Cергіту сәттері
1.Саябаққа барамыз,
Алма теріп аламыз.
Ең үлкенін,тәттісін,
Себетке біз саламыз.
2.Ұзын құлақ сұр
қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
3.Жапырағы жайқалған,
Сабақтары салалы.
Жерге ырғалып шайқалған,
Өсімдіктер жатады.
4.Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
5.Қоюланып қара
бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.
Cергіту сәттері
1.Бір саусағым тіпті
де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ жол салсақ.
2.Мен қанатты
жазамын,
Суға сүңгіп аламын.
Суда жүріп жүземін,
Оң қанатты бір қағып,
Сол қанатты бір қағып.
3. Биік болып
өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Біз тынығып аламыз,
Әсем сурет саламыз.
Cергіту сәттері
1.Бойды сергек тік
ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолынды соз алға,
Қол ұшына қара да.
Ұшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тындасын.
2.1 дегенде тұрайық,
2,3,4-алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып.
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
3.Алып атам күрегін,
Аула қарын күреймін.
Еденді де жуамын,
Шаң тозаңды қуамын.
4.Жай қолыңды оң
жаққа,
Жай қолыңды сол жаққа.
Қол айналдыр бұлжытпай,
Екі шеңбер сызғандай.
Сәл тынығып байқа да,
Он шақты рет қайтала.
5.Бас бармағым-атам,
Үйдің данасы.
Балан үйрек-әжем,
Ошақ анасы.
Ортан терек-әкем,
Отау тынысы.
Шылдыр шүмек –шешем,
Шаңырақ ажары.
Титти бөбек-мен,
Бәрінің назары.
Cергіту
сәттері
1.Қолға алып шарды,
Үрлеймін мен былай.
Үф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты.
Жарып алдым шарды пааааах...
2.Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
3.Қане балалар,тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.
4. Жапырақтай
жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Денемізді тік ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
5.Біз гүлдерше
өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.
6.Апам үшін күнде
мен,
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Сыпырамын үй ішін,
Жуам ыдыс-табақты.
Жылай қалса бөпемді,
Жұбатамын ойнатып.
7.Қәне,қайсы алақан,
Біз
кішкентай балапан.
Аралардың нәрі,
Бау-бақшаның сәні.
Тік,тік,тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Менің тұрақты мекенім,
Сәнді етіп жүремін.
8.Орнымыздан
тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Достық үйін құрамыз.
9.Далам қандай
тамаша,
Тауға шығам таласа.
Ойға түсем зымырап,
Қозы лақтай шапқылап.
Құлын тайдай тебісіп,
Сергіп қалдым келісіп.
10.Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей болып өріліп.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып керіліп.