Жаяу жүргіншілер
психологиясы
Жаяу жүргіншілер
тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда,
жолды жағалай. Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан
жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер
арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай
жүргенде басқа жаяу жүргіншілер
үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін
бөлігінің жиегімен (көлік жүретін бөліктің ішкі
шетін бойлай — бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына
болады. Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы
болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін
болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе
көлік жүретін бөліктің шетімен (көлік жүретін бөліктің ішкі
шетін бойлай — бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда
қозғалуларына болады. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер
көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына
қарсы бағытта жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан,
мотоцикл, мопед, велосипеджүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысыныңбағытында,
жолдың оң жағымен жүруі тиіс Көлік жүретін бөлікпен
қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік қүралдарының қозғалысы
бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рүқсатетіледі.
Колоннаныңалдынанжәне артынан сол жағымен қызыл жалау-ша ұстаған жүруші,
тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында
— алдында ақ түсті, артта қызыл түсті
жағулы фонарьмен жүруі тиіс. Балалар тобын тек қана
тротуармен және жаяуларға арналған
жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда — жол жағасымен, бірақтәуліктіңжарықуақытындажәне
ересектердің бастауымен алып жүруге рұқсат
етіледі Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті
жаяу жүргіншілерге арналған, оның
ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда — қиылыстардан
тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі
тиіс. Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін
бөліктің шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін
жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін
бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған
кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған
жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады. Қозғалыс реттеліп тұратын
жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда
— көлік бағдаршамын басшылыққа алады. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер
өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін
белікке жақындап қалған келік құралымен арақашықтықты,
оның жылдамдығын бағалап және
кесіп ету олар үшін қауіпсіз екендігіне кез жеткізгеннен кейін шығуына
болады. Көлік жүретін белікті жаяу жүргіншіге арналған
етпеден тысжерлерден кесіп ету кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан
басқа келік құралдары үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған
келік құралы-ныңжоқтығына көзжеткізбейіншетоқтаптұрған келік құралының
немесе көрінуді шектейтін езге кедергініңтасасынан
шықпауы тиіс.
Көлікжүретін белікке шыққаннан кейін жаяу жүргінші,
егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе
аялдамауы тиіс. Жолды кесіп етуге үлгермеген жаяу жүргінші
қарама-қарсы бағыттағы келік легін бөлетін сызықта
аял-дауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз екендігіне кез жеткізгеннен кейін
бағдаршамның (реттеушінің) сигналын ескеріп, жолдан етуді
жалғастыруға болады. Жарқылдайтын кек маягі бар және
арнайы дыбыс сигналы іске қосулы келік құралы жақындаған
кезде жаяу жүргіншілер жолдан етпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер
осы келік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай
келікжүретін белікті босатуы тиіс. Маршруттық көлік құралы
мен таксиді келік жүретін белікке қарағанда биігірек тұрған
отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда — тротуарда немесе жол жағасын-датұрып күтуге рұқсатетіледі.
Биігірекотырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялда-ма пункттерінде көлік құралына
отыру үшін келікжүретін бөлікке
шығуға ол тоқтағаннан кейін ғана рұқсатетіледі. Түскеннен
кейін келікжүретін бөлікті кідірместен босату керек.
Соның салдарынан 2061 адам
қаза тауып, 11 923 адам жарақат алған. Иә, тоғыз айдың ішінде 10 мыңға жуық
жол-көлік оқиғасы деген тым көп. Мұндай статистикалық мәліметтерді жариялаған
жол полициясының мамандары да жүргіншілер қауіпсіздігі мен жол жүру мәдениетіне
алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені жол-көлік оқиғаларының тең жартысына жаяу
жүргіншілер себепкер болатын көрінеді.
Ресми деректерге сенсек, республика бойынша
жол-көлік оқиғасы ең көп тіркелетін қала – Алматы. Ал жол-көлік оқиғаларының
орын алуына, апатты жағдайдың туындауына көп жағдайда жаяу жүргіншілердің жол
жүру ережесін бұзуы себеп болады екен. Өйткені біздің қоғамда жол жүру
ережесі тек жүргізушілер үшін деген түсінік қалыптасқан. Статистикалық
мәліметтерге сенсек, жыл басынан бері Алматы қаласында 110 мың жаяу жүргінші
жол жүру ережесін бұзған. Бұл – жол сақшыларының назарына іліккендері ғана.
Полицейлердің сөзіне сенсек, оңтүстік астанада әрбір екінші жол-көлік
оқиғасының туындауына себеп болатындар – жаяу жүргіншілер. Сондай-ақ жол апатынан
қаза болатын әрбір үшінші адам – жаяу жүргінші. Оның себебі – көп жағдайда жаяу
жүргіншілердің арнайы жерлерден өтпей, жол ережесін бұзуы. Жол полициясы
мамандарының айтуынша, қаланың барлық жерлерінде жаяу жүргіншілерге арналған
аспалы жол да, жерасты жолдары да жеткілікті. Тек бар кінә қала тұрғындарының
жол жүру мәдениетінің төмендігі, жалқаулығы мен жауапсыздығында.
Алайда кей жағдайда арнайы жүргіншілер жолының
болмау себебінен де жол-көлік оқиғасы тіркеліп жатады. Бір ғана мысал
келтірейік, осыдан бір ай бұрын Алматыдағы Саин мен Райымбек көшелерінің
қиылысында үш баланы бірдей көлік қағып кетті. Өйткені ол тұстағы жолдың қарсы
бетінде сауда, ойын-сауық кешені орналасқан. Сол маңдағы тұрғындар жолды белгіленбеген
жерден кесіп өтуге мәжбүр. Себебі жерасты жолы 500 метр қашықтықта.
Қалыптасқан осындай жағдайдың салдарынан сегіз
жастағы қыз бала мерт болып, төрт және бес жастағы екі ұл бала түрлі дене жарақаттарымен
ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік апатына айыпты ретінде автокөлік
жүргізушісі қамауға алынды. Орын алған апаттың тереңіне үңілсек: бұған тек
жүргізуші кінәлі ме? Неге ол тұста жүргіншілер үшін арнайы өткел салынбаған?
Неге бүлдіршіндер қараусыз қалып, жол үстіне шықты? Әрине, бұл жерде
жүргізушінің мүлдем кінәсі жоқ деп отырған жоқпыз. Бірақ басқалардың кінәсі
ұмыт қалған сияқты.
Бір қызығы, «көп жағдайда жаяу жүргінші кінәлі
болды» десек те, осы уақытқа дейін бірде-бір жаяу жүргіншінің автокөлікке
келтірілген шығынды өтегені не болмаса жауапқа тартылғаны жайлы естімеппіз.
Қандай жағдай болса да, жүргізуші кінәлі болып шығады.
Жолақсыз жол кінәлі ме, жауапсыз жүргінші ме?
Жол полициясы өкілдерінің айтуынша, жаяу
жүргіншілерге арналған жолақтар көпшіліктің сұранысы бойынша салына бермейді.
Мемлекеттік сараптама талаптары күн сайын күрделеніп жатқандықтан, барлық
құрылыс нысандарының айналасындағы көлік қатынасы мен жаяу жүргіншілердің
қауіпсіздігі қатаң бақылауда көрінеді. Сондықтан полицей мырзалар «дөңгелек
астына түсіп мертіккендердің өздері кінәлі» деп отыр.
Еркін Өтегенов, Алматы қаласы ІІД Жол полициясы
басқармасы үгіт-насихат және БАҚ-пен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, полиция
майоры:
– Елімізде заң бар, мемлекеттік стандарттар,
яғни ГОСТ бар, кез келген құрылыс нысаны сол құжаттардың негізінде тұрғызылады.
Жол қозғалысын реттейтін бағдаршамдар, жол белгілері мен жол сызықтары да
заңға, талапқа сай орнатылған. Тіпті күнделікті үлкен көшелерге мониторингтер
жүргізіп отырамыз. Егер әрбір көшенің тұрғыны тілек білдіріп отыр деп жаяу
жүргіншіге арналған жолдарды жолақтай берсек, соғұрлым көлік кептелісі де
көбейіп, жол апатынан жапа шегетіндердің де қатары өседі. Мысалы, жолайрықтар
арқылы өтетін көліктер ережеге сәйкес бірнеше көшені айналып, тиісті жермен
бұрылып, сол көшелердің бойына түсіп, ары қарай жүреді. Ал жаяу жүргінші
жүздеген метр жерді неліктен жаяу жүргісі келмейді? Себебі қарапайым
халықтың психикасы осындай біржақты пікірден арыла алмай қалған. Әйтпесе
талап бәріне де бірдей. Сондықтан көлік жүргізушілерін айыптай берудің қажеті
жоқ, бар кінә – халықтың жауапсыздығы мен жалқаулығында.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ішкі істер
департаменті баспасөз қызметінің басшысы:
– Алып шаһарда ең көп тіркелетін апат –
жол-көлік апаты. Оның басым бөлігі жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерлерден
жолды қиып өтуінің кесірінен болып жатады. Бірақ сол апаттан айыпты деп танылатындар
– көлік жүргізушілері. Жалпы, кез келген төтенше оқиғада екі тарап та кінәлі.
Ересектер жол ортасындағы қоршаулардан секіріп, ойына келген жерден жолды
жүгіріп өтіп жүрсе, әрине, балалар да солай жасайды. Үлгі болудың орнына
балаларын қараусыз қалдырып жүре беретін ата-аналардың кесірінен кәмелетке
толмаған балғындар жапа шегіп жатады. Өкінішке қарай, қала тұрғындарының жаяу
жүргіншіге қойылатын заң талаптарын білмеуі және жол-көлік қозғалысының
ережелеріне салғырт қарауы бұл мәселені шешуде қиындық тудырып отыр.
Дерек
Мамандардың айтуынша, биыл жол апатының құрбаны
болғандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда артқан. Нақтырақ
айтқанда, жол-көлік оқиғасынан көз жұмғандардың қатары – 17,9%-ға, зардап
шеккен бүлдіршіндердің саны – 74%-ға, қаза тапқан балалар – 28%-ға,
жарақаттанған жасөспірімдердің саны 82%-ға артқан.
Әлемде бір жыл ішінде 1,5 миллионға жуық жаяу
жүргінші көліктің астына түсіп қаза табады екен. Ал Ресейде – 4000 адам.
Түйін
Бұл тақырыпты қозғаудағы мақсат жаяу
жүргіншілерді айыптап, көлік жүргізушілерін ақтап алу емес. Айтпағымыз –
жолдың арғы бетіне өтуге де салмақты көзқарас пен саналы шешім керек. Себебі
бұл сіздің және жүргізушінің, сондай-ақ айналадағылардың өміріне қауіп
төндіруі мүмкін. Және әркімнің жақыны, туысы сол жазықсыз жүргізушінің орнында
болуы мүмкін. Сондықтан жүргінші де, жүргізуші де жол жүру ережелерін сақтауы
тиіс.
Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi
3.1. Жаяу жүргiншiлер тротуармен немесе жаяу жүргiншiлерге арналған жолдармен,
ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай, сондай-ақ Ереженiң 17.1 және 17.4.
тармақтарының талаптарына сәйкес қозғалуы тиiс.
Көлемi үлкен заттарды көтерiп немесе алып келе
жатқан жаяу жүргiншiлер, сондай-ақ двигателi жоқ мүгедектер арбасымен келе
жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу
жүргiншiлер үшiн кедергi келтiретiн болса, жолдың жүргiн бөлiгiнiң жиегiмен
(көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай - бөлу жол жолақтары бар жолдарда)
қозғалуына болады.
Тротуарлар, жаяу жүргiншiлерге арналған жол
немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкiн болмаған
жағдайда, жаяу жүргiншiлер велосипед жолымен немесе көлiк жүретiн бөлiктiң
шетiмен (көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай - бөлу жол жолақтары бар
жолдарда) бiр қатарда қозғалуларына болады.
Елдi мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргiншiлер
көлiк жүретiн бөлiгiмен қозғалған кезде көлiк құралдарының қозғалысына қарсы
бағытта жүруi тиiс.
Көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен двигателi жоқ
мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргiзушi адамдар
көлiк құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруi тиiс.
3.2. Көлiк жүретiн бөлiкпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргiншiлер колоннасына
көлiк құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық
емес, қозғалуға рұқсат етiледi. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен
қызыл жалауша ұстаған жүрушi, тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз
көрiну жағдайында - алдында ақ түстi, артта қызыл түстi жағулы фонарьмен жүруi
тиiс.
Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға
арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бiрақ тәулiктiң
жарық уақытында және ересектердiң бастауымен алып жүруге рұқсат етiледi.
3.3. Жаяу жүргіншілер көлік
жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті
өтпелерінен, ал олар болмағанда көру шегінде - қиылыстардан тротуарлар мен жол
жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.
Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы
болмағанда көлiк жүретiн бөлiктiң шетiне, екi жақтан да жақсы көрiнетiн жерден
тiк бұрыш жасап жолды кесiп өтуге болады. Көлiк жүретiн бөлiктi елдi мекенде
бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргiншiлерге немесе жол
қоршаулары орнатылған жерлерде кесiп өтуге тыйым салынады.
Ескерту. 3.3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР
Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қаулысымен.
3.4. Қозғалыс реттелiп тұратын жерлерде, жаяу жүргiншi, реттеушiнiң сигналын,
ал ол болмағанда - көлiк бағдаршамын басшылыққа алады.
3.5. Реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпелерiнен, жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн
бөлiкке жақындап қалған көлiк құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап
және кесiп өту олар үшiн қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн шығуына
болады. Көлiк жүретiн бөлiктi жаяу жүргiншiге арналған өтпеден тыс жерлерден
кесiп өту кезiнде жаяу жүргiншiлер, бұдан басқа көлiк құралдары үшiн кедергi
келтiрмеуi және жақындап қалған көлiк құралының жоқтығына көз жеткiзбейiнше
тоқтап тұрған көлiк құралының немесе көрiнудi шектейтiн өзге кедергiнiң
тасасынан шықпауы тиiс.
Ескертпе. Реттелетiн және реттелмейтiн жаяу жүргiншi өтпесi түсiнiгi Ереженiң
13.4-тармағында белгiленген реттелетiн және реттелмейтiн қиылыс түсiнiгiмен
бiрдей.
3.6. Көлiк жүретiн бөлiкке
шыққаннан кейiн жаяу жүргiншi, егер бұл, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етумен байланысты болмаса, кiдiрмеуi немесе аялдамауы тиiс. Жолды кесiп өтуге
үлгермеген жаяу жүргiншi қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлетiн сызықта
аялдауы керек. Әрi қарай қозғалыстың қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн
бағдаршамның (реттеушiнiң) сигналын ескерiп, жолдан өтудi жалғастыруға болады.
Ескерту. 3.6-тармаққа өзгерту енгізілді -
ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми
жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
3.7. Жарқылдайтын көк маягi бар және арнайы дыбыс сигналы iске қосулы көлiк
құралы жақындаған кезде жаяу жүргiншiлер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол
үстiндегiлер осы көлiк құралдарына жол беруi және мүмкiндiгiне қарай көлiк
жүретiн бөлiктi босатуы тиiс.
3.8. Маршруттық көлiк құралы мен таксидi көлiк жүретiн бөлiкке қарағанда
биiгiрек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе
жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етiледi. Биiгiрек отырғызу алаңдарымен
жабдықталмаған аялдама пункттерiнде көлiк құралына отыру үшiн көлiк жүретiн
бөлiкке шығуға ол тоқтағаннан кейiн ғана рұқсат етiледi. Түскеннен кейiн көлiк
жүретiн бөлiктi кiдiрместен босату керек.
Аялдама пунктiне немесе одан көлiк жүретiн бөлiк
арқылы қозғалыс кезiнде жаяу жүргiншiлер Ереженiң 3.4.-3.7. пункттерiнiң
талаптарын басшылыққа алуы тиiс.
4. Жолаушылардың
мiндеттерi
4.1. Жолаушылар:
қауiпсiздiк белдiгi бар көлiк құралымен жүргенде
оларды бекiтуге (2.1.2.-тармақты ескерiп), ал мотоциклмен жүргенде - мотошлемдi
түймелеуге;
тротуар немесе жол жағалауы жағынан және көлiк
құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана отырғызуға және түсiруге мiндеттi.
Егер тротуар немесе жол жағалауы жағынан мүмкiн
болмағанда, ол қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiпсiз және кедергi
келтiрмейтiндей болмағанда ғана көлiк жүретiн бөлiгi жағынан жүзеге асырылуы
мүмкiн.
4.2. Жолаушыларға:
жүргiзушiнi көлiк құралы қозғалысы кезiнде оны
басқарудан алаңдатуға;
борт платформасы бар жүк автомобилiнiң үстiнде
келе жатып түрегелiп тұруға, бортқа немесе борттан биiк тұратын жүк үстiне
отыруға;
көлік құралының қозғалысы кезінде оның есігін
ашуға, сондай-ақ терезе ойығынан, люктен басын шығаруға.
Ескерту. 4.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР
Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қаулысымен.