Экспо 2017:
Болашақтың энергиясы
Қазақстан
тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017»
көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну
себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда,
энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін
іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден,
орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе
болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер
зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден,
Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің
дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы
энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл»
экономика құру бағытын ұстанғандығы.
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай?
Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрилиазацияның символы.
Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық
көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік
технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың
жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық
құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі
биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес.
Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян: Біріншіден, елордамыздың
әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде
қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына
шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын
білдіреді және Еуразия өңірінде-де оның даму келешегі кемел екенін
айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты
ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті.
Көп жылғы тарихы
бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді,
сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету
үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік
қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын
өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі
экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру
алаңы қызметін атқарады.