Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын
ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын
түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін
дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар,
доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» сайысына қош
келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Бүгінгі сайыста 4 топ қатысады.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
- Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. «Секіртпемен секіру.»
Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы
орындау.
ІІ кезең: «Аққала»
Шарты:
1. Үлкен резеңке доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
2. Допты жерге ұрып жүгіру.
3. Футбол добын теуіп бару.
4. Допқа шелек кигізу.
ІІІ кезең: «Туннель»
Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан
өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.
ІV кезең: «Дартс» Шарты: дротиктерді лақтырып, тиген жердегі сан есептелініп,
сол бойынша қай топтың ұпайы көп, сол топ сол шарттың жеңімпазы болады.
V кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны
саналады.
Құрметті сайыскерлер, шарттар түсінікті болса сайысымызды бастаймыз! Сіздерге
сәт сапар!
1 - Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
2 - Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
3 - Топтың ұраны:
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
4 - топтың ұраны: Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,
марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік
етейік!
Сайыстың соңында барлық қатысқан
балаларды марапаттайды.