Пәні: Өзін – өзі тану
Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану, өмірді тану
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі
тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;
* адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін
және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;
* сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке
тәрбиелеу.
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық, «алтын сақа»(асық).
Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп
шығады, А.Асылбековтың «Шұғылалы әлем»атты өлеңін мұғалім айтып,оқушылар
қайталайды.
Әңгімелесу Сабақ тақырыбына тарту
мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:
* Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?
* Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер
байқадыңдар?
Мәтінмен жұмыс «Мақтай неге мақталар?» өлеңіндеде
аталған жақсы қасиеттерді атап, оқушылар аталған қасиеттерді бірге оқиды.
Ойын Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып шығуы
үшін ойын ұйымдастырылады.
Мәтінмен жұмыс «Екі дос және қария» аңыз әңгімені оқып
шығу.
Тыныштық сәті Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Дәйексөз «Өзін-өзі танудың»кіріспе сабағы
болғандықтан өзін-өзі танудың қажеттілігін білу мақсатында дәйексөз
түсіндіріледі.
Жаңа ақпарат Балаларды жаңа ақпаратпен таныстыру,
өзін-өзі тану туралы ой түйіндеу.
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына
жауап жазу.
Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген
сөздерді пайдаланып, сабақты қорытындылау.
Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрып, қол
ұстасып бәрі бірге «Өзін-өзі тану арқылы өмірді танимыз» деп екі рет
қайталайды. «Керек» өлеңін оқиды.
Өзін- өзі тану .
4-сынып. 1-тоқсан
2-ші сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін
кеңейту;
* Білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту;
* Білімді бағалауға тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «білім»құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,
бір-бірімен сәлемдеседі.
Әңгімелесу Білімнің адамға пайдасын түсіндіру
мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін
оқушылармен қосылып айту.
* «Білекті- бірді жығар,білімді-мыңды
жығар»деген мақалды қалай түсінесіңдер?
* «Кітап-білім бұлағы,білім-өмір
шырағы».-дегенді қалай түсінесіңдер?
* Білімнің адам өміріне қандай пайдасы
бар?
Білімді өз бойларыңа қандай жолмен
жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Қ.Толыбаевтың
«Құштарлық»әңгімесін оқу.
* Талапты баланың біліиге деген құштарлығын
қалай аңғаруға болады?
* «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын
қазына»дегенде нені түсінесіңдер?
* Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый
жақсы қасиеттерді көрдіңдер?
Дәйексөз Тақтаға жазылған «Оқу-білім
бұлағы,білім-өмір шырағы» деген мақалдың мәнін түсіндіру.
Жаңа ақпарат Оқушылардың сабақта алған білімдері
жаңа ақпарат арқылы түйінделеді.
«Адам білім арқылы қоршаған табиғатты,
айналаны танып біледі.»
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың білім туралы
білетіндерін толықтыру мақсатында Ф.Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңін
оқуды ұсыну.
Тапсырма Тақырыпты пысықтау мақсатында төмендегі
тапсырманы орындау тапсырылады.
«Аружанға хат жазып,өз тілектерін
білдіру.»
Ойын-жаттығу Оқушылардың білімге құштарлықтарын
байқау мақсатында «Жалғасын тап» атты ойын-жаттығу
ұйымдастыру.
Дәптермен жұмыс Оқушылардың сабақта айтылған ойларды
пысықтай түсу үшін дәптердегі тапсырма орындалады.
Тыныштық сәті Балалардың қабілетін арттыру
мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі,ойы сергітіледі.
Жүректен жүрекке Оқушылар білімге құштарлықтарын
А.Сопыбаевтың өлеңі арқылы білдіреді. Бәрі бірге екі рет қайталайды:
Талаптанып Білім алып
Қанаттанып, Тұлғаланып,
Өмір сырын ұғамыз.
Азамат боп шығамыз.
Өзін- өзі тану .
4-сынып. 1-тоқсан
3-ші сабақ.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ойлы бала озар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Терең ойдың,ойлаудың адам өміріндегі
маңыздылығын түсіндіру;
* Ойлай білу іскерліктерін дамыту;
* Ойлылыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: «Ой» ұғымының құндылық ретінде мәнін
ашу.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып
тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі. Балалар бір-біріне жақсы тілектер тілеп,
М.Хакімжанованың «Сәби ойы» өлеңін оқиды.
Жаңа ақпарат Оқушыларды «Адам ойлылығын
іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап,ақылмен істеген адам
айналасындағыларға сыйлы болады. Ол өз мақсатын айқын көріп, мұратына жете
алады.» - деген жаңа ақпаратпен таныстыру.
Дәйексөз Ұлы Абайдың «Терең ой-асыл
іс» деген нақыл сөзіне оқушылырдың зейінін аудару және оның мәнін
түсіндіру.
Тапсырма Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде
көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырма ұсыну: «Ойлау арқылы адамзат қандай
жетістіктерге жеткенін айтып беру».
Ойын Балалардың ойлылығын байқау мақсатында ойын
ұйымдастыру.
Тыныштық сәті Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың
денесін,ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Дәптермен жұмыс Асан мен Үсеннің бойындағы
қасиеттерді жазу.
Қорытындылау
-Бүгінгі сабақта ойлану мен терең ойдың
мәнін түсіндік және оған қол жеткізудегі адами қасиеттер туралы білдік.
Жүректен жүрекке Оқушылар шеңберге жиналып, «Менің
жадым» өлеңін оқиды.