"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің сүйікті – Елбасы !»

29.11.2017

Сынып сағаттың тақырыбы: «Біздің 

сүйікті – Елбасы !»

 

Мақсаты:      Елбасымыз

Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер саясатының мектеп өміріндегі, бақытты балалық

шақ пен  жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ашу, оқушыларға Елбасы жайлы

ақпарат бере отырып,  өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

(1 желтоқсан   Тұңғыш Президент күніне

арналған  тақырыптарында шығарма  конкурсын жариялайды).

   Әнұран орындалады.

 

Мұғалім:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

 

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

 

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

 

-        

Балалар, осы өлең кімге арналған?

-        

Біздің алдымызда келе жатқан

қандай мереке?

-        

Дұрыс, балалар, 1 желтоқсан

Тұңғыш Президент күні мерекесі.

 

 Оқушыларды 4 топқа «Мозайка» әдісі арқылы

бөлемін.

Әр топқа

тапсырма беріледі, әр топ жұмыстарын қорғап шығады.

 

1 топ: Мәтіннің

ішінен негізгі ақпаратты алып, оқушыларға жариялау.

1)   

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6

шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен

Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс

істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы

партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы

партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

    1990 ж. ақпан—сәуір аралығында

Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң 

    төрағасы болды.  1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.

2 топ: Өз елімнің өркендеу үшін

біз не істер едік? Осы сұраққа жауап беру.

3 топ: «Болашақ мектебім» атты

постер арқылы проект жасау.

4 топ: «Менің сүйікті Елбасым»

тақырыбына арналған өлеңдерді жатқа айту.( тапсырма

алдын ала берілген: Алмат, Арман, Алия)

 

1) Ауыр

күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп, 

Жас Отанның өмірін де түсініп, 

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 

Бір керемет жасады-ау кісілік!

 

 

 2) Халқымның көшбасшысы

 Тәуелсіз қазақ елім,

Бақ қонған ғажап елім.

Нұрсұлтан Назарбаев

 Артамыз сізге сенім.

Елім деп, жерім деген,

Адымдап сенімменен.

Халқымның көшбасшысы

 Еңбектен ерінбеген.

Президент ең алғашқы,

Қырандай самғап ұшты.

Халқымның көшбасшысы

Келер күн құшақ ашты.

 Жұртымның көшін бастап,

 Елімнің үмітін ақтап,

Ұлтымның көшбасшысы

Бірлікті берік сақтап.

 Асамыз асулардан

Құламай тасулардан

Әлемнің алды болу

Ол үшін асыл арман

Үлгі боп келешекке

Балаға,ересекке

Президент даңқымызды

 Көтерер келешекте

Биік боп көздегені

Бірлік боп іздегені

Халқымның көшбасшысы

 Жастарға ол сенеді

Уәдені біз сақтаймыз

Біз жастар құр жатпаймыз

Үмітін елбасының

Шынында біз ақтаймыз


«Достық туын көтеріп» атты өлеңімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.

( өлең қойылады)


Достық туын көтеріп

Сөзі, Әні: Серікбай

Маханұлы

 

Өмір шамың қайта жанды

сөнгенде,

 Нұрсұлтаным Президент боп келгенде.

 Шаттықпен адам жүзі күлімдеп,

Дауыс берген сайлау күні

бар пенде.

 

Қайырмасы: Достықтың туын көтеріп,

 Еліңе бақыт келтіріп.

Президент болдың

Нұрсұлтан,

Қазақтың салтын тербетіп.

 

Сансыз бұлақ ағып жатты

бұлқынып,

Таңым атты шұғыладан нұр

құйып.

Шетте жүрген бауырларым

бас қосып

Егеменді “Қазақ”-деген ел

болып.

Қайырмасы:

 

Еркіндіпен достық орнап

еліңе,

Көк байрақты желбіреттің

көгіңе.

Жер бетінен барлық қазақ

жиналып,

Көш бастады ұлылықтың

төріне.

Қайырмасы.

 

 

 

 

 

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст