"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу мен жазу арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру.

20.10.2017

                                                                          

Қазақстанның болашағы мектептен

басталады.

                                                                                                                               

Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстан

Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік деңгейдегі білім

беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңдейдегі қатынастың

күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі кезде Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің

қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Еліміздегі білім беру

саласының алдында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасын

халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім беру саласының алдында

оқушылардың білім сапасын көтеру міндеті қойылып отыр.

Білім-ел қазынасы,

халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының  ең маңызды бөлігі десек, білімнің

негізі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім.

Қоғамдағы

әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде мектеп оқушыларына білім беру

бұрын қалыптасқан жүйеден әлдеқайда жоғары талаптар қояды. Бұл талапты жүзеге

асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі Білім сапасын заман талабына сай көтеру

үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген, үнемі

ізденуден жалықпайтын жаңа әдісті тиімді қолдана білуді меңгерген ұстаз ғана

нәтижелі табысқа жете алады.Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны

оқытпауы керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын

ұйымдастырушы, балаға бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс.Сонда ғана білім

сапасын жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа

технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальді, кәсіптік, адамгершілік,

рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін

тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына

көмектеседі.

Бүгінгі мектептің басты

мақсаты-болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп,

дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу. Ол үшін бүгінгі таңда білім беру саласында

оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу

мүмкін емес.

Ұстаздан білім мен

тәрбие алған шәкірттің алғыр, озық ойлы, жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзінде

емес, оның көрсеткен үлгісінде. Ұстаз-ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен

үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет керек.ХХ ғасырдың басында

Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан

жаңаны табатын өнер»деген екен.  Қазіргі таңда мектеп оқушыларының

мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын

жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз

байланысты екі жағдай әсер етеді:

1.Мұқият дайындалу.

2.Шеберлікпен өткізу.

Дұрыс жоспарланбаған,

оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа

дайындалу-нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс

ұйымдастыру. Инновациялық технология бұл әдістердің бастамасы, яғни

интербелсенді тақтаны қолданып сабақ жоспарын ұйымдастыру.Қазіргі кезде

ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары басшылыққа алынып

келеді.Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни

ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасы».

«Оқу мен жазу арқылы

сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы- ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар

қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып,

оны дәлелдей алу. Сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және

сол дәлелдермен қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Оқушылардың ойлау, қабылдау

қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы

іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын

арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың

биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан

ойлау» бағдарламасы деген болар едім.

Сын тұрғысынан

ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау.  Шығармашылық сөзінің төркіні-

«шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Демек, бұрын

тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекеті деп

тұжырымдалады.Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы

жеделдейді. (Л.С.Выготский) Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен жазу арқылы

сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор.

«Сыни ойлауды

дамыту»жобасы авторының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады.

— Күтілетін

нәтижелерді нақты айқындау;

— Жазба жұмыстарын

жиі орындау;

— Оқушының ой-өрісін

белсенділендіретін сұрақтар қою;

— Бірлесе оқу

тәсілдерін қолдану;

— Оқыту пәндерін әлеммен,

күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру;

Сын тұрғысынан

ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейде ойлау тек ересек адамдарға,

жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас

балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес

оны шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.Олай дейтінім мен осы

бағдарламаны басшылыққа алып жұмыс жасау барысында көз жеткіздім. Мұғалімдік

кәсіби шеберлігім жетіле түсті. Бағдарламаны басшылыққа алып сабаққа

пайдаланғаннан бері оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, болжау қабілеттері

мен жаңалықты тез қабылдауы, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделгенін

байқадым.

Әсіресе ана тілі,

қазақ тілі пәні бойынша үйге берілген мәтін бойынша ұнаған көрініске сурет

салып келу, сол тақырыпқа сай өлең құрастыру немесе ребус пен сөзжұмбақ

құрастыру тапсырылады. Бұндай тапсырманы оқушылар ерекше ынтамен орындап

келеді. Нәтижесінде бала ойлай отырып, елестетеді, қиялдайды, болжам жасайды.

Оқушыға тақырыптың мазмұнын толық меңгерте отырып, әсіресе, сурет салуға бейім

балалардың ойын ұштай түстім. Сурет немесе шығарма жұмысы арқылы оқушының

өзін-өзі тануына ықпал жасадым. Әрбір баланың еңбегін бағалап, мадақтау қажет.

Мысалы, ана тілі сабағында «Еліктің лағы» атты мәтінді өткенде 

ой-толғаныс сәтінде оқушыларға өлең құрастыру тапсырылды. Солардың бір-екеуіне

тоқталсам:

Елібай:Келе ғой лағым,

Міне тұр бұлағың.

Су іше ғой қанекей,

Мен күтіп тұрамын.

Амина:Қанекей лағым,

Дайын тұр бұлағың.

Су іше ғой қанекей,

Сені күтіп тұрамын-

деген өлең шумақтарын бірнеше оқушылар құрастырды. Ал  «Ғылым таппай

мақтанба» өлеңін  өткенде  оқушылардың қызығушылығын ояту сатысында

Абай туралы не  білеміз?- деп сұрадым.

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст