"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?

08.02.2018

Болашақ  бірінші 

сынып  оқушысы  нені 

білуі  керек?

Сәбилік шақ

артта қалды, мектепке дейінгі кезең де зуылдап өте шықты. Енді аз ғана уақыттан

соң сіздің балаңыз мектепке барады. Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі

керек?

Көптеген

ата-аналар дайындық дегенді баласы оқу, санау және жазуды білсе болды деп

біледі. Шындығында, бұл тек басы ғана. Мектепке дайындық сіз бен біз ойлағаннан

да, әлдеқайда маңызды әрі күрделі мәселе екен. Негізі мектепке барғанға дейін

теория жүзінде баланың оқи алуы, жаза білуі, санай алуы міндетті емес. Алайда,

тәжірибе жүзінде мұның бәрін білгені өзіне пайдалы, өйткені оқудың қарқынына

ілесу қиындап, бала «алдыңғы қатарлы» құрдастары арасында өзін қолайсыз сезінуі

мүмкін. Бала өзін «ақсаусақ», қолынан ешнәрсе келмейтін оқушы ретінде сезінбес

үшін, ата-аналарына мектепалды даярлыққа айтарлықтай мән беруге тура келеді.

Сондықтан да, ерінбестен баламен даярлық сабақтарын өткізіп, үлкен

жауапкершілік таныту не болмаса қолайлы уақыт пен ақша тауып, оны кәсіби

мамандарға – дайындық курстарына (өзіңіз баланы апаратын мектеп ішіндегі

курстар ең қолайлысы), баланы ерте бастан дамыту мекемелері немесе жеке

педогогтар мен психологтарға тапсырған дұрыс болады. Әйтсе де есіңізде болсын,

мектепке дайындық бірден жасала салатын нәрсе емес, оны кезең кезеңімен іске

асыру керек!

Баланы

мектепке даярлау барысында сіз басты назар аударатын негізгі сәттер:

Жалпы

ой-өрісін дамыту (баланың таным көкжиегін кеңейтудің ең озық тәсілі - онымен

«өмір жайлы» әңгіме жүргізу, кітап оқу және оны талдау);

әріптер мен

сандарды, геометриялық кескіндерді және түстерді, оңға/солға, үлкен/кіші,

кең/тар түсініктерін үйрену және т.б.;

мүмкіндігінше

– оқи білуді (ең болмағанда буынға бөліп оқу) және санауды үйрету (ең

болмағанда10-ға дейін);

міндетті түрде

кіші қозғауыштарды дамыту, яғни, сүйектер мен саусақтардың икемділігін дамытуға

арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға да, сондай-ақ тілді дамытуға да қажет

болатын дүниелер (бала миынының құрылымында бұл екі орталықтың орны бар).

Дәлірек айтқанда, баланың көбірек сурет салуы, конструктормен ойнауы,

бірнәрсені жасауы, жапсыруы, ұсақ заттармен, мысалы, моншақ, тиын, сіріңке,

тісшұқығыш сынды заттармен жұмыс істеуді меңгеруі керек, олардан картина немесе

аппликация, тіпті олардан әр түрлі тізбектер жасап үйренуі керек, мұның бәрі

оларды бір нәрсені істеу үшін, ұзағырақ отырып айналысуға үйретеді;

есте сақтау

қабілетін жаттықтыру – яғни, әндер мен тақпақтарды жаттауды үйрету (мектепте

болатын ертеңгіліктер мен жиындарда баланың жарқырап көрінуіне септігін

тигізеді, бұл оның мектептегі өмірінің дұрыс жолға бағытталуына көмектеседі);

сараптауды,

жіктеуді дұрыс меңгеруге жаттықтыру – бұл баладан бір оқиғаны айтуды, яғни ең

алдымен не болғанын, одан кейін қандай жағдай орын алғанын (себептік-жалғаспалы

байланыстар) сұрау, түрлі картина бөліктерінен бүтін нәрсе құрастыру, заттарды

қандай да бір белгілеріне қарай орналастыруды, жинақтауды тапсыру.

