"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ТРОИЦКОЕ  АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ  
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ТРОИЦКОЕ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Терроризм дегеніміз не?

23.02.2017

 "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық

жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын

сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан

болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни

азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі.    Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген

мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.

Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды

басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады.

 Терроризм актісі жөніндегі жалған хабар ауыр

қылмыс жасағанмен бірдей нәрсе Атын естіген кезде-ақ кез келген адамды селт

еткізер осынау «терроризм» ұғымының біздің елімізде де қазір көрініс таба

бастағаны көңілге қаяу түсіреді. Қазіргі таңда терроризмнің алдын алып,

қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Орын алған немесе дайындалып жатқан терроризм актісі жөнінде белгілі болған

жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар беру әрбіріміздің азаматтық

міндетіміз болса, ал ол жөнінде жалған хабар беру – қылмыс, сондықтан ол заңмен

жазаланады.  Кейінгі кезде жер-жерлерде

терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беруші азаматтардың көбейіп,

осындай хабарламаларға, жедел жәрдем, жедел қызмет көрсету және құқық қорғау

органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылып, өндірістік кәсіпорындар, білім

беру, денсаулық сақтау және басқа да ұйымдардың жұмыс жасауы уақытша

тоқтатылып, ұшақтар мен пойыздардың жүру кестелері бұзылып, нәтижесінде

мемлекет және өзге де ұйымдардың қоржынына айтарлықтай шығындар келіп жатады.  Оған қоса, қоғамның шырқы бұзылып,

халықтың арасында үрей туғызар дүрбелең жағдайы тағы бар. Ондай келеңсіз оқиғалардың бірі, 2011

жылдың аяғында орын алған.  

 Атап

айтсақ, 03.01.2012 жылы Қарағанды облыстық ІІД-нен  Қызылорда облыстық

ІІД-не Теміртау қаласы, Димитрова көшесі, №34 үй, 8 пәтер тұрғыны, №2 қазақ

орта мектебінің 2 «а» сынып оқушысы Батан Ерасылдың ұялы телефонына белгісіз ер

азамат жасырын нөмірімен қоңырау соғып, олар тұрып жатқан үйді жаратындығын

хабарлағаны жайлы бағыттама түскен. 2012 жылдың 18 қаңтарында «Қазақстан

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының №

547-IV Заңы қабылданып, онда ҚК-нің 242 бабының санкциясында, яғни дайындалып

жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны үшін «екi жүзден бес

жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға

дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас

бостандығынан айыруға жазаланады» – деп белгіленген. 

 Сонымен

бірге, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша құқық қорғау

мен уәкілетті органдардың оқиға болған орынға барумен кеткен барлық шығыны

заңсыз іс-әрекетімен кінәлі болып танылған тұлғадан өндіріледі. 

Сондықтан, әрбір азаматтың жат қылықтан аулақ

болып, орынсыз қалжыңға бой алдырмай, ол үшін қатаң жауапкершілігін сезінгені

абзал.

Просмотров: 858


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст