Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің
технологиялық картасы
Жасы: 3-4
Мақсаты: балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың
киімін ажырата білуге үйрету. Үш-төрт сөздермен сөйлем құратып, сөздік қорын
дамыту. Ұқыптылыққа баулу.
Алдын –ала жұмыс: киім, киім туралы әңгімелесу
Сөздік жұмыс: Киім
Дидактикалық құралдар: Игровизор, ұл бала
және қыз бала бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеті
|
І - кезең Мотивациялық қозғаушы
|
Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады. Суретке көңіл аударып, ұл баланың киімдерін және қыз баланың киімдерін атайды. Суреттегі киімнің атын атайды. -Балалар, қане, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы. -Данара сенің үстіңде қандай киімдер бар? Данияр , сенің үстіңде қандай киімдер бар? -Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол!
|
Балалар тәрбиешінің көмегімен жақсы сөздер айтады. Суретке қызығушылық танытады. көйлек, жейде т.б. Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады. Ұл балада қандай, қыз балада қандай киім болатынын атайды.
Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса айтуға тырысады.
|
ІІ – кезең Мотивациялық қозғаушы.
|
Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады. «Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып алып берулерін өтінеді. Сергіту сәті 1. «Бұл не?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді. «Ажырат!» дидактикалық ойыны. Шарты:Игровизор арқылы қыз және ұл баланың киімдерін сызып көрсету.
|
Балалар қуыршақтарға және дүкенге баратындарына қуаныш танытады. Балалар дүкенге келіп: -Мен мына киімді аламын, -деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не себепті алғанын, (ұл баланың, қыз баланың киімін) және түстері туралы әңгімелейді. -Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі әдемі. -Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым ұл бала. Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын, түстерін әңгімелеуге тырысады.
Бір, екі, үш деп, Алақанда соғамыз. Жоғары-төмен қараймыз, Орнымызды табамыз. Қимыл-қозғалыстармен орындайды. Игровизор арқылы қыз бала және ұл баланың киімдерін өз –өзіне сызықтармен сызып көрсетеді. |
ІІІ- кезең Рефлексивті-түзеуші
|
Тәрбиеші не істегендерін сұрайды. Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге талпынғандарын бағалайды. Сыйлық жасайды. (смайлк береді) |
Балалар дүкенге барғандарын киімдер сатып алғанын, сергіту сәтін жасағандарын және игровизормен жұмыс жасағандарын айтады. Сыйлыққа балалар қуанады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: киімдерді сипаттай
алуды;
Түсінеді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды;
Қолданады: 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды.