Текст
23 қараша 2020 жылы «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі» атты жалпыреспубликалық сынып сағаты өткізілді. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мәңгілік өзгермейтін қүндылықтар туралы әңгіме айтылады. Әрбір адам өмірге адал өмір сүру, адамдарға риясыз қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану, кез келген жағдайда сабырлық сақтап, ақыл- парасатына жүгіну, ешкімге және ешнәрсеге қиянат жасамау үшін келеді. Өзін-өзі тану сағатының мақсаты: «бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету.