Қосымша білім беру жүйесін дамыту-оқушыға кәсіптік бағдар берудің тиімді жолы
Бүгінгі таңда адамзаттың жоғары индустриалды және ақпаратты қоғамға қарқынды түрде өтуіне байланысты өркениеттің бет-бейнесі тұтастай өзгеруде. Елдің өркендеуі білім беру жүйесін, онын мазмұны мен құрылымын жаңартуды қажет етеді. Яғни, қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі - бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болуы қажет. Жасөспірімдердің қалыптасу кезеңі мен жетілуді бастарынан өткізіп ,болашақта қиын және күрделі өзгерістер арқылы ересектер әлеміне бейімделуі үшін көптеген дайындықтар қажет.Бұлай дейтініміз, жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі: адам өмірден ең алдымен білім мен тәжірибе алады, әдептілік ережелерін, үлгілерін меңгереді, моралдік нормалар мен құндылықтарды қабылдайды. Одан барып, жасөспірімдер ерекше қасиеттерімен өз алдына әлеуметтік-демографиялық топ ретінде танылады. Біздің еліміздегі нарық заманында адамдардың экономикалық белсенділігі мен ынтасын жаңарту, жас ұрпақтың жаңаша өмір сүруіне қызмет етуіне жағдай жасауда. Жасөспірімдерді кәсіби бағыттау барысында :
- олардың мамандыққа деген тұрақтылығы мен өзінің қабілеттілігін көрсете білу;
- болашақ мамандығына байланысты оқу пәндерін тереңдеп оқу;
- болашақ қызметінің талаптарына жауап беретін жеке басының қасиеттерін дамыту;
- еріктілік және сезімдік қасиеттерді, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру;
- өзінің еңбек қызметі, мамандық әлемі, еңбек нарығының жай-күйі туралы түсінік қалыптастыру;
- жұмыс істеуге ынтасын арттыру; ой-өрісінің дамығанын сезінуі керек.
Осы мақсаттарға жету үшін оқушылармен, ата-аналармен, басқа пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс істелуі қажет. Демек, оқушы мен ұстаз бір-бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы, бұл кәсіптік бағдар берудегі басты міндет. Жасөспірімдерді білімді, жан-жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып жұмыла кіріскен нәтижелі болады.
Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Осымен қатар кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіби бағдар беру жүйесінде кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғы шарттары жоғары сыныптарда туындайды. Олардың бойында танымдық қызығушылық дами отырып, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіби мүддесі пайда бола бастайды. Алайда, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын өз деңгейінде біле бермейді. Соңғы кездерде жастар арасында ғылыми қызмет беделі төмендеп, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтары баяу өсуде. Мұндай құбылыстарды жою үшін ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр.
-Оқу пәндерінің білімін тереңдету,кеңейту,толықтыру;
-Балаларды мәдени-әлеуметтік іс-әрекет түрлеріне баулу;
-Коммуникативтік тәжірибені кеңейту;
-Кәсіби бағдар беру;
-Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру;
Үйірмелер-баланы қызықтыратын іс-әрекет саласында өз мүмкіншіліктерін сынайтын , шыңдайтын ынтымақ пен қарым-қатынас ортасы.
Үйірме арқылы баланың қарапайым қызығушылығы мазмұнды ұйымдастырылған маңызды іс-әрекетпен айналысуға,сол арқылы өзін-өзі дамытып жетілдіруге көмектеседі.