Тақырыбы: Ойын
арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде заманауи
технологияларды қолдану
Ойын
арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде заманауи
технологияларды қолдану
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз
күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту,
танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек,
балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
Біздің бүгінгі балалар – бұл еліміздің болашақ иелері. Сондықтан да бүгіннен
бастап Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарын тәрбиелеуге қамқорлық
қажет. Еліміздің Президенті тілдерді үйрету мәселесін былай белгіледі: «Қазір
біз балаларымыздың қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді
меңгеруі үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үш тілдік мемлекеттік
деңгейде ынталандырылуын керек. Біз ағылшын тілін игеруге серпіліс жасауымыз
керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір
азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деп Назарбаев Нұрсұлтан
Әбішұлы өз жолдауында айтқан болатын.
Міне, сондықтан да бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық
технологияларын қолдану арқылы баланың ойлау қабілетін дамытып, оқу іс -
әрекетіне деген қызығушылығын арттыру басты мақсат болып табылады. Қазіргі
заманауи технологияларды мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу практикасында
пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесінің сапасын арттыруға
мүмкіндік туғызады. XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа
компьютерлік сауаттылық қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда заманауи
технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. «Оқу үрдісінде заманауи
технологияларды білім беру сапасын жақсартудағы қолданыс аясын кеңейту керек»
деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, оқу іс – әрекетінде жаңа жолдардың
біріне жататын ақпараттық оқыту жүйесіндегі ағылшын тілін үйретуде интерактивті
тәсілді жиі қолданамын. Интерактивті тақта арқылы әр түрлі бейнежазбаларды,
суреттерді көрсете отырып, баланың ағылшын тілін меңгеруге деген құлшыныстарын
арттырамын. Оқу іс – әрекеті қызықты өту үшін интерактивті тақтадан түрлі
дидактикалық ойын түрлерін жасақтап, балалармен бірге ойнау арқылы олардың
ойлау қабілетін дамытамын. Сонымен қатар түрлі заманауи бейнежазбаларды да
сергіту сәтінде қолданамын. Интерактивті тақта арқылы күнделікті жаттап жүрген
тақпақтарды да мнемокесте арқылы оқытамын. «Интерактивтік» деген сөз энциклопедия мен ғылыми
әдебиеттерде көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады, ол екі
жақты біріккен әрекет болып табылады. Ол үйрету кезінде балаларды бірігіп
белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп,
белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой - өрісін, шығармашылығын көрсетуге
мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс балаларды жұп болып, бірігіп жұмыс
жасауға, ойнап отырып жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек
көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей
талаптарға сай келеді:
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді;
- Бала өзін – өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді
оқып үйрену ниетін қалыптастырады;
- Ойлауды белсендіреді;
- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
Біріншіден, ағылшын тілін үйретуде
интерактивті тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың
үйрету процесіне сай болуы керек.
Екіншіден, жұмыс түрлері, онда
қолданылатын үйрету құралдары, жаттығулар, сергіту сәті бейнежазбалары
балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Үшіншіден,
балалар жіберген қателіктерін мұғалім көмегімен өздері табуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс
тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін
оқу іс – әрекетін заманауи технологиялық ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің
беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері
қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі
баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері
ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның
бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ағылшын тілін үйрету
кезінде ойын элементтерін пайдалану баланың шет тіліне деген қызығушылығын
арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Заманауи технологиялық ойын
арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым - қатынас жасай алады және ойын кезінде
шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Ойын
белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Оқыта−үйрету ойындары: дидактикалық, ситуациялық, сайыстық, қимылды,
ырғақты−музыкалық және көркемдік және т. с. с көптеген түрлері бар.
Балалардың шет
тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады,
яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың
тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз
қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың
негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау
арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру.
Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылыми
құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең
басты қажеттілігі ол – үш тілде оқыту. Тіл мәдениетін игеру – әр баланың сәби
шағынан басталып, ары қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім
беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған
әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі
жан – жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардың ой
өрісін үздіксіз дамыту үшін оқу іс - әрекетін қызықты заманауи ойын арқылы
өткізудің маңызы зор.
Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір
жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін
көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен
қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге
үлесімізді қосуымыз керек. Жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрімен
сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті маман болайық.
Нәтиже:
1. Балалардың ағылшын тілін меңгеруге деген құлшыныстары артады;
2. Балалардың ойлау қабілеті дамиды,
3. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;
4. Балалардың жеке қабілеті анықталады;
5. Балалар топ жаруға ұмтылады;
6. Әр бала өз деңгейімен бағаланады