Алайда,

баланың үйренуі оның мүмкіндіктері мен психикалық жетілуіне сәйкес келмейтінін

ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, оның үйрену қабілеті баланың танымдық белсенділігінің

жоғарылығы деп айтуға болмайды, көп жағдайда ата-аналар өз баласына біліммен

толтыру қажет бір ыдыс қана деп қарайды. Расында, «оқысаңыз балалар, шамнан

шырақ жағылар» дегендей, баланың жарқырай жануға дайын тұрған шырақ екенін, оны

тек тұтату қажеттігін ескере бермейміз.

Оның үстіне

тұтас беттегі тақпақты жатқа айтқан бала жақсы оқушы деп бағаланғанымен, шын

мәнінде ол мектепке дайындығы бойынша, психологиялық, тұлғалық, қарым-қатынас

тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық жағынан әлсіз, тіпті дайын емес те болуы

мүмкін. Дәлірек айтсақ, білім қорынан басқа балаға:

коммуникативтік

және әлеуметтік дағдыларды меңгеру,ияғни, өзі тұратын қоғамда қабылданған,

күнделікті өмірдегі моральдық-адамгершілік қағидаларды пайдалана отырып, өз

ортасымен түсінісе, араласа білуі керек;

өз

құрдастарымен және өзінен үлкендермен байланыс орнатып, араласудан қорықпауы

керек;

өз ұстанымын

өркениетті әдістер арқылы қорғай білуі, орынсыз агрессияға, ашуға берілмеуі

немесе керісінше, шектен тыс қорқақ, жасқаншақ болмағаны абзал;

мектептегі

білім алу процесінің маңызын сезінуі, білім алудың не беретінін, мектепте

оқудың тәртібі қандай екендігін білгені дұрыс;

бекітілген

ережелерге бағынуы, тәртіп дегеннің не екенінен хабардар болуы және оның

қажеттілігін түсінуі тиіс;

оқуға деген

құлшынысы, оң көзқарасы қалыптасуы тиіс;

мұғалім берген

тапсырма бойынша өз бастамасымен және өз әрекеттерін жоспарлы түрде орындап,

олардың нәтижесі үшін жауап беруі тиіс (мысалы, портфелін өз бетінше жинап, үй

тапсырмасын өз бетінше орындауы керек: егер сіз осы жұмыстарды бірінші сыныптан

бастап, өз мойныңызға алсаңыз, бұл міндеттер балаңыз мектеп бітіргенше сіздің

өзіңізге жүк болу мүмкіндігі 70% болады екен);

өз-өзіне деген

оң қарым-қатынас қалыптасуы тиіс.

Әрине,

мектепке деген дайындық бас пен оның жұмысына ғана емес, бүкіл ағзаның да

дайындығын талап ететінін естен шығармаңыз: мектептің алғашқы жылында иммунитет

жүктемесі ауырлайды, сондықтан да 1 сыныпқа барар алдындағы жаз айларында

сабақтан өзге, физикалық дайындықпен де айналысқан абзал болар еді. Бала ағзасы

көп қозғалысты (ең дұрысы, денсаулықтан өзге тәртіпке де үйрететін спорт

секциясына жазылу), таза ауаны, толыққанды тамақтануды талап етеді.

Егер бала

денсаулығына байланысты сұрақтар туындаса, дәрігермен міндетті түрде кеңесіп,

оның оқу процесі мен жағдайын ретке келтіру бойынша ұсыныстарын тыңдау керек

(мүмкін тіпті арнайы мектеп таңдауға тура келер).

Бірінші

сыныптағылар үшін ең бастысы - бір нәрсені жасай алу мен дағдылану емес,

мектепте қандай жағдай болса да, өз күшіне және ата-анасының қолдауына деген

сенімділік екенін естен шығармаңыз.

 

Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст