5-6 сыныптар
«Нақты ғылымдар еліне саяхат» атты математика пәніне арналған апталық
Математика ғылымдар патшасы
Математикалық сайыс
1-ші топ: «Сандар»,
2-ші топ «Өлшемдер».
Әр топ өзұранын,
төсбелгісін дайындайды.
І. Сайыс.
«Танысу»
«Сандар» тобы.
Ұраны: «Математика
ғылымдар патшасы».
Әні:
Келдік міне біз бүгін
Өлшемлермен
сайысқа
Тайсалмай да
жалықпай
Келіңіздер
жарысқа
Апталықта
басталды
Армысыздар
достарым!
Ойын берсін
ойшылдың
Бірлігін
берсін халқымның, достарым-ай
Әрқашанда біз
қолдаймыз
Әділеттің ұранын,
Жасай берші әр
елде,
Өсе берші
ұланым.
Қарсылас
топпен сәлемдесуі:
Сәлем «өлшем» тобына
Сәлем «Сандар» тобынан
Хош келіпсіз
сайысқа
Қарсыласпен
жарыса!
Әділ қазылар
алқасымен сәлемдесуі:
Армысыздар
әділ-қазы алқасы
Бүгінгі күнге
әділ төрелік
Күтеді Сізден
баршасы
Әділ қазы
алқасына иіліп сәлем берелік.
Жанкүйерлермен
сәлемдесуі:
Мың-мың сәлем
жанкүйер
Тобымыздан
жолдаймыз
Үмітпенен келер
жыл
Қатарымыздан
сіздерді
Көруді біз
ойлаймыз
Капитанның
тобын таныстыруы:
Тобыма менің
қарасаң
Сырымды сонда
ұғарсың
Математика әлемі
Натурал саннан
тараған
Ең алғашқы он
цифр
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Араб, Үнді
жерінде
Санау үшін
жараған
Басқалары
осылардан тараған
Мынауыңыз Бірлік
Ол болмаса жоқ
тірлік
Келесі сан Екі
Түр әлпетін
көңілге тоқы
Мойны құстай
иілген,
Қыран құстай
шүйілген
Жалқаулардың досы
Келесі сан Үш
Болсын бізде күш
Одан әрі Төрт
Белін буған,
бекем тұрған
Келесі сан Бес
Билеп шыққан кеш
Келесі бір досың,
Алты болар осы
Бейне бір өзі
акробат
Секіріп бір тұрса
Тоғыздық болар
осы
Келесі бірі –
Жеті
Ұзын тұрқы осы
Көргені оны
көркемдер
Бейнесі егіз
сақина
Ал мынауың әріп
пе?
Ұқсайды ол «О»
әріпке
Бірақ одан өзгеше
Аты бар да заты
жоқ
Нөл дегенің осы
ғой.
«Өлшемдер»
тобы:
Ұраны: «Шыдамды еңбек, алғыр ой, анық досың
біліп қой»
Әні:
Апталық та
басталды
Сайысқа түсер кез келді
Сандар мен
Өлшемдер
Математика
бастауы
Қ-сы
Ей, Өлшем-ай, Сандар-ай
Оқу білім алтын-ай
Жеңсең «Сандар» тасыма
Жеңілсең тағы жылама
Арман қуған-ей өлшем-ай
Қ-сы
Қарсылас топпен
сәлемдесуі:
Жарысуға жалықпай
Үміт оты жалындай
Үйренуге, білуге
Хош келіпсіз,
сайысқа
Әділ қазылар
алқасымен сәлемдесуі:
Армысыздар
әділ-қазы алқасы
Әділдік сұрап
сіздерден
Тілек қылар
баршасы
Әділ қазы
алқасына «Өлшемдерден» мың сәлем!
Жанкүйерлермен
сәлемдесуі:
Армысыздар,
жанкүйер
Сіздерден көмек
бір тиер
Мың-мың сәлем
сіздерге
Ақ пейілді
жанкүйерлер.
Топ
жетекшісінің тобын таныстыруы:
Тобыма менің
қарасаң,
Сан өлшемді
табарсың
Ұзындыұ өлшем
бірлігі
Санти, Деци, км
ғой
Олардың өзіндік
құпиясы
Сыры ме жыры бар
Атқаратын қызметі
Бар әлемде
біркелкі
Білер оны
құрлысшы
Құрлыс үйін
тұрғызса
Білер оны теңізші
Жүйткіген қайық
кемемен
Толып жатқан
мамандық
Керегін табары
бір шындық
Ал келесі бір
өлшемдер
Өлшеп берер
салмақты
Дүкендегі сатушы
Таразы мен гир тасын
Салмақтайды кг,
г-мен
Диқаншы мен
еңбеккер
Тонналап астық
бір өлшер
Сауыншы мен
зоотехник
Сүтті литрмен
мөлшерлер
Агроном мен
комбайыншы
Жер қыртысын
гектармен бағалар
Біле білсек білгенге
Үй маңында бір
пайда
Көкөніс, жеміс
еккенге
Ар дегенің ол қайда?
Міне осындай
өлшемдер
Керек физик
ғалымға
Керек химик
дарынға
Сондықтан көңілге
тоқы, біліп ал!
«Өлшем»
тобының
«Сандар» тобына сыйлаған гир тасы (1 г).
Гирді берген
себебім
Жетістігің
тонналап өсе берсін дегенім
Өкпе назың
біздерге
1 грамда болмасын.
«Өлшем»
тобының әділ-қазыларға
термометр сыйлауы
Термометр
бергенім
Жалындаған біз үшін
Намыс отын
қайраған
Оттай ысып
жайнаған
Жанкүйерлер
қызуын
Өлшей білсін
дегенім
«Сандар»
тобының қарсылас тобына
сыйлаған үлкен бестік
Бесті сыйға
бергенім
Білімді бол
дегенім
Өнер білім
жарыста
Жүлделі бол
дегенім.
Әділ қазыларға
таразыны қолдан істеп
сыйлайды.
Өлшегішті
бергенім
Әділ-қазы алқасы
Әділ болсын
дегенім
Жетістік пен
кемшілік
Қатар жүрсе
көрсеңіз
Таразымен
өлшеңіз.
І-ші сайыстың қорытындысы.
«Сандар» тобының мүшелерінің сөзі:
Мен бірлікпін, бірлікпін
Тікесінен тік
тұрмын
Соңыма ертіп
сандарды
Көш бастайын деп тұрдым
Мен екілік,
екімін
Бірмен көрші
тұрамын
Жұп сандарға
жақынмын
Амалдармен
татумын
Мен үшпін,
үштікпін
Мен өзгеше жаралған
Бойымда күш
қасиет
Ақыл, білім,
парасат
Үш тоқтам боп
бекіген
Ең жақсысы киелі
Үш санымен
берілген
Осыны көңілге түй
енді.
Мен “төрт» бұрышы
дүниенің
Оңтүстік, шығыс,
батыс, солтүстік елмін
Мен төрт қасиетті
кітаппын
Адамдардың сенім
ойын баураған
Мен төртпін
дарамын
Балалардың
біліміне бағамын
Білгендерге
данамын
Білімдіге панамын
Мен беспін,
бестікпін
Аспандағы
жұлдызбын
Жамандық пен
жақсылық
Қасиетті адамның
Бес өлшеммен
берілген
Ер қаруы – бес
қару
Нақыл сөзде
терілген
Мен беспін
дарамын
Білімдіге бағамын
Мен биікпін
шынармын
Білімді
бол!-ұраным
Мен алтымын,
алтымын
Ойыным бар
әртүрлі
Цирктегі жанглер
Қойды міне тамаша
Шықты цифр жаңаша
Алтылықтан –
тоғыздық
Дара сандар, жаңа
сандар
Қасиеті әр түрлі
Мен жетімін,
жетеумін
Есептік сан есім
Киелі сан жетемін
Дүниеде жоқ жетеу
Шежіреде де –
жеті ата
Өмірдегі шын
ғашық жетеу ғагна
Білімдіге бұл
маржан
Білімсізге тым
арзан
Мен сегізбін,
сегізбін
Қол ұстасқан
егізбін
Пішінім жұп
санына
Кейде шексіз шетсізбін
Мен нөлмін
дарамын
Ақылдымын данамын
Бағыт беріп
сандарға
Ортасында тұрамын
«Өлшемдер»
тобының мүшелері өздерін таныстырады.
«Сантиметр»
Ұзындық
өлшемдерінің бірі сантиметр, 1см=10 мм. Қазақ өлшемдерінің бірі «бір сүйем» ол 15см-ге тең, бас бармақ пен
сұқ қолдың керілген ұзындығы№ Сол сияқты «қарыс» ұзындық өлшемі, ол кең
керілген бас бариақ пен шынашақтың ара қашықтығы.
«Метр»
Ұзындық өлшем
бірлігі – метр. 1м=100 см. Метрге саусақтың ұшынан иыққа дейінгі аралықты
жатқызуға болады.
«Километр»:
Ұзындық өлшем
бірлігі – км. Ұзындық өлшемдеріне басқа елдерде де адам мүшесінің өлшемдері
қолданған. АҚШ пен Англия фут – 31
см (табан - өлшемі), ярд – 91 см (Король Генрихтің мұрын
ұшынан иығына дейін), 1 шақырым –500 сажын= 1км 67 см.
См, м, км –
ұзындық өлшемдері.
«Грамм»:
Бар әлемде бар
елде
Өлшегіштер бар
екен
Таразымен уақ тас
Ең азын өлшер
граммен
«Килограмм»
Дүкенде бар
тәттілер
Мөлшерлі ол – кг
1кг мың грамм
Ұсақтаған ептілер
«Центнер»
Келесі бір жаңа
Центнекр болар
шама
Центнерде 100 кг салмағы
Жоқ басқаша оның
алмағы
«Тонна»
Келесі бір көршің
Тонна болар өршіл
1000 кг, тонна ғой
Астық, көмір
товарың.
Г, кг, ц, т
салмақ өлшемдері.
Сұйықтарды
Литрмен өлшейді. 1л=1дм3. Мұнайдың көлемі барелльмен өлшенеді. 1
барелль – 159 л.
Ар. Ауданды
өлшегенде гектардан кіші өлшем ар жүздік қолданылады. 1га=100 а. 1а=100м2
Гектар. Гектар
аудан өлшемі: егістік, шабындық ауданын өлшейді. 1га=1000м2.
ІІ. «Ойна, ойла» сайысы.
ІІІ. Сайыс
қорытындысы.