Сабақтың
тақырыбы: «Алтын жүрек –Анамыз».
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар
қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы
адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары туралы
мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Еліміздегі адамгершілік - рухани білім беру саласының
дамуына Сара Алпысқызының қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық
халықтардың арманы - өзара түсіністікпен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру.
Дамытушылық:«Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды
жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу арқылы
дамыту.
Тәрбиелік:Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас
ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам
атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік
қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздар, карточкалар, қарындаштар.
Әдіс
тәсілі: топтық жұмыс, ойланайық,
пікірлесейік, дәйексөз.
Сабақтың
жоспары: I Шаттық шеңбері
II Ойланайық,пікірлесейік
III Әңгімелесу
IV Өлең оқу
V Мәтінмен жұмыс
VI Топтық тапсырма
VII Жағдаятты
талдау
VII Ойын
«Ыстық орындық»
IX Дәйексөз
X Қорытынды
XI Жүректен -жүрекке
Сабақтың барысы: I Шаттық
шеңбері
- Қайырлы күн құрметті балалар! Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға
шақырамын. Шеңбер бойымен жүрекшені бір – бірімізге бере отырып,
көршілеріңізбен амандасып тілек айтуларыңыз сұраймын.Тілектеріңізге көп рахмет.
Жүрегіміз қуанышқа толды. Ендеше сабағымызды бастайық.
Ойланайық,пікірлесейік
- Балалар, «алтын жүректі», «үлкен жүректі» деген сөздер қандай мағынада
айтылады?
- «Алтын жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?
Өзіңе деген сенімділік, өзіңді
таба білу дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелесу
Балалар, бүгінгі сабақтың өзіндік бір
ерекшелігі бар. Ол – «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті Сара
Алпысқызы Назарбаеваның сан – салалы қайырымдылық қызметімен қатар туған күніне
арналады.
Ендеше жігіттер мен өткен сабақта үйге тапсырма берген болатынмын Сара апамыз
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12
ақпанда Қарағанды обылысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын
қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара
Алпысқызының елбасымыз Н. Ә. Назарбаевпен отасқанына 50 жыл толды. 3 - қызы
бар, немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана.
1992
жылдан бастап Сара Алпысқызы балаларға рухани - адамгершілік білім беру және
тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек»
республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалашы және президент.
1994
жылдан бастап «SOS - Қазақстан балалар аурулары» қорының президенті. 1999 жылғы
наурыз айынан «Демография қайырымдылық қоры» кеңесінің төрайымы.
Сара
Алпысқызы - қоғамның, адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бірнеше
кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды.
Сара
Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру
панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның
бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң
қабылданды. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін
отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жас өскіндер үйлері
ашылуда.
Сара
Алпысқызы көптеген кітаптардың авторы. Атап айтсақ:
1. Порфирий Корнеевич Ивановтың «Детька» жүйесін
пайдаланушы қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және
дамытудың мәселелері 1999 ж
2. «Өзіңе жол» Порфирий Корнеевич Ивановтың
ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде 1999ж.
3. «өмір этикасы» 2001 ж.
4. «Сүйіспеншілікпен» 2001 ж.
Сара Алпысқызы балалардың құқықтарын қорғау
саласындағы еңбектері үшін:
«1 - Дәрежелі Достық орденімен 2001 ж.»
«Алтын жүрек» Халықаралық сыйақысының лауреаты
2006 ж.
«Ш. Айматов атындағы «Алтын медаль» 2003 ж.
«БҰҰ – ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі»
2007 ж.
«Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы».
«Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше
еңбегі үшін - sos - Киндердорф»халықаралық қорының алтын медалі 1999 ж.
«Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала
қайдан табылар» бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала
білген, әлемнің анасы атанған өз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен
үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді, адал, Отанымыздың туын биік
ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болуларыңызға
тілекшіміз.
«Бала жанын ғажайып пен
жақсылыққа толтырсаңыз болады, оның өзі - ақ тәрбиелі болып шығады»- деп
ұлыларымыз айтқандай бала тәрбиесінде нәтижелі іске қол жеткізудің жолын тапқан
«Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және
президенті С. А. Назарбаеваның бала бойындағы мейірімділік пен қайырымдылық,
ізгілік пен рухани құндылықтарды арттыру және адамға деген сүйіспеншілікті
қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім берудегі жаңа «Өзін - өзі тану» пәні әр
баланың жүрегінің төрінен орын алғаны сөзсіз. Әр баланың жүрегіне жол таба
білген мейірімді жан.
Өлең оқу
1 Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы,
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.
«Жақындықпен
күресіп, жақсылықты жетелеп,
Қиындықсыз өмір жоқ, қиындықпен өт ептеп.»
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне панамыз,
Өзі бастап барардай бір сәулетті бекетке. (Т.Молдағалиев)
2 Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан,
Баспана боп оларға, келе жатсын болып нан.
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз-түн.
Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
(Т.Молдағалиев)
3 Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс.
Шешек жару, гүл
ату – Жер-Ананың төл ісі.
Жылағанды жұбату – ел-анадан қалған іс. (Т.Молдағалиев)
Мәтінмен жұмыс
С. Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып,
оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екеніне назар аударады.
«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін
құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін. Актриса
болуды армандадымда өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл таңдаулылардың
ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын «Балақайдың»
арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола
қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты
түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір – бірінен ажыратуға болатын
басты айырмашылық жан дүниесімен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін
айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен». (Сара Алпысқызы)
Топтық тапсырма. «Алтын жүректі анама» ашық
хат жасап, ізгі тілектерімізді жазамыз.
Жағдаятты талдау:
Бірде
көп балалы ана ұлдарына былай депті:
– Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын,
сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан
соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы
сұрақ жөнінде өз ойларыңды ортаға салсаңыздар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,-
депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар
едім, – дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
• Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың
ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, –
депті.
• Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам.
Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан
шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.
Ойын
«Ыстық орындық» деп аталады.
Дәйексөз
«Баланың бойындағы
қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін сендіру қаншалықты маңызды
десеңші. Адам өзін-өзі сыйлай білуі, ар-ұяты алдында таза болып, әділетсіз,
жөнсіз, әдепсіз іс-әрекеттің неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі тиіс.
Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен жүрекке жетіп, Әлемді Махаббат пен
Қайырымдылық шуағына бөлесін» (Сара
Алпысқызы)
Қорытынды:
Балалар,
сабағымыздың соңында Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ізгі тілегімен
қорытындылағым келіп отыр.
«Қымбатты балалар,
мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай
жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін.
Ата- анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік
айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда
болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық,
сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай
ізгі тілек тілеймін».
Жүректен – жүрекке:
Балалар ортаға шеңбер бойына тұрып, Әблахат Есбаев атамыздың «Бақытты балалық
шақ» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.