"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық отбасы күні

15.05.2019

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке әлемдегі әрбір «қоғам ұяшығының» қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қоғамның басты элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен дамудың басты факторы болып табылады.
Барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта 2019 жылы 15 мамырда 18.30. сағатта Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетіні туралы хабарлайды.

Ата-аналар жиналысының мақсаты – отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру.

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне:

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі;
  • Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар;
  • 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
  • оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
  • білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеттері

Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек. Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болады.

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст