"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп басшысының тәрбие ісі Жөніндегі орынбасарына Арналған нұсқаулық .

19.06.2017

Мектеп басшысының тәрбие ісі

Жөніндегі орынбасарына

Арналған нұсқаулық

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан

Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру

ұйымдары

басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру

курсының

білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Педагогикалық шеберлік

орталығы

(бұдан әрі – ПШО) әзірлеген. Бұл бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсы

«Назарбаев

Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – НЗМ) тәрбие үдерісін ұйымдастыру

қағидаттарымен

таныстыру мақсатында өткізіледі.

Кіріспе

бөлім жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарларына

арналған Бағдарламаның жалпы сипаттамасы, мақсаттары, міндеттері

және

күтілетін нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды. Бағдарлама аясында ұсынылған

ресурстар

мектеп басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына Қазақстан

Республикасының

жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен

ұйымдастыруда  көмек 

көрсетуге  ықпалын  тигізеді. 

Сонымен  қатар,  мектеп

басшыларының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Зияткерлік мектептердегі тәрбие

жұмысымен

танысу, жобаларды талқылауға қатысу және тәрбие жұмысының жопарларын

өз

мектебі үшін бейімдеу мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламада

зияткерлік мектептердің оқушыларына тәрбие беру саясатына, НЗМ

тәрбие

жұмысының негізгі бағыттарына, НЗМ тәрбие жұмысының негізгі тәсілдеріне

қатысты

теориялық және тәжірибелік материалдарды қолдануға қатысты кеңестер

берілген:

Назарбаев Зитякерлік мектептеріндегі оқушыларды тәрбиелеу саясаты;

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі тәсілдері;

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары.

Курстың

ұзақтығы 40 академиялық сағатты құрайды. Әр күнгі сабақ барысында

тәрбие

жұмысы жөніндегі орынбасарлардың материалдарға шолу жасап, талдауына

және

өз тәжірибесіне бейімдеуіне мүмкіндігі болады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Бағдарламаның

мақсаты: жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі

жөніндегі

орынбасарларының педагогикалық шеберлігін жетілдіру және Назарбаев

Зияткерлік

мектептерінің тәрбие үдерісін ұйымдастыру қағидаттарымен таныстыру.

Бағдарламаның

міндеттері:

Зияткерлік мектептердегі тәрбие жұмысының құрылымымен, мазмұнымен,

бірізділігімен,

мақсаттары және міндеттерімен таныстыру;

Зияткерлік  мектептің  тәрбие 

жұмысының  негізгі  бағыттарына 

сәйкес

педагогикалық

тәсілдер мен оқу материалдарын түсінуді және қолдана білуін қамтамасыз

ету;

жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті

дағдыларды

қалыптастыру.

Күтілетін

нәтижелер:

тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасарлардың  Зияткерлік  мектептердің 

тәрбие

жұмысының

құрылымын, мазмұнын, мақсаты мен міндетін білуі және түсінуі;

Зияткерлік  мектептердің  тәрбие 

жұмысының  негізгі  тәсілдеріне 

сәйкес

педагогикалық

тәсілдерді, оқу материалдарын пайдалана білу;

жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті білік

пен

дағдыны игеру.

4

БІЛІМ

БЕРУ МЕН ТӘРБИЕНІ ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

«Адамзатқа

және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен

жаңғыртудың

әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер

оқушыларды

түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі

идеяларды,

көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне

қарамастан,

технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып,

бір-біріне

сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде,

адамдардың

өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын

әлемде

өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. ХХІ ғасырдың мектептері

оқушыларды  өмірде, 

жұмыста  және  азаматтық 

ұстанымында  өзгелермен

ынтымақтастықта

өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір

алуандығының

шынайылығын ұғынатын өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға

көмектесуі

керек».

Андреас

Шлейхер, Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы

және

ЭЫДҰ Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша

арнайы

кеңесшісі міндеттерін атқарушы (2014)

Жоғарыда

келтірілген тұжырым Қазақстандағы білім беру бағдарламаларын

өзгертудің,

демек, тәрбие беру мәселесін қайта қараудың қажеттілігін нақтылай түседі.

Технология,

коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі 

өзгерістер әлемдік

экономикаға

айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу

үшін

қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану

ұлттық

экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды

қамтамасыз

етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр. Женевадағы

Халықаралық

еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін

маңыздылығын  көрсетті: 

«...  көлік  және 

коммуникация  саласындағы  елеулі

жетістіктермен

қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату

үшін

әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны

күннен-күнге

артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс

орындарына

әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне

және

сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.

Гриффин

және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы

бойынша:

«...экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет

көрсету

және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-

б.).

Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі

жиырма

бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру;

әлеуметтік

өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі

халық

санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың

барлығы

мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін

бұрынғыға

қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.

Білім

– елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі

ұзақ

мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te

Velde,

2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз

пікірлерін

айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін

білімнің

айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа

авторлар

(Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында

өзгеріс

енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді

реформалаудың

қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті.

5

Бүкіл

әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы

мәселе

қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін

нені

үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі

сауалдар

туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге

асыруда

қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Қазіргі

кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық

проблемаларға

жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде.

Оқу

бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту

әдістеріне

қатысты  білім 

беру  саласындағы  өзекті 

құндылықтар  мен  мақсаттар 

мектеп

оқушыларының

жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты

енгізу

үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық

сананы

қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара

әрекеттесуді

көздейді.

Назарбаев

Зияткерлік мектептері «өмірге дайындау» үшін, тек дұрыс таңдалған

үлгілерге

ғана бағдарланған тәрбие жұмыстары жүйесін өзгертуді ұсынады. Өз кезегінде

олар

мектеп оқушыларына «осы жерде және қазір» өмір сүре отырып, өз келешегін өз

бетінше

құру, өз еркімен қалыптасу, өзгеру және даму мүмкіндігін беруді ұсынады.

ОҚЫТУ

МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІ ЖАҢАРТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазіргі

кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да

сондай

қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте

сақтап,

алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап

етеді.

Білімді

дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген

кең

ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.

«Болашақтағы

қазақстандық» – бұл жоғары дәрежелі маман, қазақ, орыс және

ағылшын

тілдерін меңгерген, ол әлеуметтік тұрғыдан белсенді, ұтқыр, өзгерістерден

қорықпайды...

Оның ақылы ең күрделі міндеттерді шешу үшін ұшталуы қажет. Оның

жүрегі

Отанына деген шексіз махаббатқа толы болуы қажет. Ол салауатты, шыныққан

және

берік болуы керек.

Н.Назарбаевтың

«Жас Отан»

жастар

қанатының съезінде сөйлеген сөзінен

Тәрбиелеу

және оқыту

Қазақстан

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 17

қаңтардағы

«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты

Жолдауында:

«Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық

құндылықтар

және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсеткен.

«Мәңгілік

Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде,

бір

келешек» біртұтастығы.

«Мәңгілік

Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық

және

жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-

сезімі,

ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер

әрі

бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.

«Мәңгілік

Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы

жалпыұлттық

құндылықтар болып табылады.

Қазақстандық

қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің

негізін

қалайтын басты құндылықтары:

1)

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

6

Астана  – тәуелсіздіктің алғашқы  сәтті 

жетістіктерінің  бірі,  барлық

қазақстандықтардың

патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық

өңір

үшін дамуға күшті түрткі болды, қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды.

2)

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық

қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда

берік

бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық

бейбітшілік

пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды.

Халқымыздың

қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың

этникалық,

діни, нәсілдік тиістіліктеріне және өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең

құқықтығы

– әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты

шоғырландырылған

фактор. Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық

борышы

– Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып,

ұрпақтан

ұрпаққа беру.

3)

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Біздің

еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде

қабылданады.

Мемдекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы

өрлеудің,

білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты

дамытудың

ең маңызды шарты.

4)

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Экономикалық

өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және

жаһандық

бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.

Біздің

басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-

индустриялық

кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші

реформалары,

білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби

мамандарды

даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

5)

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жалпыға

бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың

ең

маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір

сапасын

тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және

өмірлік

әлеуеттерін толықтай ашу кешені. Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл

шаруашылығында,  энергетикада, 

инфрақұрылымдық  қызмет  салалары 

мен

секторларында,

мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық

патриоттардың

үлкен еңбегі.

6)

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған

жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-

бабаларымыздың

ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек

бірлікті

сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және

дәстүрге

ие халық ретінде сақталып қалды. XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты,

міндеті

және тағдыры – Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу. Әрбір нағыз патриоттың

парызы

– мемлекеттік тілді білу және отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу.

Сонымен

қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау,

үштілділік

қағидатын енгізу де маңызды.

7)

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге

жаһандық

тұрғыдан қатысуы — мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы

және

жауапты ішкі саясатының басты мәні.

«Мәңгілік

Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері

Жалпыұлттық

идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының

барлық

түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін

ұйымдастырудың

басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады.

«Мәңгілік

Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру

құндылықтарын,

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық

пен

ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады. Қазақстан

7

халқын

біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің

Отаным»

жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып

табылады.

«Мәңгілік

Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге

асырылуы

Жалпыұлттық

идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда

оқу

пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары және оқу

жаттығулары

назарға алынады.

Назарбаев

Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы (2011) оқу

бағдарламаларын

әзірлеу барысында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет рухани

құндылықтар

мен дағдылардың тізімін құрды:

НЗМ

оқушыларының дағдылары көп жағдайда халықаралық зерттеулерге сәйкес

заманауи

еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу қажет болып табылатын

дағдылармен

сәйкес келеді

Халықаралық

зерттеулер  НЗМ оқушыларының

дағдылары  Тони Вагнер,

«Жетістіктегі

жаһандық

кемшіліктер»,

2008

Мәдениет

және саудаға

қолдау

көрсету жөніндегі

патшалық

қоғам

Сын тұрғысынан

ойлау

және проблемаларды

шешу;

Ақпаратқа

қолжетімділік  және 

оған

талдау

жасай білу;

Тиімді ауызша және

жазбаша

қарым-қатынас;

Әсер ету  арқылы

ынтымақтасу

және басшылық

ету;

Тапқырлық және

бейімделу;

Бастамашылдық және

іскерлік;

Танымпаздық және

қиялдау.

Оқу дағдылары;

Ақпаратты

басқару

дағдылары;

Адамдармен

қарым-қатынас  жасау

дағдылары;

Азаматтылық

дағдылары;

Жағдайды

басқара

алу дағдылары

Сын  тұрғысынан

ойлау;

Проблема шешу;

Зерттеу дағдылары;

 Қарым-қатынас

қабілеттері

(тілдік дағдыны қоса

алғанда);

Білімді

шығармашылықпен  пайдалану

дағдысы;

Топпен және жеке

жұмыс

істеу дағдысы;

АКТ дағдылары

1-сурет.

Оқушылардың дағдылары

Осы

кең ауқымды құндылықтар мен дағдылар мектеп бітірушілердің жалпы

адамзаттық

және ұлттық құндылықтарды үйлесімді үндестіруіне, өмірде кездесетін кез

келген

жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуіне

мүмкіндік

береді.

ЗИЯТКЕРЛІК

МЕКТЕПТЕРДЕГІ

ТӘРБИЕ

ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

ШАҢЫРАҚ

Шаңырақ

мектеп өмірінің шағын қоғамдастығын білдіреді, ол оқушылардың ұжымда

ТОПТЫҚ

ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ сезінуіне мүмкіндік береді

Кураторлар

1-Шаңырақ

12

және 9

2-Шаңырақ

11

және 8

3-Шаңырақ

10

және 7

8

Шаңырақтар

арасындағы жарыстар:  Жыл соңында «ӨРКЕН»

КУБОГІ және

бүкіл

жыл бойына чемпион титулы +

жүлде  (Қазақстанның 

табиғаты  әдемі

өңіріне,

халықаралық балалар лагеріне

жолдама)

Оқушылардың

оқу үлгерімі;

Зияткерлік

марафондар;

Шығармашылық

конкурстар (үйірме

сабақтарының

жетістіктерін көрсету)

Мінез-құлық

және тәртіп;

Спорттық

жарыстар, спартакиада

Ересектерге

және бір-біріне көмектесу

Әлеуметтік

жобалар мен тәжірибелік

шараларға

қатысу

Шаңырақтардың

негізгі идеясы – әртүрлі жастағы балалар арасындағы қарым-

қатынас

және ересектердің кішілерге қамқорлық жасауы

2-сурет.

«Шаңырақ» қоғамдастығы

Зияткерлік

мектептерде құндылықтарды іске асырудың өзегі оқушылар мен

педагогтер

арасында ұйымшылдық, ынтымақтастық, өзара құрмет, сенім, қамқорлық,

жауапкершілік

ахуалын («рухын») қалыптастыру үшін жоғарғы және төменгі сынып

оқушыларының

«Шаңырақ» жасаралық оқушы қоғамдастықтарын құру болып

табылады.

«Шаңырақ»

қоғамдастығының міндеттері бірыңғай команданы құру, көшбасшылық

дағдыларын

дамыту, құрмет, қамқорлық, сенім, топтасу, жауапкершілік, академиялық

оқу,

эмоционалдық проблемаларды шешу, пәнаралық жобалар, шығармашылық және

спорт

мәселелерінде көмек беру және қолдау көрсету, эмоционалдық және дене

салауаттылығын

қолдау мен күшейту.

Шаңырақтарды

басқару бағдарламасы түрлі тілде оқытатын жоғарғы және

төменгі

2 сыныптың өзара әрекеттестігін көздейді. 48 оқушы (24 оқушыдан 2 сынып) 8

адамнан

тұратын 6 шағын топқа бөлінеді. Әрбір шағын топта 4 жоғарғы сынып

оқушысы,

4 төменгі сынып оқушысы болады. Жоғарғы сыныптағылар тәлімгерлер

ретінде

кіші төменгі сынып оқушыларына көмектеседі, осы арқылы көшбасшылық

қасиеттер,

өзара құрмет, ынтымақтастық, жауапкершілік, ересектердің кішілерге

қамқорлық

жасауы дамиды. Шаңырақ сағатында жиналу арқылы құндылықтар

қалыптасады

(«Шаңырақ сағаты»), олар пікірсайыс, рөлдік және іскери ойындар және

басқа

да белсенді сабақ нысандары түрінде жүргізіледі. Шаңырақ сағатын жоспарлау

бір

тақырып бойынша оқушылардың екі кездесуі болатынын ескере отыра жүзеге

асырылады.

Зияткерлік

мектептерде оқу үдерісінің күнделікті қауіпсіз, ұйымдастырылған,

жағымды

білім беру ортасында өтуі қарастырылған. Ол мектеп қоғамдастығының

барлық

мүшелері – мектеп қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар,

әкімшілік,

кеңесшілер, сарапшылар, инженерлік-ақпараттық қызмет, күзет, асхана,

техникалық

және көлік қызметі қызметкерлері, ілеспе қызмет түрлерін жеткізушілердің

арасындағы

өзара құрметке негізделеді.

Тәртіп

– бұл ұжымның барлық мүшелерінің

белгіленген

тәртіпке және ережеге міндетті бағынуы.

С.Ожегов

сөздігінен

Мақсат

Тәртіп  Тиімді оқу ортасы  Оқудағы нәтижелер

МЕКТЕПТІҢ

ТӘРТІПТІК САЯСАТЫ

Мектептегі

мінез-құлық

ережесі

Ережені

бұзған

жағдайда

қолданылатын

тәртіптік

жазалар

Ережелерді

оқушыларға

жеткізу,

хабарлау,

нұсқаулық

беру

Ереженің

орындалуын

бақылау

9

Сабақта

Іс-шаралар

кезінде

Үзілісте

Дәлізде

Кітапханада

Асханада

ұялы

телефондарды

пайдалану

және

т.б.

-Тәртіп

бұзушылықтар

туралы

ереже

-

Тәртіптік ықпал

ету  шаралары

туралы

ереже

-  Айыппұл

балдарының

жүйесі

-  Ақпаратты

сайтқа

орналастыру

-  Мектептегі

ақпараттық

стенд

-  Мінез-құлық

ережелерін

үйрету

(мұғалімнің,

оқушының,

өзін-өзі

басқару)

-  «жаңадан

келгендер»

үшін

мектеп

ережесімен

және

өмірімен

таныстыру

аптасы

Тәртіптік

кеңес:

-

мектеп әкімшілігінен;

-

мұғалімдерден;

-

оқушылардан;

-  ата-аналардан

құралады

Тәртіп

бұзушылықтар

журналын

жүргізу

3-сурет.

Мектептің тәртіптік саясаты

Тәртіпті

қамтамасыз ету үшін жалпы желілік нормалар, реттеуші мінез-құлық,

мектеп

қоғамдастығының барлық мүшелері арасында қатынастар болуы қажет. Барлық

ересек

адамдар осы нормалар арқылы оқушының жеке тұлғасының күшті жақтарын

сезінуге,

түсінуге көмектеседі, оң өзгерістерді көтермелейді, осылайша теріс мінез-

құлыққа

жол бермейді. Олар оқушылардың табысты академиялық, эмоционалдық,

әлеуметтік

өсуі үшін оқушылардың жағымды мінез-құлқын қолдауға бағытталған.

Мектеп

қоғамдастығының барлық мүшелері – оқушылар, мектеп қызметкерлері,

ата-аналар

мінез-құлық нормаларын және осы нормаларды сақтамау салдарларын білуі

және

түсінуі тиіс.

Мектеп

басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Шаңырақ

Кураторлары - 1  Психологтердің қызметі

(2 психолог – төменгі,

жоғарғы

сыныптар, 1 – кәсіби бағдар беруші)

Әлеуметтік  тәжірибе 

бойынша

үйлестіруші

Тәртіп

бойынша үйлестіруші

Өзін-өзі

басқару бойынша үйлестіруші

Үйірме

жұмысы бойынша үйлестіруші

Іс-шаралар

бойынша үйлестіруші

Кураторлар

қатарынан белгіленеді (куратор

жалақысының

20% мөлшерінде қосымша төлем

көзделеді)

4-сурет.

Басқарудың үйлестіру құрылымы

Тәрбие

жұмысын қамтамасыз ету үшін пән мұғалімдерін сабақтағы және сабақтан

тыс

жұмыстарға құндылықтарды енгізуге тарту қажет.

Мұғалімдер

диалогтік оқу аясында топтық жұмыс пен пікірсайысты құру арқылы

әрбір

сабақта құндылықтарды оқытады. Пән мұғалімдері тьюторлар ретінде оқушылардың

жобалау-зерттеу

әрекетін сүйемелдеуі қажет.

Педагог

– ұйымдастырушы-куратор оқушылардың әлеуметтік белсенділігін

үйлестіру

арқылы оқушылардың тұлғалық өсуін қолдауды жүзеге асырады. Ол оқушының

өзін-өзі

басқаруы, Шаңырақ қоғамдастықтары, қосымша білім беру, оқушылардың бос

уақытын,

мектептен тыс әрекетін тиімді ұйымдастыру арқылы қарым-қатынас пен

ынтымақтастықты,

бастамашылдықты, шығармашылықты, қалыптастырады.

Зияткерлік

мектептердің оқушылары жақсы білім алған, ойлау мен сезе білуге

қабілетті,

мектептің және жергілікті қоғамдастықтың өміріне белсенді қатысушы,

қазақстандық

қоғамды жақсартуға өз үлесін қосуға дайын, ойы, жаны мен тәні үйлесімді

үндесетін

тұлғалар болады.

Бұл

біртұтас үдеріс оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс әрекеттерін

бірлестікте

үйлестіру арқылы іске асырылады. Сабақтан тыс жұмыстарға оқушылардың

10

оқу

жоспары шеңберіндегі іс-әрекет түрлері енеді: таңғы жиын, куратор сағаты,

Шаңырақ

сағаты,

күнделікті оқуға бөлінетін уақыт – «20 минуттық оқу», жалпы мектептік іс-

шаралар,

әлеуметтік белсенділік, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламалары.

Қосымша

білім – үйренушілер мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін

қанағаттандыру

мақсатында іске асырылатын тәрбиелеу және оқыту үдерісі;

Қосымша

білімнің бағыттары: жетілдірілген пәндік бағдарламалар (элективті

курстар),

дизайн және техникалық шығармашылық, спорт, өнер, үй экономикасы және

қолөнер.

ЗИЯТКЕРЛІК

МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Зияткерлік

мектептердегі тәрбие жүйесінің ерекшеліктері тәрбие жұмысы бойынша

жобаларды

құру және жылдың шешуші оқиғалары арқылы білім құндылықтарын іске

асыру

болып табылады. Шешуші оқиғалар – бұл тәрбиелеу жұмысының әрбір бағыты

бойынша

қорытындылаушы жалпы желілік іс-шаралар.

Жалпы  білім 

беру  ұйымдары  басшыларының 

тәрбие  ісі  жөніндегі

орынбасарларының

іс-әрекеті оқушылардың оқумен қатар, өздері білетінін және қолдан

келетінін

істей алуына бағытталған. Осы аспектіде мақсаттар, міндеттер және оқу мен

тәрбиелеудің

күтілетін нәтижелері жалпы мүддеге ие болады – яғни алынған білімдерін

күнделікті

өмірде қолдана білу.

Жалпы

білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын

оқыту

бағдарламасы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына мынадай дағдыларды

дамытуға

үшін көмектесуге бағытталған:

пәндік және ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

кез келген қабылданған ақпаратқа қатысты қалыптасқан сыни көзқарасты

шеше

білу;

• өзіндік

рефлексияны және тәуелсіз ойлауды қолдау;

оларға өзінің өмірінде және жұмыс барысында кездестіруге тура келетін кейбір

өзекті

ғаламдық мәселелерді түсіну және өзара әрекет ету.

Сабақтағы

және сабақтан тыс тапсырмаларды ұйымдастыра отырып, оқушылар

өздерінің

түсінігі мен мүмкіндіктерін кеңейте алады, жергілікті, жеке, ұлттық және

ғаламдық

деңгейлерде маңызды мәнге ие болатын тақырыптарды таңдай және зерделей

алады.

Оқушылар өз тұжырымдарын қорғай білуге, жауапкершілікті қабылдауға,

басқалардың

көзқарасы мен дәлелдерін қарастыруға үйренеді, сондай-ақ жобаларды

дайындау

мен зерттеуге үйренеді. Олар дамуды қолдайды, өзінің көзқарасы мен пікірлерін

мұқият

және сенімді білдіре бастайды. Оқушылар талдау, жинақтау және дәлелдерді

бағалау

секілді дағдыларды қалыптастырады, сондай-ақ өз жобасының салдарлары туралы

ойланады.

Олар өз қорытындыларын, идеялары мен жобаларын талқылауға, қоршаған

әлемде

дұрыс бағдар таңдауға және өзінің кейінгі білім алу бағытын зерделеуге

үйренеді.

Жоба

әдісі

XXI

ғасырдың мектеп бітірушісі ықтимал ойлауға ие болуы қажет, яғни бейтаныс

ахуалда

бағдарлануға қабілетті, қажетті ақпаратты ала білу, оны жаңа білім түрінде

игеру

және

осы білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі қажет. Сондай-ақ, ақпараттандыру

ғасырында

ұжымда және тығыз топтасып жұмыс істеу маңызды.

Жоба

әдісін америкалық философ және педагог Дж.Дьюи әзірлеген. Дж.Дьюидің

оқушысы

мен ізбасары В.Х.Килпатрик оқытуда жобалар әдісін құрастырған. Жобада

Дж.Дьюидің

әзірлеген «іс-әрекет арқылы оқыту» қағидатына үлкен көңіл бөлінген. Ғалым

оқушының

мақсатты іс-әрекеті арқылы белсенді негізде оқытуды құрастыруды ұсынған.

Балаларға

шынайы өмірлік жағдайда оларға қажет болатын, меңгерілетін білімдерге деген

жеке

қызығушылығын көрсету маңызды.

11

Жоба

әдісінің негізінде оқушылардың танымдық дағдыларын, өз білімдерін өз

бетімен

құрылымдай білу шеберлігін, ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар таңдай білу

икемділігін

дамыту, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлауды дамыту жатыр.

Жобалар

әдісі – егер белгілі пән шеңберінде пайдаланылатын болса, бұл дидактика, жеке

әдістеме

саласына қатысты болады.

Әдіс

– бұл дидактикалық санат. Бұл тәжірибелік немесе теориялық білімнің, іс-

әрекеттің

белгілі бір саласын игеру тәсілдерінің, іс-шаралардың жиынтығы. Бұл – таным

жолы,

таным үрдісін ұйымдастыру тәсілі. Сондықтан егер біз жобалар әдісі туралы

айтқан

кезде,

онда проблеманы (технологияны) толық әзірлеу арқылы дидактикалық мақсатқа

жету

тәсілін білдіреміз, ол осындай немесе өзгеше үлгіде ресімделген, толық шынайы,

нақты

нәтижемен аяқталуы тиіс. Дидактиктер мен педагогтер өздерінің дидактикалық

міндеттерін

шешу үшін осы әдіске жүгінген. Жобалар әдісінің негізінде «жоба»

ұғымының

мәнін құрайтын идея, оның нәтижеге прагматикалық тұрғыдан бағытталуы

жатыр,

оны осындай немесе өзге тәжірибелік және теориялық маңызды проблеманы шешу

кезінде

алуға болады. Осы нәтижені көруге, ұғынуға, нақты тәжірибелік әрекетте

қолдануға

болады. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін балаларды немесе ересек

студенттерді

өздігінен ойлауға, осы мақсат үшін әртүрлі саладағы білімдерді жұмылдыра

отыра,

проблемаларды табуға және шешуге үйрету, шешімдердің әртүрлі нұсқаларының

нәтижелері

мен мүмкін салдарларын болжай білуге, себеп-салдарлық байланыстарын

анықтай

білуге үйрету қажет.

Жоба

әдісі әрқашан оқушылардың дербес әрекетіне, оқушылардың белгіленген

уақыт

мерзімінде орындайтын жеке, жұптық және топтық әрекетіне бағдарлануы қажет.

Осы әдіс топтық (collaborative or cooperative learning) әдістермен үйлесімді үндеседі.

Жобалар әдісі әрқашан белгілі бір проблеманың шешілуін көздейді. Проблеманы шешу,

бір жағынан, әртүрлі әдістердің, оқыту құралдарының жиынтығын пайдалануды көздесе,

екінші жағынан, ғылым мен техниканың, технология мен шығармашылықтың әртүрлі

саласынан алынған білімдерін қолдану икемділігін өзара ықпалдастыру қажеттілігін

қарастырады. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекті», нақты болуы тиіс, яғни

егер бұл теориялық проблема болса, онда оның нақты шешімі болуы тиіс; егер

тәжірибелік проблема болса – қолдануға болатын (сабақта, мектепте, шынайы өмірде)

нақты нәтижесі ұсынылуы тиіс. Егер жобалар әдісін педагогикалық технология ретінде

қарастыратын болсақ, онда бұл технология өзінің мәні жағынан шығармашыл болып

келетін зерттеу, ізденіс, проблемалық әдістердің жиынтығын қамтиды.

Жоба жұмысының негізгі қозғаушы тетігі түрлі шешім нұсқалары бар

тапсырмалар болып табылады, ал оқу жаттығуларының негізінде осындай тапсырмаларды

қалай

шешу туралы түсінік жатады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, мұндай тәсіл оқыту

үдерісін  жақсартуға 

мүмкіндік  береді  (Блуменфилд 

және  т.б.,  1991ж.). 

Оқу

бағдарламасында

ұсынылған жоба жұмысының оқу мақсаттарында жобаларды жоспарлау,

орындау,

талдау және бағалауға бағытталған үдерістерге ерекше назар аударылады.

Оқушылардың

бойында бұл дағдыларды дамыту нақты міндеттер мен проблемаларды

зерделеу

арқылы және мұғалімнің оқушылар жеткен нәтижелерді емес, олардың

қолданған

тәсілдері мен әрекеттерін бағалауы арқылы іске асырылады.

Е.С.

Полат оқуға ықпал ету үшін қолдануға болатын (Полат, 2000) және осы

саладағы

басқа да зерттеулердің (мысалы, Кандаурова, 2007, Кутуева және Костина,

2013).

негізіне алынған жобалардың көптеген нұсқаларына сипаттама берген. Оның

алғашқы

жұмысы шет тілдерін меңгеруге көмектесу үшін қолдануға болатын жобаларға

қатысты

болды, бірақ кейбір әдістерді барлық пәндерге қолдануға болады. Ол

жобалардың

ерекшеліктерін сипаттау үшін қолдануға болатын кейбір сипаттамаларды

анықтады

(кестені қараңдар). Бұл сипаттамалар кез келген жобаға тән. Оқушылар «Жоба

жұмысы»

пәні аясында көптеген әртүрлі жобаларға қатысуы тиіс.

12

1-кесте.

Жобалардың жіктелуі

Жобалардың

әртүрлілігі мен жіктелуі

Негізгі

жаттығулар түрі бойынша

Зерттеушілік жоба. Оқушылар нақты сұрақтарға жауап алу үшін негізгі

зерттеуді

қолданады (көп жағдайда қосымша зерттеумен бірге). Мұндай

жобалар

көбінде күрделі құрылымдалған болып табылады.

Ақпараттық жоба. Білім алушылар белгіленген нақты бір тақырып бойынша

ақпарат

жинайды және бар ақпаратты талдайды. Олар басқаларға ақпарат беру

үшін

қолдануға болатын ақпаратты жинақтайды және қорытады.

Шығармашылық жоба. Оқушыларға шығармашылық тапсырманың қысқаша

сипаттамасы

ұсынылады (мысалы, газетке мақала жазу, сценарий жазу, бейне

жазба

түсіру). Оқушылар мұндай тапсырманы қалай орындау керектігін өздері

таңдайды.

Жобалық-рөлдік ойын. Оқушыларға рөлдік ойындар бөлініп беріледі (мысалы,

бизнес

рөлдер немесе әдеби кейіпкер). Ары қарай білім алушылар жобаны

орындайды,

көбінде өздерінің рөлдерін топпен бірге ойнайды.

Тәжірибеге бағдарланған жоба. Жобаның күтілетін нәтижелері оқушылар

үшін

жеке қызығушылығын туғызатын және/немесе әлеуметтік мәні бар

тақырыптар

болуы мүмкін.

Қамтылатын

пәндердің саны бойынша:

Бір пән ("дара жоба" деп те аталады);

Пәнаралық.

Жобаның

күтілетін нәтижелері бойынша:

Жоба жұмысының жазбаша қорытындылар (мысалы, есеп, эссе, тізімдеме, хат,

газет

мақаласы, альманах және т.б.);

Визуалды  қорытындылар  (мысалы, 

альбом,  жоспар,  карта, 

сызбалық

диаграмма,

плакат, сурет, анимация және т.б.);

Ауызша қорытындылар (мысалы, таныстырылым, пікірталастар, драмалар,

жазба,

видео және т.б.);

Өнім түріндегі қорытындылар (мысалы, жобалау талабына сай өнім, 3D үлгі

және

т.б.)

Іс-шара түріндегі қорытындылар (мысалы, көрме, еңбекті қорғау бойынша

жобалар,

әлеуметтік жоба және т.б.).

Қатысушылардың

саны бойынша:

Жеке;

Жұптық;

Топтық;

Әртүрлі мектептерден/ мемлекеттерден қатысушыларды тарту арқылы іске

асырылатын

топтық (байланыстың электронды құралдарын пайдалану

арқылы).

Жобаның

ұзақтығы бойынша:

Қысқа мерзімді;

Орта мерзімді;

Ұзақ мерзімді.

13

Жоба

әдісін қолдануға қойылатын негізгі талаптар:

1.

Зерттеу, шығармашылық тұрғыда маңызды, ықпалдастырылған білімді, оны

шешу

үшін зерттеушілік ізденісті (мысалы, әлемнің әртүрлі өңірлерінде демографиялық

проблеманы

зерттеу; бір проблема бойынша жер шарының түрлі бұрыштарынан

репортаждар

топтамасын жасау; қоршаған ортаға қышқыл жауындарының әсер ету

проблемасы

және т.б.) талап ететін проблеманың /міндеттің болуы.

2.

Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңыздылығы

(мысалы,

аталған өңірдің демографиялық жағдайы туралы, осы жағдайға әсерін тигізетін

факторлар,

осы проблеманы дамытуда қадағаланатын үдерістер туралы тиісті қызметтерге

баяндама

жасау; бірлесіп газет шығару, оқиға орнынан репортаж алып, альманах жасау;

әртүрлі

жерлерде орманды қорғау, іс-шаралар жоспары, т.б.);

3.

Оқушылардың дербес (жеке, жұптық, топтық) іс-әрекеті.

4.

Жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау (кезеңдік қорытындыларды көрсету

арқылы).

5.

Іс-қимылдың белгілі жүйелілігін көздейтін зерттеу әдістерін пайдалану:

проблеманы және одан туындайтын зерттеу міндеттерін анықтау («миға

шабуыл»,

«дөңгелек үстел» әдісін бірлескен зерттеу барысында пайдалану);

оларды шешудің болжамдарын шығару;

зерттеу  әдістерін  талқылау 

(статистикалық  әдістер,  эксперименттік,

қадағалаулар

және т.б.);

соңғы нәтижелерді ресімдеу тәсілдерін талқылау (тұсаукесер, қорғау,

шығармашылық

есептер, байқаулар және т.б.).

алынған мәліметтерді жинау, жүйелендіру және талдау;

қорытынды шығару, нәтижелерін ресімдеу, оларды көрсету;

қорытынды жасау, зерттеудің жаңа проблемаларын қозғау.

Тәрбие

жұмысын жобалау және модельдеу

Тәрбиелеу

мен оқытудың заманауи әдістері біздің табысқа жетуіміз сияқты

қажеттіліктерге

мұқият көңіл бөледі, оған қол жеткізу арқылы оқытудың сапасы мен

ауқымына

түбегейлі әсер етуге болады.

Сыныптың

немесе мектептің тәрбие жұмыстарын жоспарлаған кезде ескерілуі тиіс

кейбір

сұрақтар бар:

сыныптың немесе мектеп көлеміндегі қызметтің көптеген сан алуан

түрлерін

жоспарлауға тырысыңыз.

жаттығулар мен шаралардың әрбір түрінің тәрбиелік мәні болуына көз

жеткізіңіз.

сыныптарда немесе мектепте өзара қарым-қатынастар стильдерін өзгертуге

тырысыңыз.

тәрбие үдерісінің әрбір қатысушысын белсенді әрекетке жұмылдыруға

ұмтылыңыз.

Мектептердегі

тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіру үшін келесілерді анықтау

мақсатында

жүйелі зерттеулер жүргізу қажет:

-

құндылықтарға бағдарлану, өмірлік жоспарлар, жасөспірімдердің өзара қарым-

қатынастарындағы

қызығушылықтары мен артықшылықтары;

-

отбасындағы даму ахуалы, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынастары,

отбасындағы

ахуал және ата-аналардың ұстанымдары;

-

патриоттық, азаматтық сезімі;

-

бос уақытты ұйымдастыру инфрақұрылымын белгілеу.

Тәрбие

жұмыстарын жобалау үнемі іске асырылатын және қатысушыларының

14

шығармашылық

әрекеті негізінде өзгеріп отыратын, кезеңді, кешенді циклді білдіреді.

Әлеуметтік

жобалау кезеңдерін сипаттай отырып, мынадай ерекшеліктерді атап

көрсетуге

болады:

-

кезеңділік, құрылымдық тұрғыдан күрделене отырып, бірін-бірі жүйелі

алмастыруды

білдіреді (диагностика, проблеманы тұжырымдау, мақсатты көздеу,

ақпаратты

іздеу және т.б.);

-

жобалау әрекетінің әрбір кезеңі нәтижеге бағытталған және оған бақылау мен

бағалау

жүргізілуі мүмкін;

-

әрбір кезең жобаға барлық қатысушылардың тұлғалық және ұжымдық тұрғыдан

кемелденуіне

ықпал етуімен ерекшеленеді;

-

барлық жобаға қатысушылардың білімі мен қарым-қатынас мәдениетін кеңейту

кейінгі

кезеңнің негізін қалыптастырады;

-

жобалаудың әрбір кезеңі алдыңғы кезеңді жетілдіре отырып, жаңа деңгейге

көтеріледі;

-

әрбір алдыңғы кезең келесі кезеңнің құрамына енеді;

-

кезеңдердің үздіксіз алмасуына қарамастан, жобалау жұмысының жалпы циклі

өзгеріссіз

қалады;

-

әрбір цикл үйренушілерді дамытуға, жан-жақты қасиеттерін, дербестігін,

алынатын

нәтиже үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған, бірі-бірі толықтыратын

өзара

сабақтас кезеңдерден құралады.

Жоба

бойынша жұмыс жүргізудің кезеңдері:

1.

Дайындық кезеңі;

2.

Диагностика және жобалау нысанын талдау. Проблема, жобаланатын

нысанның

күшті және әлсіз жақтары анықталады, қарама-қайшылықтар немесе

сәйкессіздіктер

айқындалады. Жобалау нысаны күрделі болған сайын, диагностикалық

әдістемелерді,

оларды қорыту мен талдауды кеңірек қолдану талап етіледі.

3.

Шығармашылық топты қалыптастыру;

4.

Жұмыс қағидаттарын талқылау;

5.

Мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, топтық жұмысты жоспарлау –

зерделенетін

проблема бойынша алынған ақпаратты құрылымдау: зерттеудің теориялық

негіздері,

тәсілдері, қандай бағыттар бойынша кеңесу қажеттігі айқындалады.

6.

Жобалауды теориялық тұрғыдан қамтамасыз ету. Бұл ақпараттарды

іздестіруді

қамтиды:

а)

педагогикалық жүйелер мен үдерістерге қатысты теориялық және эмпирикалық

зерттеулері

туралы;

б)

осыған ұқсас жұмыстарды іске асыру тәжірибесі туралы;

в)

осы сияқты нысандарды жобалау тәжірибесі туралы;

7.

Жобалауды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Жобалау құралдарын

жасауды

қамтиды (сызбаларды, құжат үлгілерін әзірлеу және т.б.). Жобалау пішінін

таңдау.

Оның неше кезеңнен тұратынына байланысты, сонымен қатар, кез келген жобалау

пішіні

мақсатқа сай, педагог пен оқушының ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктеріне

сәйкес

келуі керек.

8.

Жобалау. Барлық құрамдас бөлшектерінің өзара байланысының негізінде

тұтас

жобаны жасау үшін қажетті жүйе құраушы факторды таңдау. Жобаның мазмұнын

әзірлеу

жалпыға ортақ алгоритмді, яғни міндетті бөлімдердің тізбелерін және олардың

құрылымын

ескере отырып жүргізіледі.

9.

Әзірленетін  жобада  тәрбие 

үдерісін  ұйымдастыру  нысандарының

сипаттамасы.

10.

Жобаның сапасын тексеру.

11.

Жобамен жұмыс жүргізудің дербестігі. Жобаның өзектілігі, маңыздылығы,

шешімнің

ұйымдастырылуы.

15

Тәрбиелеу

үдерісінің негізгі ерекшеліктері

Зияткерлік  мектептерде 

оқушыларды  тәрбиелеудің  өзекті 

идеясы  келесі

компоненттер

арқылы оқушының оқу барысындағы және сабақтан тыс әрекетінде

қазақстандық

қоғамның патриотын қалыптастыру идеясы болып табылады:

-

танымдық (академиялық) компонент – оқушы оқылым, жазылым, пайымдау,

зерттеу

арқылы еліміздің алдында тұрған проблемалар мен мүмкіндіктер туралы біледі,

ойлайды

және түсінеді;

-

әлеуметтік-эмоционалдық компонент – оқушы өз елімен эмоционалдық

байланыста,

өзінің қоғамның мүшесі екендігін айқын сезінеді, өз эмоцияларын саналы

сезінеді

және басқарады, шешім қабылдауға жауапты, қамқорлық сезімін, қиын

жағдайларды

еңсере білуге икемділігін дамытады;

-

мінез-құлық компоненті – оқушы әлеуметтік тәжірибе жинақтайды, әрекет етеді

және

шешім қабылдайды, адал ниетті қарым-қатынастар орнатады, қоғам өмірін

жақсартуға

өз үлесін қосады;

-

денсаулық компоненті – оқушы өзінің денсаулығы, теңдестірілген тамақтану

туралы,

спортпен шұғылдану, ойын ойнау, таза ауада серуендеу арқылы өзінің өмірлік

тонусын

қолдау туралы білімді, қажет болған жағдайда өзіне және қоршаған адамдарға

алғашқы

жәрдем беру дағдыларын игереді;

-

шығармашылық компонент – оқушы әдеттегі ахуалдың, үйреншікті ортаның,

заттардың

жасырын байланыстарын пайдалана отыра, жаңа идеяларды қабылдауға және

құруға,

әртүрлі жағдайларда жол табудың әдеттен тыс тәсілдерін табуға дайын болады;

-

дербестік компоненті – оқушы өзін-өзі танытуға, өзін-өзі көрсетуге, өзін-өзі

жетілдіруге

мүмкіндік беретін өзінің сезімдері мен әрекеттері туралы, басқалармен қарым-

қатынастары

жөнінде пайымдай алады және ұғынады.

Зияткерлік

мектептердегі барлық тәрбие жұмыстарының өзегі бола отырып,

патриоттық

тәрбие оқушылар жүргізетін жұмыстың барлық бағыттарын қамтиды: рухани-

адамгершілік

тәрбие, зияткерлік тұрғыдан дамыту, физикалық және психологиялық

дамыту,

көпмәдениеттілікті дамыту, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және көркемдік-

эстетикалық

тәрбие.

Күтілетін

нәтижені болжаудың біршама қиын болуына байланысты адам

зерттеушілік,

жасампаздық ұстанымды қолданады, бұл оның қабілеттерін жетілдіреді,

егер  ұжымдық 

жоба  болса,  онда 

ұжымдық  қарым-қатынастарды  дамытуға

ынталандырады.

Мектеп жобасы – бұл ортақ мақсаты бар және ортақ нәтижеге жетуге

бағытталған

әрекет ету тәсілдері келісілген, бірлескен оқу-танымдық, шығармашылық

немесе

ойын іс-әрекеті.

Біріншіден,

тәрбие үдерісі ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді. Шын мәнінде, ол

өмір

бойы жалғасады. Сонымен қатар, мектептегі тәрбие адам санасында терең із

қалдырады,

себебі жас шағында оның жүйке жүйесі икемділігімен және тез

қабылдағыштығымен

ерекшеленеді.

Екіншіден,

тәрбие үдерісіне тән ерекшелік оның үздіксіздігі болып табылады. Егер

тәрбиелеу

үдерісі әр кезде, анда-санда қолға алынатын болса, онда оқытушының оны

тереңдетіп,

тұрақты әдеттер мен мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін, оқушының

санасына

үнемі жаңадан «із» салып отыруына тура келеді.

Үшіншіден,

тәрбиелеу күрделі кешенді үдерісті білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда,

кешенділік

тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, оның мазмұндық бірлігін, тәрбие

үдерісін

іске асыру нысандары мен әдістерін қамтамасыз ету қажеттілігін білдіреді.

Төртіншіден,

тәрбие үдерісіне вариативтілік те, яғни қорытындылардың әркелкі

болуы

тән, сонымен қатар, біршама деңгейде тәрбиелеу нәтижелерінің айқын болмауы да

тән

болып табылады. Бұл жағдай оқушылардың елеулі дербес ерекшеліктеріне, олардың

әртүрлі

әлеуметтік тәжірибесіне, тәрбие үдерісіне және тәрбие мақсаттарына әртүрлі

көзқарасына

байланысты болады.

Бесіншіден,

тәрбиелеу үдерісіне екіжақты сипат тән. Бұл тәрбиелеушіден

16

тәрбиеленушіге

тікелей байланыс орнатылатынын, ал тәрбиеленушіден тәрбиелеушіге

кері

байланыс қалыптасатынын білдіреді. Үдерісті басқару негізінен кері байланыстан,

яғни

тәрбиеленушілерден келіп түсетін ақпараттан құралады. Тәрбиелеуші неғұрлым

көбірек

кері байланыс алған сайын, ол тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін соғұрлым тиімді

және

оңтайлы таңдай алады, тәрбиенің ықпалды болуын ұйымдастыра алады.

Тәрбие

үдерісінің құрылымы оның негізгі элементтерінің – мақсаттары, міндеттері

мен

мазмұны, қағидаттары, әдістері мен құралдары, бағыттары, сондай-ақ қол жеткен

нәтижелерінің

заңды өзара байланысын білдіреді.

ЗИЯТКЕРЛІК

МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА

ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

Негізгі

тәсіл оқушының жеке тұлғасын біртұтас (тән, ақыл және жан) дамытуға

бағытталған

оқыту мен тәрбиелеуді үйлесімді бірлікте қолдану болып табылады.

Оқыту

мен тәрбиелеудің арасын нақты ажырату мүмкін емес, өйткені бұл –

біртұтас

білім беру үдерісі. Тәрбие жұмысы жеке-дара белгіленбейді және іске

асырылмайды.

Зияткерлік мектептерде тәрбиелеу және оқыту үдерісі білім беру

бағдарламаларының

мазмұны арқылы іске асырылады (мысалы, биология сабағында

оқушылар

Қазақстанның өсімдік аумақтарын зерделейді, саяхат жасайды, өсімдіктерді,

жануарларды

бақылайды, бұл туған өлкені тануға ықпалын тигізеді немесе «өнер» пәні

оқушылардың

шығармашылық және эстетикалық тәрбиесіне ықпалын тигізеді, қолөнер

мен

сәндік өнерге үйретеді, көркемөнерді және музыка мәдениетін бағалай білуге

үйретеді).

Гуманистік

психология бағытына негізделген гуманистік педагогика бойынша

тәрбиелеу

моделі ХХ ғасырдың 50-60 жылдары АҚШ-та А. Маслоу, В. Франкл, К.

Роджерс,

Дж. Келли және т.б. ғалымдардың еңбектерінде дамыған.

Гуманистік

педагогиканың басты ұғымдары «адамның маңызға ие болуы»,

«тұлғалық

өсуі», «дамытушы көмек» болып табылады. Әрбір адам біртұтас,

қайталанбайтын  тұлғаны 

білдіреді.  Жеке  тұлғаның 

мінез-құлқы  бихевиоризм

қағидаларында

айтылғандай, сыртқы ортадан келіп түсетін қосымша әрекеттермен

анықталмайды,

адамның маңызға ие болуына – өзінің табиғи қабілеттерін дамытуға,

өзінің

өмірлік жолы мен мәнін іздеуге деген табиғи ұмтылысымен анықталады. Жеке

тұлға

оң іс-әрекетке және ынтымақтастыққа бағытталуымен және ұмтылысымен

ерекшеленетін

күрделі дербес жүйе ретінде қарастырылады. Маңызға ие болу – бұл өзін

іс-әрекетте,

өзі таңдаған және өзгермелі өмір жолындағы басқалармен қарым-қатынаста,

толыққанды

«жақсы» өмірінде жүзеге асыру болып табылады. Бұл қалыпты К.Роджерс

«өзін

толыққанды жүзеге асыратын адам» деген ұғыммен белгілеген. Роджерстің

пікірінше,

педагог адамның проблемаларын шешуде оның өз күштерін іске қосу қажет.

Оған

дайын шешімді таңбау керек, тұлғалық өсу мен өзгерістерді іске асыру үшін оның

өзінің

шексіз мүмкіндіктеріне түрткі салу керек. Оқыту мен тәрбиенің мақсаты білімнің,

фактілердің,

теориялардың және т.б. жиынтығын меңгеру емес, өз бетімен оқу

нәтижесінде

оқушының жеке тұлғасының өзгеруі болуы тиіс. Мектеп пен тәрбиенің

міндеті

– жеке тұлғаның дамуына, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру, дербестігіне қол

жеткізуге,

адамның маңызға ие болуына ықпал ету.

Жай

ғана фактілерді жинақтау емес, оқушының, оның мінез-құлқының, оның

Мен-тұжырымдамасының

өзгеруіне мүмкіндік беретін, оқушының қызығушылығын

тудыратын

оқуды К. Роджерс «адам үшін маңызды оқу» деп атаған және ол тек осындай

болуы

тиіс деп есептеген.

Ол

осындай оқуды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды анықтады:

1.

Оқушылар оқу барысында өздерін қызықтыратын және өздері үшін маңызды

мәселелерді

шешумен айналысады.

17

2.

Педагог оқушылардың алдында өзін еркін ұстап, табиғи қалпында көрінеді.

3.

Педагог оқушыға барынша оң қарым-қатынасты ұстанып, оны тұлға ретінде

қабылдайды.

4.

Педагог оқушыға эмпатиялық қарым-қатынаста оның ішкі дүниесін түсіне

білуге,

мәселеге оның көзімен қарай білуге қабілетті.

Педагог

маңызды оқуды меңгеруге көмекші және ынталандырушысы рөлін

атқарады,

оқушының психологиялық жайлы ахуалы мен еркіндігін қамтамасыз етеді,

яғни

оқытуда басты назар оқу пәніне емес, оқушыға аударылуы тиіс. Тәрбиелеуші

гуманистік

педагогика шеңберінде оқушыларға талдау үшін материалды ұсынып,

адамгершілік

тұрғыдан таңдау жасай алуына түрткі болуы қажет. Тәрбие әдістері

пікірсайыс,

рөлдік ойындар, жағдайды талқылау, дау-дамайды талдау және шешу болып

табылады.

Ата-аналар мен педагогтер үшін гуманистік мектептің ғалымдары баламен

қарым-қатынаста

мынадай тәсілдерді ұсынады: Мен-пікірін айту, белсенді тыңдау,

балаға

деген шүбәсіз махаббат, оқушыға оң көзқарас, көз арқылы байланыс. физикалық

байланыс.

Мектептегі

тәрбие жұмыстарын жоспарлау үдерісінде жалпы білім беру

ұйымдары

басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары көптеген тармақтарды

назарға

алуы керек. Олар тәрбие мен оқуды «жандандыру», оқушылардың уәжділігін

қолдау

және қарым-қатынас дағдыларын дамыту тәсілдерін дамыту үшін қажетті

тәсілдерді

анықтауы қажет.

Оқыту

әдістемесінің негізіне алынатын белсенді оқу оқытуға сындарлы көзқарас

туралы

тұжырымдамаларға негізделген (Сейвери және Даффи, 1994ж.; Йонассен және

Рорер-Мерфи,

1999ж.). Бұл көзқарасқа сәйкес оқушылар жаттығуларды орындауға

белсенді

қатысып, соның нәтижесінде өз бетінше түсінік қалыптастыра алады. Бұл тәсіл

оқушылардың

білім жиынтығын енжар қабылдауымен салыстырғанда анағұрлым тиімді

болып

табылады. Пәнді оқудың әр жылында оқушылар жоба жұмыстарын орындауға

(және

жұмысты қорытындылап аяқтауға), сондай-ақ өз дағдыларын тәжірибе жүзінде

қолдана

білуге және ойлау сипатын қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Жоба

жұмысын орындауды үйрету әдістемесі негізінен, ғылыми зерттеулерді

дайындауға

және іске асыруға қатыстыруға негізделеді. Абрахам мен Миллардың

(2008ж.)

терминологиясы бойынша, тәжірибе жүзінде тапсырмаларды орындауға

оқушылардың

«басы» да, «қолы» да қатыстырылуы керек; олар оқушының

«бақыланатын

нәтижелер саласы» мен «идеялар саласы» (экспериментке қатысты

теориялық

тұжырымдамалар) арасында байланыс орнатуда қолданатын қуатты құралы

болуы

тиіс. Мұндай көзқарас тұрғысынан ғылыми эксперименттер оқушылардың

танымдық

дамуына ықпал етудің маңызды тәсілі болып табылады. Атап айтқанда,

оқушылардың

дамуына мүмкіндік беріледі – тек нақты ойлаудан (яғни тек өздері тікелей

бақылау

барысында сезіне алатынның мәнін ұғынудан) абстрактылы ойлауды қамтуға

дейін

(яғни олар тікелей сезіне алмайтын нәрселердің тұжырымдамалық моделін

қалыптастыру,

Пиаже және Инхелдер, 1973ж.).

Жоба

жұмысын дайындау барысында топтық жұмысты қолдану идеясы бөлінген

оқу

қағидатына негізделген (Нарди, 1992ж.), оған сәйкес оқушылар өз білімдері мен

түсініктерімен

алмасып, бір-бірінің көмегімен білімдерін нығайтады. Олар өз

түсініктерін

ұсынады және сол түсініктерге негізделген өз болжамдарын ұсыну арқылы

өздері

де мәселені айқын түсіне алады, әсіресе, бұған сұрақтардың өз құрдастары

тарапынан

қойылуы зор ықпал етеді. Мұғалімнің рөлі ынталандырушы материалдар мен

ресурстарды

қолдана отырып, қажет болған жағдайда, оқушыларға мақсатқа сай қолдау

көрсету

болып табылады.

Командалық

жұмыс және оқу мен тәрбиедегі бірлескен тәсіл тұрақты кері

байланыспен

және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерімен қатар тәрбие үдерісін мектеп

тәжірибесінде

табысты іске асыруға ықпалын тигізеді.

Мектепте

жағымды мәдениетті (ахуалды) қалыптастыру.

18

Тәрбиенің

маңызды аспектісі мектепте ізгі ниетті, шығармашыл, дамытушы

ортаны

қалыптастыру болып табылады.

Қолайлы

орта достық ниеттегі, қамқор, құрметтейтін ортаны құру арқылы, білім

беру

үдерісінің әрбір мүшесіне тең мүмкіндіктер ұсыну арқылы құрылады.

Тек

мұғалім ғана емес, ал барлық ересек адамдар тәрбие үдерісіне атсалысып,

балаларға

жақсы үлгі көрсетуі қажет. Оқушылар ересектер мен басқа оқушылардың

жағымды

өнегесін бақылау арқылы тәрбиеленеді.

Тұтас

ұжым басшылыққа алатын және мінез-құлық шеңберін айқындап, жақсы

тәртіпті

қалыптастыруға ықпал ететін мектеп ережесінің кешені қажет.

Зияткерлік

мектептердің тәжірибесі көрсеткендей, тәрбиенің маңызды аспектісі

мектепте

ізгі ниетті, шығармашыл, дамыған ортаны құру болып табылады. Сондықтан

Зияткерлік

мектептердегі тәрбие жұмыстарының негізгі тәсілдері:

-

оқушылармен жұмыс;

-

педагог қызметкерлермен жұмыс;

-

ата-аналармен жұмыс;

-

қоғаммен қарым-қатынас.

Оқушылармен

жұмыс. Көшбасшылық және басқару

Оқушылардың

келесі ұрпағын оқыту кешенді және сан қырлы үдеріс болып

табылады.

Демек, ХХІ ғасырда жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі

жөніндегі

орынбасарының рөлі қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның маңызды

мамандықтарының

біріне айналуда.

Жалпы

білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының

аса

күрделі рөлін орындау үшін:

еліміздің білім беру жүйесінің болашағын құруға көмектесетін;

қазіргі сәтте және келешекте білімнің жеке адамдардың өміріне оң әсерін

тигізетін

және қазақстандық қоғамға пайда әкелетін күшіне сенетін мамандар қажет;

балалар мен жастардың сын тұрғысынан ойлауға қабілетті, өзіне сенімді, қалай

оқу

керектігін білетін шығармашыл адамдарға айналуы үшін оларды дамуы үшін

жауапкершілікті

сеінеді;

мектепте білім беру саласындағы жетекші кәсіи мамандар;

қызметкерлердің, оқушылардың, қоғам мүшелерінің барлығына арналған оқу

және

тәрбие үдерісін үздіксіз жақсартуға шабыттандырады;

кәсіби қатынастар мен құрылымдарды белгілеу мен қолдауға шебер;

тұрақсыз, кешенді және күрделі жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті;

барлығына оңтайлы нәтижелерді қамтамасыз ететін шығармашылық және

инновациялық

шешімдерді іздестіру үшін басқалармен бірлесе жұмыс істей алады;

барлық оқушылардың үздік жетістіктері мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін

басқалармен

ынтымақтастық арқылы мектеп желісінің бірлескен жұмысын құра алады

және

жүргізеді.

Жалпы

білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз

жұмысында

жоғары нәтижелерге жету үшін, көшбасшылық дағдылармен қатар, соңғы

жаңалықтардан

хабардар болу және терең білім мен түсініктерді игеруі қажет.

Лейтвуд,

Харрис және Хопкинс (2008) мектеп көшбасшылығы туралы

зерттеулерге

кеңейтілген халықаралық шолу жүргізіп, табысты мектеп көшбасшылығы

туралы

төменде келтірілген бірқатар тұжырымдарды ұсынды:

1.

Мектеп көшбасшылығының балаларды оқытуға тигізетін ықпалынан тек

сыныптағы

оқыту ғана басым түседі.

2.

Барлық  табысты  көшбасшылардың  қолданған 

негізгі  көшбасшылық

қасиеттерінің

жиынтығы бірдей.

3.

Көшбасшылардың осы негізгі көшбасшылық қасиеттерді пайдалануы олардың

жұмыс

істеу шарттарын қабылдағанын көрсетеді.

19

4.

Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

қызметкерлердің

уәждемесіне, жұмысқа берілгендігі мен еңбек жағдайларына әсер ете

отырып,

оқыту мен оқуды жанама және анағұрлым ықпалды тәсілмен жақсарта алады.

5.

Мектеп көшбасшылығы барынша кең бөлінген жағдайда, мектеп пен

оқушыларға

барынша ықпалды әсер етеді.

6.

Жеке қасиеттердің шағын бөлігі көшбасшылықтың түрлі үлгілерінің үлкен

санын

түсіндіреді.

Басқарма

тек тәрбиелеушінің іс-әрекетінен ғана құралмайды, сонымен қатар,

тәрбиеленушіге

қалай да әсер етуі мүмкін, оның көзқарастарын, сенімдерін, тұлғалық

қасиеттерін,

бағдарларын қалыптастыруға әсер ететін барлық нәрсені қамтиды. Тәрбиені

басқару

төмендегідей элементтерден құралады:

тұлғаны дамытуды жобалау, қажетті тәрбиелік ықпалды жоспарлау;

тәрбиелік ықпалды ұйымдастыру;

ағымдағы ақпарат жинау негізінде тәрбиелік ықпалды реттеу және түзету;

тәрбие жұмысының ақырғы нәтижелерінің дамыту жобасына сәйкестігін

есепке

алу және бақылау.

Бұл

жүйедегі психологиялық аспектінің ақырғы нәтижесі – қалыптасқан қасиет

және

біртұтас жеке тұлға. Қазіргі кезде тәрбиені басқарудың психологиялық тетігін

аяқталған

тұжырым түрінде сипаттауға болмайды, ол туралы түсінік енді қалыптаса

бастаған.

Тәрбие үдерісі барысында тәрбиеленушінің тәртібін сырттан басқару өзін-өзі

реттеудің,

өзін басқарудың және өзін-өзі тәрбиелеудің ішкі тетігіне айналатыны туралы

пікір

қалыптасқан.

Лейтвуд

және басқа авторлардың зерттеуі бойынша (2008), көшбасшылық

мектепті

ұйымдастыру және оқушыларды оқыту сапасына елеулі ықпал етеді деген

тұжырым

жасауға болады. Шын мәнінде, дарынды көшбасшылық болмаған жағдайда

мектеп

өз оқушыларының оқу үлгерімі деңгейін табысты жоғарылатқан бірде-бір

құжаттама

тіркелмеген. Мұны көшбасшылық ұжымның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге

асырудың

катализаторы ретінде қызмет атқаратынымен түсіндіруге болады. Табысты

көшбасшылар

қалай әрекет етеді? Олар нені жақсырақ істей алады? Мұны Қазақстан

Республикасының

жалпы білім беретін ұйымдарында осы бағдарламаны дамыту үшін

қалай

пайдалануға болады?

Педагог

қызметкерлермен жұмыс. Мұғалім тәрбиелеу субъектісі ретінде

Тәрбиелеудегі

ең жоғары рөлді оқытушы атқарады, ол оқушыларға өзінің

өнегесімен

және сөйлеу мәдениетімен, сыпайылығымен және талапшылдығымен,

жүйелілігімен

және әділдігімен, қоршаған адамдарғмен қарым-қатынасымен жақсы үлгі

көрсетеді.

Өзінің оқушыларға қарым-қатынасымен, іс-әрекетімен және қылықтарымен ол

жақсы

мінез-құлықтың қалыптасуына, ықпал етіп, қамқорлық пен өзара сыйластық

ортасын

қалыптастырады.

Мұғалімдер  академиялық 

пәндерді  оқыту  арқылы 

негізгі  моральдық

құндылықтарды  қалыптастырып,  оқушылардың 

бойында  рухани-адамгершілік

қасиеттерді

дамытуға ықпал етеді. Педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдана отыра,

мұғалім

ұжымдаса жұмыс істеу дағдыларын дамытады, академиялық жауапкершілікті

тәрбиелейді

және оқуға ынтасын арттырады. Сыныпта демократиялық қарым-

қатынастарды

орнатады, олардың ережесі мен нормаларын барлық оқушылар ұстанады.

Оқылым,

жазылым, талқылау және пікірталас арқылы оқушылардың бойына

құндылықтарды

сіңіреді және тәрбиелейді, сондай-ақ оқушыларды дау-дамайларды әділ

және

бейбіт жолмен шешуге үйретеді. Кәсіби келеңсіздіктер мен қарым-қатынастағы

кедергілерді

айқындайды және тиімді шешеді.

20

Мектеп

қоғамдастықтары

Оқушылардың

өзін-өзі басқаруы оқушылардың қоғамдық белсенділігі пен

әлеуметтік

жауапкершілігін тәрбиелеу мен дамытудың маңызды нысаны және ықпалды

құралы

болып табылады.

Мектеп

қоғамдастығының мақсаты мектептің ахуалы жақсарту, қоғамдық маңызы

бар

құндылықтарды қалыптастыру, оқушыларды мектеп өміріне тарту, ынтымақтастық

рухын

дамыту, командада жұмыс істей білу дағдысын дамыту.

Тәрбие

жұмысына арналған шарттар

Тиімді

тәрбие жұмысын іске асыру үшін төмендегідей жағдайлар қамтамасыз

етілуі

қажет:

Мектепте қарым-қатынас аумақтарын ұйымдастыру: белсенділік және

қарым-қатынас

орталықтары, кітапханалардың жағдайларын жақсарту (топтық және

жеке

жұмыс аймақтары, медиатека, ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету);

Мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту: жабдықтау (спорт

залдары,

үйірме жұмыстарына арналған студиялар), ресурстар (сахналық костюмдер,

безендіру,

құралдар, шығыс материалы);

үйірмелерді мектептің негізгі кестесіне қосу, қосымша білім үшін уақыт

бөлу;

күн тәртібіне ертеңгілік жиынды енгізу (қарым-қатынас, жаңалықтармен

алмасу,

іс-шаралар жоспарын талқылау, жаңалықтарды оқу үшін 20 минут).

Психологиялық

қызмет жұмысын ұйымдастыру

Тәрбие

жұмысы оқушылардың психологиялық және физиологиялық жайлы

жағдайын  қамтамасыз 

ету,  ауыспалы  және 

жас  ерекшелігі  проблемаларын

(эмоционалдық,

әлеуметтік, психологиялық) еңсеруге көмектесу міндеттерін іске

асырады.

Психологиялық-педагогикалық  қызмет 

міндеттеріне  дербес  ерекшеліктер

диагностикасы,

мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ұсынымдарды дайындау,

психологиялық

тестілеуді және балалардың бастамасы бойынша жеке әңгімелесу, ата-

аналармен

және мұғалімдермен ынтымақтастық қарым-қатынас кіреді.

Жалпы

білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие істері жөніндегі

орынбасарының

рөлі:

тәрбие жұмысын жүргізу үшін жағымды ахуал қалыптастыру, барлық

оқушыларды

мектептің тәрбие үдерісіне жұмылдыру;

оқушылардың  бойында  сенімділік, 

жауапкершілік,  өзін-өзі  талдау,

жаңашылдық

пе белсенділікті тәрбиелеуге ұмтылу;

тәрбиелеудің дұрыс әдістерін ұстану және мектептен тыс шараларды

оқушылардың

дағдыларын дамыту үшін тиімді қолдану;

жеке, топтық, сыныптағы және мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыру,

басқару

және жоспарлау, белгіленген мақсаттарға сәйкес жоспарланған шараларды

жүргізу

үшін материалдарды, ресурстар мен қосалқы материалдарды тиімді пайдалану;

әріптестермен және оқушылармен қарым-қатынаста, нұсқаулар беруде,

маңызын

түсіндіруде және оқушыларды мадақтауда қарапайым, түсінікті тілді

пайдалану;

оқушыларды бақылау және тәрбие мәселелері бойынша кері байланыс

ұсыну.

Ата-аналармен

жұмыс нысанын өзгерту

Мектеп

тәрбие мақсаттарына жеке-дара қол жеткізе алмайды. Бұл өскелең

ұрпақты

тәрбиелеуде барлық мүдделі тараптардың: ата-аналардың, мектептің, жастар

21

ұйымдарының,

БАҚ-тың және тұтас қоғамның бірлескен жауапкершілігі болып

табылады.

Зерттеулер

ата-аналардың мектептегі тәрбие жұмыстарына қатыстырылуы мен

оқушылардың

жақсы жетістіктерінің арасындағы оң арақатынасты көрсетеді. Ата-

аналардың

мектеп ісіне қатысуы оқушылардың оқу үлгеріміне оң ықпал етіп, мектептегі

білім

беру ортасын жақсартады.

ОҚУ

ЖОСПАРЫ

Күн  Сабақ тақырыбы  Сабақ мазмұны 

Сағат

саны

1  Тәрбие 

ісінің

мазмұнын

жаңарту

1.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы

8  2.Тәрбие ісінің тұжырымдамалық негіздері.

Тәрбие  ісіндегі 

заманауи  үрдістер  мен

проблемалар

3.Тәрбие

әдіснамасы. Тәрбие құндылықтары,

қағидаттары

4.Тұлғаны  тәрбиелеу 

теориясы  (ұжымдағы

жұмыс,  оқу 

мен  тәрбиенің  сабақтастығы,

дағдыларды

қалыптастыру)

2  Назарбаев

Зияткерлік

мектептеріндегі

тәрбие

жұмысының

негізгі

тәсілдері

1.

Оқу мен тәрбиенің бірлігі. Жағымды мектеп

мәдениетін

(ахуалын) қалыптастыру

8  2. Қосымша білім  беруді 

ұйымдастыру.

Әлеуметтік  жобалар 

мен  іс-шараларды

ұйымдастыру.

Қоғамға қызмет ету. Спорт, өнер

3.

Ата-аналармен жұмыс. Мұғалім тәрбие нысаны

ретінде.  Оқушылармен 

жұмыс.  Мектеп

қоғамдастықтары

4.

Кураторлық қызмет жұмысын ұйымдастыру.

Психологиялық

қызмет жұмысын ұйымдастыру.

3  Назарбаев

Зияткерлік

мектептеріндегі

тәрбие

жұмысының

негізгі

бағыттары

1.

Патриоттық тәрбие

8

2.

Зияткерлік даму

3.

Адамгершілік тәрбие

4.

Көпмәдениетті даму

4  Тәрбие жұмысының

негізгі  бағыттары.

Мектептегі  оқушы

үні.  Оқушылардың

өзін-өзі

басқаруы

1.

Көркемдік-эстетикалық тәрбие

8

2.

Физикалық және психологиялық даму

3.

Көшбасшылық қасиеттерді дамыту

4.

Бөлінген көшбасшылық. «Шаңырақ» мектеп

қоғамдастығын

құру. Мектептің ішкі тәртібі

5  Мектептің 

тәрбие

жұмысын

жоспарлау

1.

Мектептің тәрбие жұмысын жоспарлау. Топтық

жұмыс

(талқылау).  8

2.

Тәрбие жұмысы жоспарларының бейімделген

моделі

3.

Жоспарларды түзету және соңғы нұсқасын

бекіту

Барлығы:

40

Ескерту:

1 академиялық сағат – 45 минут

22

 

Просмотров: 786


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст