. Пән мұғалімі Наталья Геннадьева оқушыларды рухани тұрғыдан дамуға, өмірдегі өз орнын табуға ақыл кеңес беріп, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін ескерте отырып, өз бойларындағы адамгершілікті, жақсылықты өздігінен тәрбиелеуге үндеді. Шара соңында рефлексия жасалып, оқушылардың пікірі, ұсынысы, тілегі тыңдалды. Дөңгелек үстелге қатысушы ұстаздар, оқушылар бірігіп «Өз елім» әнін хормен айтып, маңызды шара өз мақсатына жетті.. Қазіргі кезде бәрі әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты болып көрінгенімен,  бұл мәселелер «Әлеуметтік желі» әлеуметтік желілердің түрлерін және пайдасын мен зиянын ашып айтты.  Әлеуметтік желілердің түреріне: В контакте, Facebook, Twitter, Одноклассники, M-agent, Whatsapp, Instagramm, Viber, Другвокруг, Cacao Talk, Line, Imo, Skype тоқталып, ең бірінші зияны адам денсаулығына келтіретін залалын анықтап берді. Әлеуметтік желіні шектес тыс пайдалануға болмайтынын ескертті. Дебатқа қатысушылардың өз ойларын нақты дәлелдеді.

Пән мұғалімдері балаларға арнайы  өзіне сенімдік туғызу, қоршаған ортамен жақсы байланыс жасау тренингтерді  өткізді.

Декада жоспары толық орындалып, жақсы әсер қалдырып, оқушылардың және мұғалімдердің көңілінен шықты.

 

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст